Жексенбай н


Оптикалық анализ әдістері . Адсорбциялық спектроскопия



бет66/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

2.7.1. Оптикалық анализ әдістері . Адсорбциялық спектроскопия


Оптикалық анализдеу әдістері электромагниттік сәулелердің анализденуші ерітіндінің компоненттерімен өзара әсерлесуіне негізделген. әсерлесуден, анықталушы заттың концентрациясына тәуелді жарықағынының бағыты, интенсивтілігі және тағы басқа мінездемелері өзгеруі мүмкін.
Ішкі әсерлер болмаған кезде атомдар негізінен аз энергиялы болады. Сырттан энергия алған кезде электрон жылдамдығы артады, атом қозады. Электронның қозған күйге ауысу үшін қанша мөлшерде энергия қажет екендігіне байланысты спектроскопияны корінетін (фотометрия), ультракүлгін (спектрофотометрия), инфрақызыл (ИҚ- спектроскопия) электромагниттік сәулеленуді мынадай облыстарға бөледі.

Барлық көрсетілген әдістердің негізінде ерітіндінің сіңірілген электромангниттік сәленің мөлшері Бугер – Ламберт – Бер жарық жұту заңына байланысты жұтылушы бөліктер концентрациясына және қабаттың қалыңдығына тура пропорционал. Бұл заңды математикалық өрнекпен былай көрсетеді:

It = I0 – 10-Ecl
мұндағы, It – ағын (поток) интенсивтілігі, ерітінді арқылы өткендегі.

I0- түске жарық интенсивтілігі

С – ерітінді концентрациясы

E жұтудың молярлы коэфиценті

l – қабат қалыңдығы

Іс жүзінде электромагниттік сәулелердің интенсивтілігінен өлшеуге ғана болады. Содықтан түсуші және өтуші сәуле қатынасының логарифіміне тең. Оптикалық тығыздық аналитикалық сигнал болып табылады:


A= lg I0| It = Ecl
Оптикалық тығыздықтың концентрациясына байланысты тұрғызылған бұл кескін аналитикалық мақсаттар үшін мәні зор координата басынан шығатын түзумен сипатталады. Бірақ сызықтық тәуелділік әр уақытта байқалмайды. Яғни Бугер – Ламберт – Бер заңының аналитикалық практикада орындалуына ауытқулар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет