Желтоқсан 2015 жыл


) - Халық, көпшілік, ұжым



Pdf көрінісі
бет26/48
Дата08.02.2022
өлшемі10,07 Mb.
#97989
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48
Байланысты:
Alau 12.15

2) - Халық, көпшілік, ұжым 
болғаннан кейін жұмыс барысында əр 
түрлі өкпе, реніш, түсініспеушіліктер 
де болып тұратыны белгілі. Солардың 
бірі - жалақы, қосымша ақы, 
жұмыстан кеткен мамандар мен 
оқытушылар туралы білгіміз келеді.
- Бұл мəселеге тоқталатын болсақ, 
жалпы университеттегі қызметкерлердің, 
оның ішінде ұстаздардың, басқа да 
бағыттағы қызметкерлердің жалақысы 
арнайы үкімет қаулысымен бекітілген 
еңбекақы төлеу жүйесіне сəйкес төленеді. 
Бұдан басқа əр қызметкерге өздерінің
қызметтік істеріне сəйкес қызметтік 
қосымша жалақы тағайындалады. Біздің 
университетімізде осы жылы ғылым док-
торларына 50 мың, ғылым кандидаттары-
на 30 мың, аға оқытушыларға 25 мың, 
ұстаздарға 15 мың теңге көлемінде ай сай-
ын қосымша үстемеақы белгілеп отыр-
мыз. Білім ордасында арнайы құрылған 
комиссиясымен бекітілген, одан басқа 
əкімшілік-басқару жəне жаңа оқу-тəрбие 
жұмысының қызметкерлерінің қызметтік 
жалақысына 25 пайыз көлемінде, кіші 
атқарушы қызметкерлердің қызметтік 
жалақысына 50 пайыз көлемінде 
үстемақы тағайындалған. Осының 
бəрін университеттің комиссиясы жыл 
сайын арнайы бекітіп отырады. Одан 
басқа, белгілі қызмет атқарып жүрген 
азаматтарға, мысалы, факультет де-
кандары, кафедра меңгерушілеріне де 
университетімізде қосымша жалақы 
белгіленген. Сондай-ақ, комиссияның 
шешімі бойынша, университеттің 
мүмкіндіктеріне қарай, жылына екі рет, 
Наурыз мейрамында жəне ҚР тəуелсіздігі 
мерекесі қарсаңында сыйақы беру 
мəселесі қарастырылған. 
- Жалпы университет ұжымына 
деген көзқарасымыз жақсы, үлкен 
қамқорлықпен жəне құрметпен қараймыз. 
Біздің университеттен қызметкерлер 
жайдан-жай жұмыстан кетпейді. Ал он-
дай келеңсіз жағдайлар орын алып жатса, 
олар еңбек тəртібін өрескел бұзғандығы 
үшін жұмыстан аластатылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет