3.1.4. Талдануға алынған зат мөлшерін есептеу
Талданатын заттың массасын есептеу үшін тұндыру және жоғары температурада қыздыру реакцияларының стехиометриялық коэффицентін және
тұнбанын түрін анықтау қажет. Егер кристалды тұнба түзілсе, онда өлшенетін формаға үсынылатын масса - 0,5г, егер тұнба аморфты болса, онда өлшенетін формаға ұсынылатын масса 0,1г.
Мысал: Егер аммиактың әсерінен тұнбаға түсу кезінде құрылысы Ғе203 болатын аморфты түнба түзілсе, темірді анықтау үшін керекті Ғе(NО3)39Н20 анализденетін заттың массасын есепте.
Шешуі:
Fe(NO3)39H2O + 3(NH4)OH Fe(OH)3 + 3NH4NO3 + 9H2O
анализденетін тұнбаға тұнбаға түсу
зат түсіргіш формасы
2Fe(OH)3 Fe2O3 + 3H2O
өлшенетін
форма
Келесі өзгерістің схемасы:
2Fe(NO3)3 9Н20 2Fe(ОH )3 Fe2О3
Аморфты тұнбаға болғандықтан K=0,1
n (Ғе(NО3)3 9Н2О) = 2n(Ғе2О3) = 20,00063 = 0,00126 моль
m(Ғе(NО3)39H2О)=n(Ғe(NО3)39H2О)М(Fe(NO3)39Н2O)=0,00126 моль403,8 г/моль = 0,5088г.
Есептеу формуласын жалпы түрде жазуға болады:
m(анализденетін зат) =
мұнда p, q – стехиометриялық коэффициенттер.
Берілген мысал үшін формула бойынша есептеу жүргізейік. р = 2, q =1, к=0,1 болғандықтан:
Достарыңызбен бөлісу: |