Электроанализ әдісі электр тоғының әсерінен заттың химиялық ыдырауына негізделген. Бұлардың сандық байланысы Фарадеймен өрнектеліп, заң ретінде тұжырымдалған:
Электролиз нәтижесінде ерітіндіден өткен тоқтың мәні электролиз кезінде бөлінген заттың массасына пропорционал.
Ерітіндіден бірдей мөлшерде электр тогы өтсе, электродта бірдей эквиваленттік мөлшерде зат бөлінеді.
Оны математикалық формула ретінде былай өрнектейміз.
m = (21)
мұндағы, m – электролиз кезінде бөлінген зат массасы, г;
Q – ток мөлшері;
MЭ – анықталатын заттың эквиваленттік молярлық массасы;
F – Фарадей саны, 96500 Кл /моль.
Q = I t, (22)
мұндағы, I – ток күші;
t – электролиз уақыты.
Электродта жүретін реакцияға байланысты екі түрге бөлінеді: электрогравиметрия және кулонометрия.
Электрогравиметрия - ерітіндінің құрамынан тұрақты ток өткен кездегі қатты заттың бөлінуіне негізделген. Аналитикалық сигнал ретінде бөлінген заттың массасы алынады.
Кулонометрия - мұнда анықталатын зат электродта қатты зат ретінде бөлінбейді. Аналитикалық сигнал ретінде ерітіндіден өткен ток мөлшері алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |