Титриметриялау әдісі титрлеуге негізделген. Онда белгілі көлемдегі талданылатын зат ерітіндісіне кіші мөлшердегі бөлігіне, мысалы 10 мл белгілі таралымдағы ерітіндіні қалыпты ерітінді шағын, сыбағалы өлшеммен қосады. Титрлеу соңын индикатор көмегімен анықтап, титрлеуге кеткен титрант көлемін табады. Бқл мәліметтерді, эквиваленттік заңына сәйкес, талданылатын ерітінді таралымын есептеу үшін пайдаланады:
Сэ(т. з. )Vт. з. = Сэ(титр) V(титр)
мұндағы, Сэ(т. з. ) – табуға қажетті, талданылатын заттағы анықталатын құрамдастың, эквивалентті молярлық таралымы, моль/л.
Vт. з. – титрлеу үшін алынған, талданылатын ерітінді бөлігінің көлемі, оны пипетка – тамызғышпен алады, мл.
Сэ(титр – титрант эквивалентінің қалыпты ерітінді молярлық таралымы, моль/л.
V(титр) - титрлеуге кеткен, титрант көлемі, оны бюретка бойынша өлшейді, мл.
Достарыңызбен бөлісу: |