Тақырып 11. Электрохимиялық талдау әдістері. Тура потенциометрия және потенциометриялық титрлеу.
Бұл әдіс электр қозғаушы күшті (ЭҚК) өлшеуге негізделген:
ЕЕ 1 – Е2, мұндағы Е – ЭҚК, Е 1,Е2 – зерттелетін тізбектің электродтық потенциалдары. Электрод ретінде индикаторлы электрод және салыстырмалы электродты қолданады. Индикаторлыэлектродтың потенциалының анықталатын ионның концентрациясына байланысын Нернст теңдеуімен өрнектейді:
ЕЕ0 + (20)
мұндағы, Е – нақты электрод потенциалы, Е0 – стандартты электродты потенциал, R – газ тұрақтысы (8,314Дж/град) Т – абсолюттік температура (2730 К), F – фарадей саны (96500 Кл) n – электрон саны СТТ, СТЗ - ТТ пен ТЗ – тың концентрациясы.
Потенциометриялық әдістің тура және потенциометриялық титрлеу тәсілдері бар.
Тура потенциометриялық титрлеу - әдісі электродтың потенциалдық мәнін дәл өлшеуге және Нернст теңдеуі бойынша электродтағы реакцияның концентрациясын есептеуге негізделген. Бұл әдіспен судағы сутегі катионының концентрациясын яғни рН – ты. Сонымен бірге буферлі ерітінділерді зерттеу үшін қолданады.
Потенциометриялық титрлеу (жанама потенциометрия) потенциометриялық өлшеудің нәтижесінде эквиваленттік нүктені анықтауға негізделген ЕF(V) байланысы арқылы потенциометрилық титрлеудің қисығын тұрғызуға болады.
Е,В Еэ. н.
Э. Н. V, мл Э. Н. V, мл
Потенциометриялық өлшеуді жүргізу үшін екі электрод бөлу керек: Салыстырмалы электрод және индикаторлы электрод. Индикаторлы электрод ретінде 1 – ші родты электродтар қолдаылады. Оған шыны электроды жатады. Салыстырмалы электродқа II – ші рядты электродтар күмісхлорлы электрод қолданады.
Потенциометриялық титрлеудің ерекшеліктері:
Бұл әдісте химиялық реакцияның төрт түріде қолданылады:
қышқылдық;
негіздік;
тұнба түзуші, комплекс түзетін;
тотығу – тотықсыздану.
Оларға қойылатын талаптар: реакция жылдамдығы үлкен болу керек, керекті бағытта жүру керек, стехиометрлі болу қажет, т. б. сәйкес келуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |