15. Қолданбалы деңгей(ағылш. Applicationlayer) — OSI моделінің 7-деңгейі. Пайдаланушы мен желілік қолданбалардың әрекеттестігіне байланысты мәселелермен айналысады. Қолданбалы деңгей есептеу желісінің түйіндеріне (немесе қолданбаларына) басқа түйіндермен немесе (қолданбалармен) байланысуға мүмкіндік беретін кейбір қызметтерді ұсынады. Бұл деңгейде есептеу желісі арқылы тасымалданатын мәліметтер анықталады және олар бөлшектерге бөлінеді. Қолданбалы деңгей үлгісінің көзге түсетін бөлігі болып табылады. Онда ешқандай нақты жүмыс істелмейді, тек есептеу желісіне қатынас құрмақшы талап төменгі (алтыншы) деңгейге жіберілетін сұратуға өзгертіледі.[
16.Идентификация – қатынасатын субъектке арнайы идентификатор (қайталанбайтын) тағайындау және оны мүмкін болатын идентификатор тізімімен салыстыру операциясы.
Аутентификация[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Аутентификация – қатынасатын субъект пен оның идентификаторының сәйкестігін тексеру әрі растау операциясы. Аутентификацияның әдістерін үлкен 4 топқа бөлуге болады:
Белгілі бір құпия ақпаратты білуге негізделген әдістер. Бұл әдістің бәрімізге таныс мысалы – парольдік қорғаныс. Қолданушы жүйеге кірер кезде пароль, яғни таңбалардың құпия тізбегін, енгізу керек болады. Аутентификацияның бұл әдісі ең кең таралған болып табылады.
Қайталанбайтын зат (нәрсе) қолдануға негізделген әдістер. Қайталанбайтын зат ретінде түрлі смарт карталар, токен, электрондық кілттерді айтуға болады.
Адамның биометриялық белгісіне негізделген әдістер. Іс жүзінде биометриялық белгілердің келесідей түрлері қолданылады: Саусақтың ізі, Көздің торлы қабықшасы не мөлдір қабықшасының суреті, Қолдың жылулық суреті, Беттің фотосуреті не жылулық суреті, Жазу (қолтаңба), Дауыс
Қолданушымен байланысты ақпаратқа негізделген әдістер. Мұндай әдістердің мысалы ретінде қолданушының GPS арқылы алынған координаттарын айтуға болады.