Натрий тиосульфаты ерітіндісін стандарттау
Титрленуі. Титрлеуге арналған асты тегіс колбаға көлемі 10-15 мл, концентрациясы Сэ(Н2S04) = 2 моль/л күкірт қышқылы ерітіндісі, 15 мл калий иодиді (W(КІ) = 10%) ерітіндісі өлшемді цилиндрмен өлшеніп құйылады. Осы қоспаның үстіне пипеткамен калий дихроматы стандартты ерітіндісінің белгілі-бір 10 мл немесе 15 мл көлемі дәл өлшеніп қосылады. Иодометрия әдісіне қажетті жағдайларды ескере отырып, реакциялық қоспаның (колбаның) бетін шыны пластинкамен жауып 3-5 минут уақыт қараңғы жерге қояды. Осыдан кейін ерітінді үстіне 100 мл дистиллденген су құйылып сұйытылады да, бюреткаға алдын-ала құйылған натрий тиосульфаты ерітіндісімен ерітінді түсі ашық сары түс болғанша титрленеді (сабан түстес). Сонан соң оның үстіне 1-2 мл крахмал ерітіндісі (W(крахмал) - 1%) қосылады да, титрлеу процесі одан өрі ерітіндінің көк түсі жойылғанша жалғастырылады. Титрлеуге жұмсалған бюреткадағы натрий тисульфаты ертіндісінің көлемі жұмыс кітапшасына жазылады. Бұл алғашқы титрлеу жұмысы болжамды болып саналады. Осыдан кейін үш рет дәлірек титрлеу процесін жүргізіп мәндері жұмыс кітапшасына жазылады (олардың мәндерінің айырымы +0,2 мл-ден аспауы керек). Титрлеу кезінде төмендегідей реакция жүреді:
S2O
2S2O
I 2е
2S2O - иондық теңдеуі
2Na2S2O3+I2 2Na2S4O6+2NaI - молекулалық теңдеуі
Натрий тиосульфаты ерітіндісінің концентрациясын есептеу.
Ерітіндісінің көлемі дәл өлшенген калий дихроматы калий иодидімен әрекеттескенде, эквивалентті мөлшерде (калий дихроматымен салыстырғанда) бос күйіндегі иод бөлінеді. Осыған байланысты натрий тиосульфатының концентрациясы төмендегідей формуламен анықталады:
Сэ(К2Сч207) V (К2Сч207) = Сэ(Nа2 S2О3) V (Na2 S2О3)
Сэ(Na2 S2О3)=
мұндағы, Сэ (Nа2S2О3) - натрий тиосульфаты эквивалентінің молярлық концентрациясы (моль/л);
V (К2Сr2О7) – калий дихроматы ерітіндісінің аликвоты бөлігінің көлемі (мл);
Сэ (К2Сr207) – калий дихроматы эквивалентінің молярлы концентрациясы (моль/л);
V(Nа2S2О3) – натрий тиосульфаты ерітіндісінің үш рет дәл титрленген кездегі жұмсалған көлемдерінің орташа мәні (мл).
ІІ-Бөлімі. Массасы белгісіз мыс купоросы (СиSО4 5Н20) құрамындағы мыстың мөлшерін анықтауда иодометрия әдісінің қолданылуы.
Иодометрия әдісімен мысты анықтауға, мына реакция негіз болып табылады:
2Cu2+ +4I-2CuI +I20
2Сu2++1ē Сu+ 2 Е°=+ 0,15B
2I -2ēI20 1 Е°=+0,54B
Стандартты электродты потенциалдың мәніне көңіл бөлсек, бұл реакция жүрмейді. Бірақ реакция нәтижесінде нашар еритін қосылыс түзілетіндіктен (ЕК (СuІ)=10-12) ерітіндідегі мыстың концентрациясы кеміп, Нернст теңдеуі бойынша, Сu2+/Сu+ жұбының потенциалының шамасы өзгереді. Сондықтан Сu2+/Сu+ жүйесінің электродты потенциалының мәні +0,86В-қа тең.
Достарыңызбен бөлісу: |