Жексенбай н



бет55/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Тәжірибенің орындалуы

Массасы белгісіз мыс купоросын (СиSО45Н20), сиымдылығы 250,0 мл өлшемді колбаға салып, дистилденген суда толық ерітіп үстіне 15,0 мл, концентрациясы Сэ(СН3СООН)= 2 моль/л сірке қышқылы ерітіндісін қосады. Ерітіндідегі қосылған сірке қышқылы ондағы болатын гидролиз және кешен тузу реакцияларына кедергі жасайды. Осыдан кейін колбаға дистилденген су құя отырып ерітінді көлемі колба белгісіне дейін жеткізіледі де жақсылап араластырылады. Титрлеуге арналған колбаларға осы дайындалған ерітіндіден пипетка көмегімен оның аликвотты бөлігі (10,0 мл немесе 15,0 мл) алынып құйылады үстіне көлемі 5-10 мл калий иодиді ерітіндісі (W(КІ)=10%) және 3 мл, концентрациясы С, (Н24)=2 моль/л күкірт қышқылы қосылады да беті шыны пластинкамен жабылып, 3-5 минут уақыт қараңгы жерге қойылады. Одан кейін бұл қоспа, бюреткаға алдын-ала құйылған натрий тиосульфаты ерітіндісімен ерітінді түсі ашық сары түске (сабан түстес) ауысқанша титрленеді. Сонан соң оның үстіне 1-2 мл крахмал ерітіндісі (W(крах. )=1%) қосылып, титрлеу процесі одан әрі ерітіндінің көк түсі жойылғанша және тұнба түсі сабан түстес болғанша жалғастырылады. Титрлеуге жұмсалған бюреткадағы натрий тиосульфаты ерітіндісінің көлемі жұмыс кітапшасына жазылады. Бұл алғашқы титрлеу жұмысы болжамды болып саналады. Осыдан кейін үш рет титрлеу процесін жүргізіп, көлем мәндері жұмыс кітапшасына жазылады (олардың мәндерінің айырымы + 0,2 мл-ден аспауы керек).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет