Рефрактометрия. Екі түрлі оптикалық ортадағы жарық сәулесінің сынуы – рефракция деп аталады. Бұл әдісте аналитикалық сигнал ретінде – сыну көрсеткіші (n) қолданады.
Рефрактрометриялық әдіс жетістіктері: оның қарапайымдылығы, жылдамдығы, жоғары дәлдікпен өлшеуі болып саналады.
Рефрактрометрияны биологиялық тамақ өнімдерін, дәрілерді жасауда және олардың физикалық мәндерін анықтағанда пайдаланады. Сыну көрсеткіші деп түскен жарықтың синус бұрышын шағылысқан жарықтың синус бұрышына қатынасын айтады. Берілген ортаның тығыздығына және сәуле бағытына байланысты сыну көрсеткіш екі түрлі болады.
а
(а) (б)
б n = ;
- - жарық түсу бұрышы
- - жарық сыну бұрышы
Сурет 5 – Жарық сәулесі I- ші ортадан II-ші ортаға өтуі
Жарық сәулесі I- ші ортадан II-ші ортаға өтсе шектелген сыну бұрышын өлшейді, II-ші – ден I –ші ортаға өтсе сынбайды, тек ішкі шағылыс құбылысы жүреді.
n – ң мәні толқын ұзындығына, дисперсияға температураға байланысты болады.
Теория және тәжірибе негізінде төмендегі байланыс тұжырымдалған.
f(n) = r
мұндағы, n – талданатын заттың сыну, көрсеткіші. = m / V.
- ерітінді тығыздығы концентрацияға байланысты. r- меншікті рефракция, ол берілген заттың табиғатына байланысты болады немесе оны Лоренц – Лоренц теңдеуі деп атайды
r = (17)
мұндағы, R – молярлы рефракция.
R = rM (18)
мұндағы, R – аддитивті ережеге бағынады.
Поляриметриялық анализ әдісінде анализге берілген заттың концентрациясын анықтау үшін оның поляризацияланған сәулесінің жазықтықтағы айналу бұрышын есептейді ( ).
Поляризацияланған сәуле – бұл толқын тербелісі бір жазықтықта орналасқан сәуле. Ол мына формуламен өрнектеледі.
= (19)
мұндағы, - жазықтың поляризациясының айналу бұрышы;
- жазықтың поляризациясының меншікті айналу бұрышы;
l – кювета ұзындығы (трубканың ) см;
Т – анықталатын ерітіндінің титрі.
Өлшенетін бұрыш аналитикалық сигнал болып есептеледі.
Поляриметрияға қойылатын талаптар:
Оптикалық активті зат сәулелері поляризациялық жазықтықа айналуы мүмкін, егер оңға айналса немесе оң (+) (сағат бағытымен айналады) болады.
Жазықтықтағы поляризациялық айналу бұрышын поляриметрия аспабымен өлшейді.
Табиғи Поляризатор талданатын анализатор кейбір
Сәуле (П) ерітінді (А) қараңғылар
Сурет 6 - Поляриметрияның құрылысы
Бұл әдісті қант өндірісінде (углеводтар), тамақ өндірісінде (белоктар, тағам қышқылдары т. б. ), фармацевтикада (мофрин, никотин т. б. ) қолданады.
Поляриметрияның артықшылығы оның қарапайымдылығы, жылдамдығы, дәл мән өлшеуі болып табылады.
поляризатор (П) – полризацияланған сәуле шығатын жер;
анализатор (А) – жарық поляризациясын тексеретін жер.
Құрылысы жағынан поляризатор мен анализатор бірдей, бірақ атқаратын қызметі әртүрлі (Николь призмасы). Қос сәуленің сынуы – Николь призмасынан табиғи сәулені жібергенде болады, бір сәуле – қарапайым, бастапқы бағытынан өзгереді, екі сәуле – күрделі түскен сәуленің бағытын сақтайды.
Күрделі жарық призма арқылы өтіп, одан кейін оптикалық активті зат арқылы, пояризациялану жазықтығында айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |