Кондуктометрия әдісі ерітіндінің электрөткізгіштігін өлшеуге негізделген. Электрөткізгіштік дегеніміз заттың бойынан электртоғын өткізу қабілеті. Ол электр кедергісіне (R) кері шама , өлшем бірлігі сыртқы Ом-1 немесе Сименс (Си).
Мұнда аналитикалық сигнал ретінде электрөткізгіштікті алады. Электроөткізгіштің екі түрі бар: меншікті және эквивалентті электр өткізгіштік. Бұлардың математикалық өрнектелуін былай жазуға болады:
, (25)
мұндағы, - меншікті электроөткізгіштік (1/Омсм = Ом/см);
СЭ – молярлы концентрацияның эквиваленті (моль/л);
= эквивалентті электрөткізгіштік (Ом/сммоль).
- бұл иондардың қозғалғыштық жылдамдығына немесе шектелген меншікті электрөткізгіштікке байланысты. Сондықтан 0 + ; 0 (+) + (-) UV, мұндағы U FU0 – катион жылдамдығы, V FV0 – анион жылдамдығы.
Аналитикалық химияда кондуктометриялық титрлеу кеңінен қолданылады.
Бұл әдісте титрантты қосып отырып титрленетін ерітіндінің электрөткізгіштігін өлшейді. Титрлеген кезде эквиваленттік нүктеге жеткенде электрөткізгіштің мәні күрт өзгереді. Талдаудың нәтижесінде F(V) қисық тұрғызамыз. Титрлеу кезінде жүретін химиялық реакцияға байланысты титрлеу қисығы әртүрлі болады:
а е, смсм-1 ае, смсм-1 ае, смсм-1
э. н. V, мл э. н. V, мл э. н. V, мл
Сурет 10 - кондуктометриялық титрлеу қисықтары
Электрөткізгіштің кемуі немесе азаюы иондардың қозғалғыштығымен () түсіндіріледі. Мысалы, NaOH – ты HCl ерітіндісімен титрлегенде сілтінің концентрациясы эквиваленттік нүктеге дейін кеміп электрөткізгіштік азаяды.
Қозғалғыш ион ОН- ( 200) аздиссоцияланатын Н2О қосылысымен байланысады.
Na+ + OH- + H+ + Cl- Na+ + Cl- + Н2О
OH- + H+ Н2О
Ары қарай қышқылды қоса берсек электрөткізгіштік күрт өседі, себебі сутегі ионы көбейеді оның қозғалғыштығы жоғары ( 350). Na+ мен Cl- иондарының қозғалғыштығы 50, 65 тең, сондықтан ол тез өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |