Желі түрлері, олардың бір – бірінен айырмашылығы


Интернет желісінің хаттамасы



бет5/23
Дата15.12.2023
өлшемі0,53 Mb.
#197182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Багитова сұрақ жауап

8. Интернет желісінің хаттамасы (Протокол интерсети; Internet Protocol (IP) — желінің бір жұмыс станциясынан келесісіне хабарлар кестесін жеткізуді қамтамасыз ететін негізгі хаттама. Желідегі мәліметтерді дер кезінде тиімді маршрут таңдап, дұрыс жеткізу мақсатында АҚШ Қорғаныс министрлігі жасап шығарған. Ол жергілікті желілер мен хосткомпьютерлерді жалғастырып, Internet желісінде, UNIX ортасында кең қолданылатын TCP/IP хаттамалары тобына кіреді
Windows Server операциялық жүйелер тобының желілік компоненттер жүйесі TCP/IP хаттамалары арқасында базаланады, ал Active Directory каталогтар қызметінің жұмысы түгелдей DNS қызметіне тәуелді. Сондықтан – да, қалған қызметтер мен компоненттердің алдын ала, TCP/IP хаттамасы мен DNS қызметінің сипатталуы жеке бөлімде шыққан. Бірінші баяндамада TCP/IP ағымын құрайтын хаттамалар мен қосымшалар қысқаша ғана берілген, сол себепті IP желі түйіндерін адресациялау ережелері мен түйіндердің өзара әрекеттесу алгоритмі толық қарастырылады, сондай – ақ DNS домендық аттары жұмысы да қарастырылады.

4.1 TCP/IP хаттамаларының жұмыс жасау негіздері(IP – адрестер, кіші желі маскасы, негізгі шлюз, кіші желі маскасының көмегімен кіші желілерге бөліну; IP – маршрутизацияға кіріспе).

IP – желідегі түйіндерді бағыттау.

TCP/IP –желілерінде желілік түйіндердің үш деңгейін қарастырады

• Физикалық (немесе локальдік) түйіндер адресі (Желілік адаптердің МАС – адресі немесе маршрутизатордар порттары); Бұл адрестерді желілік құрылғыларды жасаушылар бекітеді;
• Түйіннің IP адресі (мысалы, 192.168.0.1), бұл адрестерді желіге әкімшілік етушілер немесе интернет - провайдерлер бекітеді;
• Символьдық атау (мысалы, www.microsoft.com) ; бұл атауларды да компанияның желіге әкімшілік етушілері немесе Интернет – провайдерлер бекітеді.

IP-адрестеуді толығырақ қарастырайық.

Бірнеше физикалық желіге қосылған компьютерлер немесе басқа күрделі желілік құрылғылар бірнеше IP – адрестерге ие , яғни әрбір желілік интерфейске бір – бірден. Адресация сызбанұсқасы жалғыздық, кең хабарлаушы және топтық адресациялауды жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан - да IP –адрестеудің 3 түрі бар.

1. Unicast-адресі (нақты түйінге – жалғыздық адрестеуі) – «бірге - бір» коммуникацияларында қолданады.
2. Broadcast-адресі (кіші желінің барлық адрестеріне қатысты кең хабарлаушы адрес) – «бірі - барлығына» коммуникацияларында қолданады.Бұл адрестердегі құрылғының теңестіру алаңы бір сандарымен толтырылған. IP – адрестеу кең хабарлаушы таратуды жүргізеді, бірақ оған кепілдік бере алмайды, бұл мүмкіндік нақты физикалық желіге байланысты. Мысалы, Ethernet желісінде кең хабарлау таратуы, кәдімгі ақпарат таратылыуымен бірдей нәтижелілікпен жүреді, бірақ ақпарат таратудың мұндай түрлерін тіпті де қолдамайтын немесе қолдаса да, шектелген түрде ғана қоданатын желі түрлері болады.
3. Multicast-адресі (пакеттерді көп адрестерге жіберуге арналған топтық адрес) – «Біреуі – көбіне» коммуникацияларында қолданады. Топтық адрестеуді қолдау көптеген қосымшаларда қолданылады, мысалы, интерактивтік конференциялар қосымшасында. Жұмысшы станциялар мен маршрутизаторлар топтық жіберу үшін, белгілі топтарға керекті құрылғылар туралы ақпарат беретін ,IGMP – хаттамасын қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет