Тақырып 15. Хроматография. Хроматографиялық әдістін теориялық негіздер
Хроматографиялық анализ бір заттың екінші затқа сіңірілуіне негізделген. Бұл жерде қозғалатын және қозғалмайтын фазалар болады. Қозғалатын фаза сұйық және газ тәріздес болады, қозғалмайтын фаза қатты дене.
Жұтылған заттың мөлшері концентрацияға байланысты адсорбциялық изотермамен көрсетіледі.
n
Генри аймағы С
Сурет 11 - адсорбциялық изотерма
Бұны математикалық тұрде былай өрнектеледі:
n = n (26)
мұндағы, n – жұтылған заттың мөлшері, моль, моль;
n - берілген адсорбентке анықталатын заттың максималды жұтылу мәні, моль; в – тұрақты мән; с – талданатын заттың концентрациясы, моль/л.
Концентрация жоғарыламаған кезде адсорбция изотермасы түзу болуы аналитикада өте маңызды. Яғни вс1 болса, онда Лэнгмюра теңдеуі адсорбциялық түзу теңдеуге айналады, сонда n = n вс Г с, мұндағы Г – Генри коэффициенті. Адсорбцияның түзу сызықты аймағы Генри аймағы деп аталады.
Хроматография әдісінің қолданатын тәсіліне қарай колонкалы, жазықты, ал фазаның алмасуына қатысты фронталды, шығару, заттың жұтылу механизміне байланысты адсорбциялы, ионалмасу т. б. топтарға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |