2.7. Физико-химиялық талдау әдістері.
Физико – химиялық әдістерінің негізінде зат атомдарының ішкі электрондарының әртүрлі энергия түрлерімен әсерлесуі жатыр, осы әрекеттесу негізінде пайда болатын аналитикалық сигналды (оптикалық тығыздықты, ЭҚК, ток шегін және т. б. ) прибордың көмегімен өлшейді.
Аналитикалық сигналдың табиғатына байланысты оптикалық электрохимиялық және хромотографиялық анализдеу әдістеріне бөледі.
Тікелей өлшеу әдісі
Тікелей өлшеу әдісінде мөлшерлік нәтижені анықтау қажетті шарт болып табылатын аналитикалық сигналдың концентрацияға тура пропорционалдық тәуелділігін пайдаланады. Осы тәуелділікті жалпы түрде былай көрсетуге болады: I = K. C мұндағы I – аналитикалық сигналдың интенсивтілігі, с – анықталатынзат конценрациясы. к- тұрақтылық (константа), анализ өткізу жағдайының тұрақтысы. Тәжірибеде физико – химиялық анализдеу әдісінің белгісіз компоненттердің (заттардың) мөлшерін табуға бірнеше тәсілдер қолданылады.
а) Градуирленген графиктік әдіс. Бұл әдіс бойынша концентрациясы белгілі 5 – 7 стандарты ерітіндінің аналитикалық сигналын өлшейді. Алынған өлшемдерге сүйене отырып I = f(c) координатасы арқылы график сызады. Сонда аналитикалық сигналдың интенсивтігін y – осіне, ал коцентрациясын Х – осіне қалдырады. Содан кейін осы қойылған шарттар бойынша анықталатын аналитикалық сигналын өлшейді және градуирленген график арқылы суретте көрсетілгендей белгісіз концентрацияларды табады.
I ,В
С,моль/л
б) Молярлық қасиет әдісі. Бұл әдісті қолдана отырып бірнеше стандарты ерітіндінің (3 – жеткілікті) аналитикалық сигналын өлшейді, аналитикалық сигналдың интенсивтіліг I моль затқа пропорционал болғандағы константаның орташа мәнін есептейді.
К1=I1/C1; К=12/С2; К=13/С3; К=К1+К2+К3/3
Содан кейін анализдеуші ерітіндінің аналитикалық сигналын өлшейді және оның концентрациясын есептейді.
С(х) =I(х)/К (30)
Достарыңызбен бөлісу: |