|
Студенттердің өз бетінше дайындалуына арналған сұрақтар
|
бет | 44/135 | Дата | 11.01.2022 | өлшемі | 1,47 Mb. | | #111125 | түрі | Оқулық |
| Байланысты: АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫСтуденттердің өз бетінше дайындалуына арналған сұрақтар:
-
Титриметрия әдісі неге негізделген?
-
Титриметрия әдісінде қолданылатын реакциялар және оларға қойылатын талаптар.
-
Стандартты ерітінділер дегеніміз не? Стандартты заттар және ерітінділер, оларға қойылатын талаптар.
-
Стандартты ерітінділерді, титрантты дайындау тәсілдері қандай?
-
Талданатын заттың құрамында анықталатын компоненттің мөлшерін титриметрия әдісі бойынша табу барысында қандай тәсілдер қолданылады?
-
Титриметриялық талдауда қолданылатын титрлеу тәсілдері қандай?
-
Қышқыл-негізді титрлеу әдісі және мүмкіндіктері.
-
Натрий карбонатын қышқылды-негізді анықтау кезіндегі, жұмыс ерітінділердің стандартизациялануы және дайындалуы.
-
Неліктен қышқылды-негізді титрлеу әдісінде натрий тетрабораты қолданылады? Қолдану барысында болатын химиялық реакцияның теңдеуін жазыңдар.
-
Қышқылды-негізді әрекеттесуде қатысатын заттардың эквивалентінің молярлы массасын анықтаңыздар және мысалдар келтіріңдер.
-
Қышқылды-негізді әдістегі, әрекеттесуші заттардың эквивалентті нүктесін табу тәсілдері?
-
Титриметриялық талдау әдісіндегі қолданылатын есептеу тәсілдері.
-
Тәжірибе жүзіндегі, натрий карбонатының мөлшерін анықтау кезіндегі оның негізгі этаптары.
-
Титриметрияда қолданылатын химиялық ыдыстар және олардың атқаратын қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|