Жексенбай н


Хлорлысутек қышқылы ерітіндісін стандартизациялау



бет41/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Хлорлысутек қышқылы ерітіндісін стандартизациялау

Стандартты зат (натрий тетрабораты) ерітіндісін қышқыл ерітіндісімен тікелей титірлеу арқылы сол қышқылдың дәл концентрациясы табылады. Мұндай титірлеу жұмысын жүргізу үшін таза бюреткаға қышқыл ерітіндісі құйылып, нольдік белгісіне дейін жеткізіледі. Титірлеу үшін пайдаланылатын асты тегіс (конический) колбаға пипеткамен бура ерітіндісінің белгілі – бір көлемін (10 мл немесе 15 мл, ерітіндінің аликвотты бөлігі) құйып, оған 2 –3 тамшы метил күлгін индикатор ерітіндісі тамызылып титірлеу процессі басталады. Титірлеу процессі колбадағы бура ерітіндісіне, бюреткадағы тұз қышқылы ерітіндісін, аздаған мөлшерде біртіндеп қоса отырып индикатордың түсі сарыдан (негіздік орта) (малина) таңқурай түске (қышқылдық орта) ауысқанша жүргізіледі. Титрлеуге кеткен тұз қышқылы ерітіндісінің көлемі жұмыс кітапшасына жазылады. Осылай тағы да 3 рет титрленіп мәндері кітапшаға жазылады. Мәндердің бір-бірінен алшақтығы ±0,2 мл-ден аспауы қажет. Сонан соң көлемнің ортақ мәні табылады.

Титрлеу процесі кезінде, ерітіндіде төмендегідей реакция жүреді:
Na2B4O7 + 7H2O → 2NaOH + 4H3BO3

2NaOH + 2HCl → 2NaCl + 2H2O




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет