Жексенбай н


Тақырып 9. Бугер-Ламберт-Бер заңы. Нефелометрия және турбидиметриялық әдістері



бет16/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Тақырып 9. Бугер-Ламберт-Бер заңы. Нефелометрия және турбидиметриялық әдістері


Атом, ион немесе молекула квант жарықтарын жұтып жоғары энергетикалық деңгейге өтеді. Яғни бұл жағдай қозбаған алғашқы түрден қозған екінші түрге айналғанда болады. Жұтылудың нәтижесінде жарық сәулесінің интенсивтілігі концентрация жоғарлаған сайын азаяды.

Оптикалық немесе жарықжұту әдісінің негізгі заңы Бугер – Ламберт – Бер заңы.

Бұл заң анализденетін заттың қалындығына, концентрациясына байланысты. Өткен жарық сәулесінің интенсивтілігі кюветадағы ерітіндінің құрамына, қалындығына, концентрациясына байланысты болады.

Ерітіндіден өткен жарық сәулесінің интенсивтілігінің азаюы өткізу коэффициентіне байланысты (Т):


Т  It / I0 (13)

мұндағы, It, I0 – түсті ерітіндіге түскен және өткен жарық сәулесінің интенсивтілігі.

Оптикалық тығыздық (А) белгіленіп оның мәні мынаған тең.
- lg T = -lg = lg = A (14)
Ерітіндіге өткен жарық сәулесінің интенсивтілігінің азаюы Бугер – Ламберт – Бер заңына бағынады.
It = I0 10 - l С немесе

= 10 немесе

–lgТ= А= lc


мұндағы,  - жұтылу молярлық коэффициенті;

l - жарық жұтылатын ерітінді қалындығы;

c – ерітінді концентрациясы.

Егер l =1 см; С = 1 моль/л; онда А= яғни ерітіндінің қалындығы бір см болса, онда оптикалық тығыздық, жұтылу коэффициентіне тең болады. - өлшем бірлігі л; моль-1; см-1.

Құрамында бірнеше түсті зат бар ерітіндінің оптикалық тығыздығы аддитивті қасиет көрсетеді, ол жарық жұтылудың аддитивтік заңы деп аталады. Оның оптикалық тығыздығы былай есептелінеді.
А  А1 + А2 +,,, + Аn
А  1lс1 + 2lс2+ …+ nlсn
Нефелометриялық және турбидиметриялық әдіс.

Нефелометриялық және турбидиметриялық анализ әдісінде қатты және коллоидты заттарға жарықтың таралу және жұтылуын қолданады;



  • нефелометриялық анализ әдісі қатты денелердің әсерінен шашыраған. жарық ағынының интенсивтілігін өлшеуге негізделген. Қатты дененің әсерінен жарықтың шашырау интенсивтілігі Рэлей заңына бағынады.

I2=I0K (15)


мұндағы, N – жарық шашырататын бөлшектің саны;

V –бөлшек көлемі;



- түскен жарық толқынының ұзындығы;

К – тұрақты коэффициенті.

К – коэффициенті талдау барысындағы бөлшектің және ортаның сыну коэффициентін, түскен жарықпен шашыраған жарықтың бұрышын қарастырады.
Турбидиметриялық анализ әдісі лайланған ерітінді арқылы өткен жарық интенсивтілігін азайуын зерттеуге негізделген: Жарық ағынының интенсивтілігін жұтылған және шашырауын қарастырады.

Таратылу шағылысқан толқын ұзындығына және жарықты шашырататын бөлшектердің формасына, кейде олардың жазықтықта орналасуына байланысты болады.

Сұйытылған ерітіндіде жарықтың интенсивтілігі Бугер – Ламберт – Бер заңының теңдеуіне бағынады.
It=I010lс (16)
мұндағы, К - ерітіндінің лайлану молярлық коэффициенті.

Бұл әдісте берілген затқа талдау жүргізген кезде нефелометр НФМ аспабы қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет