Желтоқсан 2015 жыл


ІІ. Қазақстанның дағдарысқа



Pdf көрінісі
бет4/48
Дата08.02.2022
өлшемі10,07 Mb.
#97989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Alau 12.15

ІІ. Қазақстанның дағдарысқа 
қарсы мүмкіндіктері
Жаһандық дағдарыс – ол тек 
қауіп қана емес, сонымен бірге 
жаңа мүмкіндіктер. Əлемдік 
ауқымдағы көптеген компаниялар 
дамудың дағдарыстық кезеңінде 
сəтті компанияларға айналды. Іс 
жүзінде соңғы жарты жүзжылдықта 
табысқа қол жеткізген елдердің бəрі 
тура мағынасында нөлден бастаған 
болатын. Біздің Қазақстанның 
өзі де дағдарыс дəуірінде өмірге 
келді. Алғашқы онжылдықта – 
Тəуелсіздіктің қалыптасуының 
ең қиын кезеңінде – біз негізінен 
«мұнайсыз» өмір сүрдік. Тəуелсіз 
Қазақстан əр кезде де сыртқы 
экономикалық стихияларға кереғар 
дамып отырды. Біз Тəуелсіздігімізді 
жариялаған өткен ғасырдың 90-шы 
жылдарының бірінші жартысы 
біз үшін қолайлы бола алды ма? 
Ол уақыттары өндіріс тоқтап, 
адамдар жұмыссыз жəне өмір 
сүруге қажетті қаржысыз қалды. 
Біз лайықты түрде, əрбір қадам 
сайын ол дағдарысты еңсере 
білдік. Біздің еліміз өзгерістердің 
алғашқы нəтижелерін енді ғана 
сезіне бастаған сəтте 1997-1998 
жылдардағы Оңтүстік-Шығыс 
Азиядағы қаржы дағдарысы келіп 
жетті.
Сол уақыттары қабылданған 
стратегиялық шешімдер мен 
іс-қимылдар маңызды оң си-
патты мəнге ие болды. Ол кең 
ауқымды жекешелендіру мен 
біздің экономикамызға көптеген 
трансұлттық компаниялардың 
келуі. Сол кезеңде біз жаңа елорда-
мыз – Астананың құрылысын қолға 
алдық, Каспий құбырлы өткізгіш 
консорциумы жұмыс істей бастады, 
«Қазақстан-2030» Стратегиясы ба-
стау алды. 2007-2009 жылдардағы 
дүниежүзілік қаржы дағдарысы 
туындаған кезде Ұлттық қор құру 
туралы шешімнің маңыздылығы 
мейлінше айқын бола түсті. 20 
миллиард доллардай – Қазақстан 
ІЖӨ-сінің 14 пайызы – жұмыспен 
қамтуды қолдауға, жолдарды 
жөндеуге жəне салуға, қалалар мен 
ауылдарды көріктендіруге бөлінді. 
Банк секторы, шаруа қожалықтары, 
шағын жəне орта бизнес көмекке 
қол жеткізді. Арам ниетті құрылыс 
салушыларға алданған мыңдаған 
үлестік құрылысқа қатысушылар 
мемлекеттің ізгілікті ерік-жігерінің 
арқасында жаңа тұрғын үйлер алып 
шықты.
Біз дағдарысқа қарсы екі жоспар-
ды əзірлеп, дəйектілікпен жүзеге 
асырдық. Бұл біздің экономикалық 
қиындықтарды еңсерудегі зор 
да табысты тəжірибеміз. Қазіргі 
ж а һ а н д ы қ д а ғ д а р ы с б і зд і ң 
басымызға күтпеген жерден келіп 
түскен жоқ. Мен жаңа толқынның 
қайткенде де келіп соғатынын 
талай рет айтқанмын. Бұл жолы 
Қазақстан дағдарысқа қарсы ал-
дын алу стратегиясын алғаш рет 
қолданып отыр.
Біріншіден, біз қазірдің өзінде 
индустриялық-инновациялық 
дамудың екінші бесжылдығын 
бастадық, яғни шикізат ресурста-
рына ғана қарап қалмайтын эконо-
мика құрудамыз.
Екіншіден, біз «Нұрлы Жол» 
Мемлекеттік инфрақұрылымдық 
даму бағдарламасын қабылдадық. 
Дағдарысқа қарсы шаралардың 
маңызды аспектісі ұлттық валюта-
мыз теңгенің еркін бағамға көшуіне 
байланысты болды.
Үшіншіден, біз «5 институттық 
реформаны жүзеге асыру бойынша 
100 нақты қадам» Ұлт жоспарын 
жүзеге асырудамыз. Парламент Ұлт 
жоспарын заңнамалық қамтамасыз 
ету үшін жұмыс істеуде. Олар 
80-нен астам заң. Олар біз 
жоспарлағандай, 2016 жылдың 1 
қаңтарынан жұмыс істей бастайды. 
Шағын жəне орта кəсіпкерлік үшін 
əкімшілік кедергілер жойылуда
мемлекеттік басқару, білім беру мен 
денсаулық сақтау жетілдірілуде. 
Осы шаралардың бəрі де мемлекет-
ке, қоғамға біздің экономикамызға 
қосымша төзімділік береді.
Төртіншіден, біз қажетті 
мемлекеттік қор мен алтын-валюта 
резервін жинақтадық.
Бесіншіден, менің тапсыр-
мам бойынша, бұған дейін мен 
айтқандай, мұнай бағасы баррельіне 
30-ға дейін жəне 20 долларға 
дейін төмендеген жағдайларға 
ойластырылған іс-қимылдар 
нұсқасы əзірленді.
Алтыншыдан, Қазақстанда 
инновациялық индустриялан-
дыру шеңберінде құрылған 
экономиканың жаңа секторла-
р ы э ко н ом и ка л ы қ ө с і м н і ң 
драйверлеріне айналуда. Көптеген 
өңдеуші салалар өсім көрсетіп 
отыр. Бес жылда өңдеу өнеркəсібі 
1,3 есе, химия өнеркəсібі мен 
құрылыс материалдары өндірісі 1,7 
есе өсті. Машина жасау өнімдерін 
шығару 2,2 есе, экспорт 3 есе арт-
ты. 800-ден астам индустриялық 
жобалар жүзеге асырылды. Биылғы 
жылы металлургия өнеркəсібі 
б і рд е н 1 5 п а й ы з ғ а , х и м и я 
өнеркəсібі 3,2 пайызға ұлғайды. 
Минералды өнімдер өндірісі 3,2 
пайызға, киім-кешек 4 пайызға 
өсті. Дүниежүзілік банк пен Азия 
даму банкі Қазақстан үшін 2016 
жылға жоғары экономикалық өсу 
қарқынын болжап отыр.
Жетіншіден, қазақстандықтардың 
экономикалық мінез-құлықтары 
өзгеруде. Еңбек өнімділігінің 
60 пайыздан астамға артқаны 
байқалып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет