2.2. Химиялық реактивтер және олардың түрлері.
Аналитикалық талдау жүргізу үшін таза реактивтерді қолдану керек. Құрамындағы қоспаларға қарай реактивтер бірнеше топқа бөлінеді:
химиялық таза (х. т. ) - қоспаның құрамы 0,05% - дан кем;
анализ үшін таза (а. ү. т. ) – қоспаның құрамы 0,1% - дан кем;
таза (т. ) – қоспаның құрамы 1,0-0,1%;
тазартылған (тзт. ) және техникалық (тех. ).
Соңғы кезде химиялық анализдің қателерін азайту үшін өте таза (ө. т. ) және жоғары тазартылған (ж. т. ) реактивтер қолданады.
Қоспалардың құрамының мөлшері ГОСТ-қа сәйкес келу керек және ыдыстың этикеткасында көрсетіліп тұрады.
Белгісіз және дұрыс жазылмаған реактивтерді қолданбау керек. Мүмкіндігінше бір партиямен келген реактивтерді қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |