Жексенбай н



бет43/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Тәжірибенің орындалуы

Пипетирлеу тәсілі. Құрамындағы натрий карбонатының мөлшері белгісіз, зерттелетін заттың дәл өлшенген массасының көлемі 250 мл өлшемді колбаға салып үстіне жартылай дистелденген су құйып, толық ерітіп, ерітіндінің көлемі дистелденген су құю арқылы ыдыстың белгісіне дейін жеткізіледі және ол жақсылап араластырылады. Сонан соң титрлеуге арналған колбаға дайындалған ерітіндіден пипетка көмегін ерітіндінің аликвот бөлігі алынып құйылады, үстіне 2-3 тамшы метил күлгін индикатор ерітіндісі тамызылады. Осылай төрт колба дайындалады. Оларды бюреткадағы тұз қышқылының стандартты ерітіндісімен индикатордың түсі сарыдан, таңқурай (малина) түске ауысқанша титрлейді. Алғашқы колбаны жылдам титрлеу арқылы жұмсалатын тұз қышқылы ерітіндісінің көлемін жуықтап анықтайды. Ал қалған үш колба аспай-саспай тиянақты түрде титрленеді де мәндері (тұз қышқылы ерітіндісінің көлемі) кітапша жазылады. Қышқылдың көлемі есептеліп табылады.

Талдау нәтижесін есептеу. Титрлеу нәтижесі бойынша, ерітіндідегі натрий карбонатының концентрациясы мына формуламен табылады.

мұндағы, Cэ(Na2CO3) – натрий карбонаты эквивалентінің молярлы концентрациясы (моль/л)

Cэ (HCl) – тұз қышқылы эквивалентінің молярлы концентрациясы (моль/л)

V(Na2CO3) – талданатын натрий карбонаты ерітіндісінің аликвотты бөлігінің көлемі (мл)

V(HCl) – тұз қышқылының, кейінгі үш рет титрленген кездегі жұмсалған көлемдерінің орташа мәні (мл)

Осыдан кейін, бастапқы зат құрамындағы натрий карбонатының массасы титрдің көмегімен анықталады.
Т(Na2CO3) =
мұндағы, Т(Na2CO3) – талданатын натрий карбонаты ерітіндісінің титрі (г/мл),

Cэ (Na2CO3) – натрий карбонаты эквивалентінің молярлы концентрациясы (моль/л),

МЭ(Na2CO3) – ½ М (Na2CO3), г/моль

Ал массасы мына теңдеумен анықталады m(Na2CO3) = Т(Na2CO3) ∙ Vk, мұндағы

m(Na2CO3) – натрий карбонатының массасы зерттелетін заттағы (г),

Т(Na2CO3) – талданатын натрий карбонаты ерітіндісінің титрі (г/мл),

Vk – талданатын натрий ерітіндісінің өлшемді колбадағы көлемі (мл),

Жеке өлшеу тәсілі. Студенттерге лаборант апайларынан қағазға оралған, құрамындағы натрий карбонатының мөлшері белгісіз, массасы белгісіз зерттелетін заты бар үш пакет алады. Әрқайсысын бөлек-бөлек, алдын-ала титрлеуге дайындалған колбаларға салып, ерігенше көлемі белгілі су құйып, оларды бюреткадағы тұз қышқылы ерітіндісімен, индикатордың қатысында, оның түсі сарғыштан малинаға ауысқанша титрлейді. Жұмсалған тұз қышқылының көлемін кітапшаға жазып отырады.

Талдау нәтижесін есептеу. Әр колбадағы ерітіндіні титрлеген сайын, ондағы натрий карбонатының массасы анықталады.
m(Na2CO3) =
мұндағы,mNa2CO3) – бірінші қағаздағы натрий карбонатының массасы (г),

Cэ (HCl) – тұз қышқылы эквивалентінің молярлы концентрациясы (моль/л),

МЭ(Na2CO3) – натрий карбонаты эквивалентінің молярлы массасы (г/моль),

V(HCl) – жеке массасы титрлеуге жұмсалған қышқылдың көлемі (мл).

Осы жолмен екінші m2(Na2CO3) және үшінші m3(Na2CO3) қағаздағы натрий карбонатының массалары табылады. Соңында, зерттелетін заттағы натрий карбонатының массасының орташа мәні анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет