Желтоқсан 2015 жыл



Pdf көрінісі
бет48/48
Дата08.02.2022
өлшемі10,07 Mb.
#97989
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Alau 12.15

2015 жылдың 18 қарашасы күні 
Көкшетау МС Халықаралық 
студенттер күніне орай «Шоқан 
жұлдыздары-2015» ХI студенттік 
фестивалі өтті.
Ш . У ə л и х а н о в а т ы н д а ғ ы 
К ө к ш е т а у м е м л е к е т т і к 
университеті дүниежүзілік сту-
денттер күні қарсаңында «Шоқан 
жұлдыздары» атты студенттер 
фестивалін өткізуді дəстүрге 
айналдырған. 
Бұл фестивальдің негізгі мақсаты 
– жоғары оқу орнында білім нəрін 
алып, өз өнерлерін қоғамға арнап 
жүрген студенттерді марапаттау. 
Олар университеттегі қоғамдық
мəдени жəне спорттық іс-шараларға 
белсене қатысып, өз өнерлерімен 
университет қабырғасында ғана 
емес, сонымен қатар қалалық, 
облыстық, республика көлемінде та-
нылып, университеттің мəртебесін 
жоғары деңгейде көтеріп жүрген 
студенттер.
Бұл шара білім ордасындағы 
студенттердің еңбектерін бағалау, 
марапаттау əрі басқа студенттерге 
үлгі-өнеге болсын деген мақсатпен 
ұйымдастырылып отыр. 
Ш . У ə л и х а н о в а т ы н д а ғ ы 
КМУ ректоры Ə.Ə.Əбжаппаров 
қатысушылар мен қонақтарды ата-
улы мерекемен құттықтады. 
Əбдімүтəліп Əбжаппарұлы 
былтырғы жылы бұл студенттік 
фестивальға мерейлі 10 жыл 
толғандығын баса айтып, осы 
уақыт аралығында универси-
теттен қаншама «Жұлдыздар» 
шыққанын үлкен мақтанышпен 
атап өтті. Болашақта да білім 
ордасынан осындай өнерлі де да-
рынды студенттердің сахна төрінен 
көрінетініне сенім білдіріп, оларға 
ғылым мен білім жəне өнер са-
ласында биік жетістіктерге жете 
берулеріне тілектестік білдірді.
Бүгінгі шарада Ш.Уəлиханов 
атындағы Көкшетау мемлекеттік 
университетінің 32 студенті
«Шоқан жұлдыздары» атағына 
лайық деп танылып отыр. Бұл 
студенттер университеттің барлық 
факультеттерінен іріктелініп алын-
ды. Білім ордасы үшін бұл үлкен 
қуаныш, зор жетістік. Мерейлі 
кешке университеттің проректор-
лары, факультет декандары мен 
оқытушылар да қатысты. 
Білім ордасы басшысының 
қ ұ т т ы қ т ау ы м е н б а с т а л ғ а н 
мерекелік кеш үлкен концертпен 
жалғасын тапты. Шара барысында 
университеттің мың бұралған биші 
қыздары би билеп, қазақтың халық 
əндері шырқалды, сонымен бірге 
КТК əзіл-сықақ командаларының 
қойылымдары ұсынылды. 
Кеш соңында білім ордасының 
б а с ш ы с ы Ə б д і м ү т ə л і п 
Əбжаппарұлы жəне проректор-
лар университеттің мəртебесін 
жоғары деңгейде көтеріп жүрген 
өнерлі де дарынды студенттерін 
марапаттады. Сонымен бірге 
шақырылған қонақтар ішінде 
бұрынғы жылдардағы «Шоқан 
жұлдыздары» атағының иегерлері 
де болды. Олар да өздерінің сый-
сияпаттарымен келіп, атаулы 
кештің сəнін келтірді. Мерекелік 
кештен үлкен əсер алған универси-
тет студенттері мен кеш қонақтары 
жақсы көңіл-күймен тарқасты. 
Шараға БАҚ өкілдері де 
қатысты.
Конкурс веселых и находчивых
Республиканский конкурс 
«Осенний листопад»
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар 
 Танцевальная группа факультета естественных наук «КЕРБЕЗ»
«Шоқан жұлдыздары-2015» 
ХI студенттік фестивалі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет