Перманганатометрлік әдістің практикада қолданылуы
Басқада оксидиметрлік әдістер сияқты, перманганатометрия әдісі тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштардың мөлшерін анықтауға негізделген. Анықтау барысында әртүрлі титрлеу әдістері қолданылады: тотықсыздандырғыштардың мөлшері титрлеу арқылы анықталады (тотықсыздандырғыш тікелей клий перманганаты стандартты ерітіндісімен әрекеттеседі) және тотықтырғыштардың мөлшері кері титрлеу әдісімен табылады (егер белгілі-бір тотықтырғыштың мөлшері анықталатын болса, онда оның дәл етіп өлшенген көлеміне осы сияқты көлемі дәл өлшенген бірақ артық мөлшерде алынған тотықсыздандырғыш ерітіндісі қосылады. Ал реакцияға түспеген тотықсыздандырғыштың артық мөлшері стандартты калий перманганаты ерітіндісімен титрленеді).
Тотықсыздандырғыштарды анықтау – Мор тұзының құрамындағы темірдің (11) мөлшерін анықтау.
Құрамындағы темірдің (11) атомы бар қоршаған ортаның әсеріне тұрақты (NH4)2 Fe(SO4)2*6H2O қосылысы (қос тұз) мор тұзы деп аталады. Мор тұзының құрамындағы темірдің, осы тұз ерітіндісін стандартты калий перманганаты ерітіндісімен тікелей титрлеу арқылы табылады. Титрлеу барысында ерітіндідегі Fe2+ ионы перманганат ионының әсерінен қышқылды ортада оңай тотығып, Fe3+ ионына айналады.
Fe2+ + MnO4- → Fe3+ + Mn2+
MnO4- + 8Н+ 5ē → Mn2+ + 4 H2O 1 2
Fe2+ + 1ē → Fe3+ 5 10
2MnO4- + 16Н+ 10Fe2+ →2Mn2+ + 10Fe3+ + 8H2O теңдеудің молекулалық күйі
2MnO4 + 8Н2SO4 +10(NH4)2Fe(SO4)2 → 2MnSO4 + 5Fe2(SO4)3 + К2SO4 +
+10(NH4)2Fe(SO4)2 + 8H2O – молекулалық теңдеу.
Ерітіндідегі Fe2+ ионы тотығып (1 электронын беріп) Fe3+ ионына өзгергенде тотығу дәрежесі артады, яғни Мор тұзының эквивалентінің молярлық массасы оның молярлық массасындай болады.
MЭ(NH4)2∙Fe(SO4)2∙6H2O=M(NH4)2∙Fe(SO4)2∙6H2O және темірдің де эквивалентінің молярлық массасы MЭ(Fe2+)= MЭ(Fe2+).
Достарыңызбен бөлісу: |