CЭ (KMnO4)∙ ῡ(KMnO4)
CЭ(м. т. ) =
Мұндағы, CЭ(м. т. ) – мор тұзының эквивалентінің молярлық концентрациясы (моль/л),
CЭ(KMnO4) – калий перманганатының эквивалентінің молярлық концентрациясы (моль/л),
ῡ(KMnO4) – үш рет дәл титрлеуге жұмсалған калий перманганаты ерітіндісі көлемдерінің орташа мәні.
V(м. т. ) – талданатын мор тұзы ерітіндісінің аликвотты көлемі.
Мор тұзы ерітіндісінің титрі белгілі болған соң, оның (ерітілген тұз массасы) массасы табылады.
CЭ (м. т. )∙МЭ(м. т. )
Т(м. т. ) = 1000 , мұндағы
Т(м. т. ) – талданатын мор тұзы ерітіндісінің титрі (г/моль),
CЭ (м. т. ) – мор тұзының эквиваленттік молярлық концентрациясы (моль/л),
МЭ(м. т. ) – мор тұзының эквиваленттік молярлық массасы (г/моль).
m(м. т. )=Т(м. т. )∙Vk , мұндағы
m(м. т. ) – мор тұзы массасы (анықталатын масса) (г),
Т(м. т. ) – мор тұзы ерітіндісінің титрі (г/моль),
Vk - талданатын (мор тұзы) ерітінді құйылған өлшемді колбаның көлемі (мл).
Мор тұзының құрамындағы темірдің (11) проценттік үлесін табу үшін төмендегідей теңдеу пайдаланылады:
(Fe2+ ) – м. т. құрамындағы темірдің массасылық үлесі (г),
m (м. т. ) – мор тұзының массасы (анықталатын масса) (г).
М. Т. құрамындағы темірдің мөлшерін төмендегі теңдеумен табамыз:
(Fe ) – темірдің массалық үлесі (%);
m (Fe2+) – М. Т. темірдің массасы (г);
m (М. Т. ) - өлшеп алынған М. Т. массасы (г).
Ескерту: М. Т. – Мор тұзы.
Математикалық статистика қолдануы. Лабораториялық жұмыстың әрбір бөліміндегі титрлеу нәтижелерінің қайталампаздығы (воспроизводимость), “Талдау нәтижелерін математикалық өңдеу әдісі” атты әдістемелік оқулықтың “титриметрия” тарауындағы 1-мысалды арқау ете отырып есептелінеді. Алған мәндерді бір-бірімен салыстыра отырып, қайсысының қайталампаздығы жақсы екендігі анықталады.
Студенттердің өз бетінше дайындалуына арналған сұрақтар:
-
Оксидиметрия әдісінің негізі болып табылатын қандай реакциялар және олардың әрекеттесу бағыты қалай анықталады?
-
Нернст теңдеуі тотығу-тотықсыздану потенциалы дегеніміз не?
-
Тотығу-тотықсыздану процесі кезіндегі ортаның рөлі?
-
Тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштардың эквиваленттерінің молярлық массаларын қалай табады?
-
Оксидиметрия әдісіндегі эквивалентті нүктені анықтау тәсілі.
-
Перманганатометрия әдісінің негізгі және оның мүмкіндіктері қандай?
-
Перманганатометрия әдісіндегі жұмысшы ерітіндісі және оны стандартизациялау.
-
Қымыздық қышқылы калий перманганатымен титрлеу кезінде қандай жағдайларды (температура, рН, титрантты қосу жылдамдығы) ескеру қажет және неге ескеру қажет?
-
Мор тұзының құрамындағы темір (11) мөлшері калий перманганатымен тікелей титрленіп анықталған қандай заңдылықтар орындалды?
Достарыңызбен бөлісу: |