2.6.8. Жеміс шірінділеріндегі аскорбин қышқылының мөлшерін анықтау
Аскорбин қышқылының мөлшерін анықтау үшін кері титірлеу тәсілін қолданады:
C6H8O6 + I2 = 2HI + C6H6O6
аскорбин қ –ы дегидроаскарбин қ –ы
Әрекеттеспей қалған иодты (артық мөлшерін) натрий тиосульфатымен титірлейді, аскарбин қышқылының M(C6H8O6) = 88г/моль,
Конусты колбаға бюреткадан 40,00мл жеміс шырынын құяды, оған 4мл 6М күкірт қышқылын және бюреткадан 20,00мл 0,02H I2 ерітіндісін қосады. Колбаны шынымен жабады да 3 –5мин қараңғы жерге қояды , кейін артық иодты 0,02H натрий тиосульфатымен титірлейді, индикатор ретінде крахмалды қолданады.
Көрсетілген жағдайда басқа тотықсыздандырғыштар (мысалы, глюкоза ) иодпен әрекеттеспейді. Тәжірибенің нәтижесінің 100мл жеміс шырындағы аскарбин қышқылының мөлшерін анықтайды:
(C6H8O6)
мұндағы, Cэ (I2) – Иод ерітінділерінің эквиваленттік молярлық концентрациясы, моль/л;
V(I2) – анықталатын жеміс шырынына қосылған иод ерітіндісінің көлемі,мл
CЭ (Na2S2O2) – тиосульфат натрийдың эквиваленттік молярлы концентрациясы, моль/л;
V(Na2S2O2)- артық иодты титірлеуге кеткен тиосульфат татрий ерітіндісінің көлемі,мл
MЭ (С6H8O6) – аскарбин қышқылының эквиваленттік молярлы массасы, г/моль.
VC – анықтауға алынған жеміс шырынының көлемі,мл.
Достарыңызбен бөлісу: |