Жексенбай н


Аналитикалық сигналды өлшеу



бет69/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Аналитикалық сигналды өлшеу

Стандартты ерітінді тобынан қою бояулы ерітінді таңдап аламыз. Үшінші кюветкаға ерітіндіні құйып, сыртын сүзгіш қағазбен сүртіп, приборға орналастырамыз.

Прибормен (ФЭК-56м) жұмыс істеу ережесі бойынша салыстырмалы дистилденген судың қызыл, сары және жасыл жарық сүзгіш ретімен оптикалық тығыздығын өлшеп, мәліметтерді кестеге толтырады:


жарық сүзгіш

қызыл =690нм

сары =580нм

жасыл =540нм

жарық сіңіруі, А





















Жарық сіңіргіштігі жоғары сүзгішті . тандап алады. Келесі өлшеулерді тек осы жарық сүзгішпен жасайды.

Стандартты ерітінділер тобын фотометрлеуді әлсіз боялған ерітіндіден бастау керек. Кюветаны дистилденген сумен жуып, жұмыс ерітіндісімен шайып, белгісіне дейін толтырып, қабырғасын сүзгіш қағазбен сүртіп, приборға орналастырылғаннан кейін, оның жарық сіңіргіштігін өлшейді. Дәл осы жолмен жұмыс ерітінділері мен құрамы белгісіз ерітінді фотометрленеді.


Стандартты Ғе(III) тұзы,

Ғе(III), мл



0,5

1,0

1,5

2,0

2,5

3,0

х

С (Ғе (ІІІ)), моль/л






















Жарық сіңіруі, А






















Тәжірибе нәтижелерінің қорытындыларын есептеу

1) Химиялық реакциялар тендеуін молекулалық жене иондық түрде жазу керек.

2) Оптикалық тығыздықтың толқын ұзындығына байланысты графигін құрып, жарық сүзгішті таңдауды түсіндіру.

3) Әрбір стандартты ерітінді үшін темірдің (III) концентрациясын есептеп, таблицаға толтыру керек. Бұл үшін мына формуланы қолданады.



мұндағы, T(Fе3+) – темір (III) түзының стандартты ерітіндісінің титрі, г/мл; Vk - өлшеуіш колба көлемі, мл;

Мэ(Ғе3+) – темір (III) эквивалентінің мольдік массасы, г/моль;

Vаl – стандартты ерітіндінің аликвотты бөлігінің көлемі, мл.

Жарық сіңіргіштіктің концентрациясына байланысты графигін А = f (с) тұргызады. Бұл үшін қажетті нүктелерді тауып, оларды координата басынан түзу сызықпен қосады. Содан кейін, құрамы белгісіз ерітіндінің жарық сіңіргіштігін біле отырып, градуирлеу графигінен анықталатын ерітіндінің концентрациясын табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет