Жексенбай н


Зертханалық химиялық ыдыстар және құралдар



бет29/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

2.5. Зертханалық химиялық ыдыстар және құралдар


Аналитикалық лабораторияда қолданатын химиялық ыдыстарды жуықтап екі топқа бөлуге болады: жалпы қолданылатын ыдыстар және арнайы арналған ыдыстар.

Жалпы қолданылатын ыдыстарға лабораториялық жұмыстар оларсыз орындалмайтын кез-келген уақытта болатын ыдыстар жатады. Олар: пробиркалар, стакандар, колбалар, воронкалар т. б.

Арнайы арналған ыдыстарға өлшеуіш ыдыстар, өлшеуіш цилиндрлар, пипеткалар, бюреткалар т. б. жатады.

Бюреткалар (12-сурет) – құйылатын ерітінділердің көлемін өлшеуге арналған өлшеуіштер. Бюреткалар шыны ағытқышпен және ағытқышсыз болады. Көбінесе 25 және 50 мл бюреткалар қолданады. Бюреткалардың бөлімдері миллилитрге және оның ондық мөлшеріне сәйкес келеді. Лабораториялық тәжірибелерде бюреткаларды титрлеу үшін қолданады. Титрлеу процесін жүргізу үшін штативке орнықтырады (12 сурет).



а) Мора қышқышымен; б) кранмен; в) микробюретка; г) титрлеу үшін бюретканы орнықтыратын штатив.


Сурет 12 - Бюреткалар:


Сурет 13 - Шыны бюкстер қақпағы бар, сұйық және қатты денелерді өлшеуге, сақтауға арналған


Жай аяғы ұзын воронкалар (а) сұйықтарды құюуға, фильтрлеуге арналған, ал аяғы жалпақ қысқа болып келетін воронкалар (б) порошок тәріздес заттарды салуға арналған. араласпайтын сұйықтарды бөлу (в) қолданады, оның түрі қабырғасы қалың цилиндр тәрізді аяғында краны бар, жоғарғы үшін өлшеуіш во-ронкаларды жағы жабылады.



Сурет 14 - шыны воронкалар: а) аяғы ұзын; б) аяғы қысқа жалпақ в) бөлгіш воронка


Сурет 15 - Тамшылатқыш
Тамшылатқыш (сурет 15) көбінесе индикаторларды сақтауға және сұйық заттарды тамшылатып өлшеуге арналған.


Сурет 16 - Эрленмейердің конус тәріздес колбалары.


Эрленмейердің конус тәріздес колбалары (16-сурет). Көбінесе титрлеу үшін қолданылады, олардың көлемі әр түрлі болып келеді. Қыздырғанда асбесті торға қойып немесе су моншасына салады (водяная баня).



Сурет 17 - Өлшеуіш колбалар.

өлшеуіш колбалар (17-сурет) концентрациясы дәл анықталған ерітінділерді дайындау үшін қолданылады. олардың мойындары ұзартылған, онда мөлшерді көрсететін дөңгелек сызықша бар. өлшеуіш колбаның бюреткамен пипеткадан айырмашылығы оған белгілі бір көлемдегі анықталатын ерітінді құйылады. сандық анализде 50; 100; 200; 250; 500; 1000; 2000 мл колбалар жиі пайдаланылады.

а б


а) дөңгелек табанды; б) жайпақ табанды

Сурет 18- Химиялық колбалар


Химиялық колбалар (18 сурет) дөңгелек және жайпақ табанды болып келеді. Жайпақ табанды аналитикалық тәжірибеде көп қолданады. Оны сұйық реактивтерді және ерітінділерді сақтау үшін, сонымен қатар титрлеу процестерінде көп қолданылады. Дөңгелек табанды колбаларда сұйықтарды және ерітінділерді қыздырады.

К өбінесе (19 сурет) цилиндрлі және конусты шыны пробиркаларды қолданады, олардың көлемі 2 – 5 мл. Цилиндр тәріздес пробиркаларды сапалық реакцияларды жасауға, ал конусты пробиркаларды тұнба түсіру үшін (иондарды бөлгенде және центрифугада ерітінділерден тұнбаны ажыратқанда) қолданылады.



а) конусты; б) дөңгелек табанды

Сурет 19 - Пробиркалар




Жай пипеткалар (20 сурет) ұзындығы 25 – 45 мл диаметрі 4 – 5 мм шыны трубка. Бас жағына резинадан жасалған балон үгілген, төменгі жағы сүйірленген ұзынша келеді. Мұндай пипеткалар ерітінділердің пробаларын алу, тұнбаны ерітіндіден бөлу үшін қолданады. Бұл үшін кәдімгі медициналық пипеткалар жарайды





а) резина баллонды капиллярлы пипеткалар б) реактивтерді қосқандағы пипетканы қолдану в) ерітнідіні тұнбадан бөлу

Сурет 20 - жай пробиркалар





Фарфор ыдыстары (21 сурет) сұйықты буландыруға (стакандар, чашкалар), ерітініділерді сүзуге (воронка), затты майдалауға (пестикті ұрғыш), қақтауға (тигель) қолданады



а) стакандар; б) сұйықты буландыратын чашка; в) фильтрлейтін тор;

г) пестикті ұрғыш; д) тигель; е) воронка

Сурет 21 - Фарфор ыдыстары





Жуғышты (22-сурет) ыдыстарды лабораторияда шайқауға, тұнбаны жууға, ерітіндіге дистелденген суды қосуға қолданады.


Сурет 22 - Жуғыш



а б в г д е
а) Мор пипеткасы; б) градуирленген пипетка; в) микропипетка; г) өлшеуіш пипетканың штативі; д) Мор пипеткасының сұйықпен толтыру; е) сұйықты өлшеп алу.

Сурет 23 - Өлшеуіш пипеткалар (градуирленген пипеткалар және Мор пипеткалары):


Өлшейтін пипетканың (23-сурет) жіңішке жоғарғы бөлігінде арнайы белгі бар. Пипетканы сұйықпен ерітіндінің дәл көлемін алу үшін қолданады. Ол үшін пипетканың ұзартылған төменгі жағын ерітіндіге немесе сұйыққа толығымен батырып, жоғарғы жағынан грушамен белгісінен 2 – 3 мм жоғары етіп тартып алады да пипетканың жоғарғы жағын ұзын саусақпен басып жауып оны тез ерітіндіден шығарып алады. Содан соң ұзын саусағынды қозғалтып пипетканың белгісіне дейін ерітіндіні ағызады. Толған пипетканың ішіндегі ерітіндіні басқа ыдысқа ағызып алады. Лабораторияда көбінесе 10, 20, 25, 50 мл Мор пипеткасын көп қолданады.

1) штатив; 2) муфты; 3) сақина; 4) лопатка.

Сурет 24 - Металдан жасалған штатив (муфты, сақина, лопатка):
Мұнда муфтың, лопатканың, сақинанының көмегімен колбаларды, воронкаларды және басқа да ыдыстарды штативке орнықтырады.


Ұстағыш қайшылар ыстық муфельді және кептіргіш пештерден тигельдерді, стакандарды шығару үшін қолданады

Сурет 25 - Ұстағыш қайшылар.




Сурет 26 -Ерітінділерді шыны воронкаларда сүзу қондырғысы.


Штативте шыны воронка ұстатылады, оның астына шыны стакан қойып, воронкаға сүзгіш қағазды орнықтырады.


шыны таяқшалар ерітінділерді араластыру үшін қолданады, оның диаметрі 4мм, ұзындығы 15-20 см болады. төменгі ұшы дөңгелектелген немесе кейде түтікше резинаны кигізеді.

Сурет 27 - шыны таяқшалар.



Оларды ерітінділердің концентрацияларын жуық шамамен дайындағанда өлшеп құю үшін қолданады.

Сурет 28 -өлшегіш цилиндрлар



а) жай; б) вакуумды

Сурет 29 - эксикаторлар


Эксикаторлардың қабырғасы қалың шыныдан жасалған, ол қатты заттарды кептіруге арналған. Жай және вакуумды болады. Вакуумдыда қақпағында тубус болады, оған резина пробкасы арқылы кран орнықтырады. Ол трубканы манометр арқылы су ағысы бар насосқа қосады, сонда эксикаторда вакуум пайда болады. Тазартатын зат ретінде кальций хлоридін, магний сульфатын қолданады.

а) ерітінді бар стакан; б) пластмассамен қапталған темір стержені; в) араластырғыштың корпусы

Сурет 30 - Магнитті араластырғыш
Магнитті араластырғыш түбі жалпақ ыдыстарға құйылған аз көлемдегі ерітінділерді араластыруға арналған. Ерітінді құйылған ыдыстың түбіне сырты шынымен немесе полиэтиленмен қапталған темір стержен салып, оны айналатын магниттің көмегімен айналдыру арқылы ерітіндіні араластырады. Кейбір магнитті араластырғыштар қыздырғыш ретінде қолданады.

Сурет 31 - муфельді электр пеші.


Муфелді электр пеші тұнбаларды қақтауға арналған. Пештің температурасы 800-12000- ға дейін және жоғары болады. оны тоқ көзіне реостат арқылы қосады, ол температураны реттеуге мүмкіндік береді. Негізінде пештің температурасы автоматты түрде реттеледі.

1) термометрдің ұяшығы; 2) температураны реттегіш; 3) шкафты электр көзіне қосатын тумблер; 4) индикаторлы лампочка.

Сурет 32 - Электрлі кептіргіш шкаф
Бұл кептіргіш реактивтерді, тұнбаларды, химиялық ыдыстарды кептіруге арналған. Шкафта терморегулятор бар, ол пештің температурасын қажетті мөлшерде ұстап тұруға негізделген. Температура термометр арқылы тексеріледі және реттеліп тұрады.

Таразылар және олар туралы жалпы түсініктемелер.

Таразылар заттардың массасын есептеуге арналған. Талап ететін дәлдікке байланысты техникалық, технохимиялық, аналитикалық таразы болып бөлінеді.


1) иілгіш; 2) сергалар; 3) теңестіретін гайкалар; 4) стремена; 5) стрелка;

6) салмақ; 7) тарелка; 8) орнықтыратын винттар; 9) арретир.

Сурет 33 - Лабораториялық технохимиялық таразы Т-200:
Технохимиялық таразылардың қателігі ±0,01 грамм оң килограммға дейін. Таразының дәлдігін орнататын негізгі бөлшектері арретир және теңестіретін құрылысы болып саналады. Таразымен бірге гирлер болады. Гирлердің салмағы әртүрлі 10мг-500г дейін.

1) тарелка; 2) экран; 3) терезе; 4) тұтқа; 5) алдындағы панель; 6) нөлге келтіретін тұтқа; 7) гирдің тұтқасы; 8) аяғын орнықтыратын винт; 9) көрсеткіш белгі; 10) тумблер.

Сурет 34 - Төртбұрышты таразы ВЛК – 500г – М:
Төртбұрышты таразы ВЛК – 500г – М өте ыңғайлы, жылдам және дәл өлшеуге мүмкіндік беретін таразы.

1) рычаг жүйесі; 2) кіші лимб; 3) үлкен лимб; 4) таразының стрелкасы; 5) жарық экраны; 6) таразының тарелкалары; 7) орнықтыратын винттер; 8) регулировка жасайтын винт; 9) арретир; 10) астыңғы тақтай; 11) демпферлер; 12) сол жақтағы есік.

Сурет 35 - Аналитикалық таразы АДФ – 200
Аналитикалық демпферлі таразы АДФ – 200. Ең жоғарғы салмағы 200г. Таразы тақтайда бекітілген, шаңнан қорғайтын және ауа қозғалтпайтын футлярда орналастырылған. Өлшеуді тездету үшін таразыға демпферлер және есікті ашпай гирлерді қозғайтын арнайы қондырғылар жасалған.

Демпферлер – иілгішті тез тұрақтандыруға арналған құрылым.



1) таразының тарелкалары; 2) негізі; 3) демпферлер; 4) 7, 8, 10, 14 – тұтқалар; 5) призмалар; 6) сергілер; 9) экран; 11) винттер; 12) стрелкалар; 13) шкала.

Сурет 36 - ВЛР – 200 аналитикалық таразының негізгі бөліктері
Ең жоғарғы салмағы 200г. Мұның негізгі бөліктері АДФ – 200 бөліктерімен бірдей.

1) қақпақ; 2) кнопка;

3) лимбылар; 4) есік; 5) арретир; 6) жарық экраны.

Сурет 37 - ВАО – 200 аналитикалық таразысының жалпы түрі

Заттарды және гирлерді тарелканың ортасына қояды. Ыстық заттарды өлшеуге болмайды. Гирлерді пинцетпен ұстайды, столға қоймайды 37-сурет

Ең жоғарғы салмағы 200 г. Ілулі тұрған гирлерді түсіретін массасын теңестіру арқылы өлшейді.

Дұрыс нәтиже алу үшін өлшеген кезде бірқатар талаптарға сүйену қажет.

Өлшер алдында таразыны тексеріп нөлдік нүктесін орнықтырады.

Өлшенетін затты және гирлерді арретирлер түсіп тұрғанда алады және бірден футлярға салады.

Ылғалды және ылас заттарды өлшеуге болмайды. Ұсақ заттарды таразының тарелкасына салмайды және қағазда өлшеуге болмайды. Өлшенетін зат стаканда, бюксте немесе шыныда болу керек. Бу шығаратын заттарды жабық бюксте ғана өлшейді.

Заттарды өлшеген кезде тек бір таразыны және бір гирлерді қолдану керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет