Жексенбай н



бет49/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Тәжірибенің орындалуы

Құрамындағы темірдің мөлшері белгісіз, массасы беймәлім Мор тұзын көлемі 250 мл өлшемді колбаға салып дистелденген судың аздаған мөлшерінде толық ерітіп үстіне 25-30 мл концентрациясы CЭ2SO4)=2 моль/л күкірт қышқылы ерітіндісі қосылады. Ерітіндіге қосылған күкірт қышқылының қызметі ондағы болатын гидролиз процесін жүргізбейді. Ерітіндідегі темір ионы (Fe2+) гидролизденген жағдайда негізгі тұздар түзіледі де ерітінді қоңыр түске боялады, осының әсерінен эквивалентті нүктені анықтау қиындайды. Қышқыл қосылған соң ерітіндінің көлеміне дистелденген су қоса отырып өлшемді колбаның белгісіне дейін жеткізіледі. Ол ерітінді жақсылап араластырылады. Титрлеуге арналған колбаларға осы дайындалған ерітіндіден пипетканың көмегімен аликвотты бөлігі алынып құйылады, үстіне көлемі 2 мл, концентрациясы CЭ2SO4)=2 моль/л күкірт қышқылы және мүмкіндік болса 1-2 мл концентрлі фосфор қышқылы қосылады. Қосылған фосфор қышқылы эквиваленттті нүктені дәлірек анықтауға септігін тигізеді. Фосфор қышқылы реакция нәтижесінде түзілген Fe3+ ионымен түссіз комплексті қосылыстың күлгін түсі эквиваленттік нүктеге жақындаған сайын сары түске боялып қоюлана түседі де, эквивалентті нүктені дәл анықталмауы мүмкін.

Титрлеуге арналған колбаға дайындалған ерітіндіні калий перманганаты ерітіндісімен салқын күйінде титрлейді, себебі Fe2+ ионы ауадағы оттегімен тотығып кетуі мүмкін (ерітінді қыздырылған болса, ондағы Fe2+ ионы ауадағы оттегімен әрекеттесіп Fe3+ ионына айналады, бұл процесс дұрыс нәтиже алуға кедергі жасайды). Ерітіндінің солғын күлгін түске бояулы, титрлеудің эквиваленттік нүктеге жеткендігінің айғағы (күлгін түс KMnO4 – тің артық мөлшерінен пайда болады). Титрлеуге жұмсалған калий перманганаты ерітіндісінің көлемі жұмыс кітапшасына жазылады. Бұл нәтиже жуықтап табылған мән болып саналады да, одан кейін тағы да үш рет дәл титрлеу процесін жүргізіп нәтижелері жұмыс кітапшасына жазылады. Дәл титрлеу кезіндегі көлемдердің шамаларының айырмашылықтары ± 0,2 мл аспауы қажет. Осы үш көлемнің орташа мәні анықталып, ол шаманы есептеу барысында пайдаланылады.

Талдау нәтижелерін есептеу. Мор тұзы эквивалентінің молярлық концентрациясын анықтау үшін, эквиваленттік заңдылық ескеріле отырып төмендегідей формуламен анықталады.
CЭ(м. т. )∙V(м. т. ) = CЭ (KMnO4) ῡ(KMnO4) немесе



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет