Жексенбай н


Тотығу-тотықсыздану әдістерімен титрлеу. (перманганотометрия)



бет45/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

2.6.6. Тотығу-тотықсыздану әдістерімен титрлеу. (перманганотометрия)


Титірлеудің тотығу – тотықсыздану түрінде жұмысшы ерітіндісі (титрант) ретінде калий перманганаты (KMnO4) қолданылады, оксидиметрия әдісінің бұл түрін – перманганатометрия деп аталады.

Перманганатометрия әдісінің негізі болып табылатын реакция, ол перманганат ионының (MnO4-) анықталатын затпен әрекеттесуі. Осы реакция кезінде перманганат ионының тотықсыздану дәрежесі ерітіндінің ортасына (сутектік көрсеткішіне – pH ) тәуелді болды.


MnO4- + 8H+ + 5ē  Mn2++ 4H20 (қышқылдық орта) E0 = + 1,52В

MnO4- + 2H2O +3ē  MnO20+ 4 ОH- (бейтарап орта) E0 = + 0,59В

MnO4-- +1ē MnO42- (сілтілік орта) E0 = +0,59В
Перманганат ионы қышқылды ортада күшті тотықтырғыш болып табылады, тотықсыздандырғыштың стандартты электрондық потенциялының мәні неғұрлым аз болса, онда солғұрлым оның көп молшері тотығады, яғни

Е= E0 (тотықтырғыш) -Е0 (тотықсыздандырғыш)0

Перманганат ионы (MnO-4) қызыл – күлгін түсті, ал екі валентті марганец (Mn2+) ионы түссіз болғандықтан титірлеу процессі кезінде эквивалетті нүктені арнайы индикатор қолданбай –ақ анықтауға мүмкіндік береді. Ал нейтрал ортада бөлінетін MnO4- перманганат ионы жасыл түс беретіндіктен эквивалентті нүктені дәл анықтау қиынға соғады. Нейтрал және сілтілі орталарда осындай қиындықтар кездесетіндіктен перманганатометриялық титірлеу жұмысын қышқылды ортада жүреді. Қышқылды орта жасау үшін күкірт қышқылы қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет