Желтоқсан жұлдыздары


Шын дос – таусылмас қазына



бет2/9
Дата20.06.2018
өлшемі238,73 Kb.
#43674
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Шын дос – таусылмас қазына

    


 Сабақтың мақсаты:  оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке,әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.

Көрнекілігі: ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер.

                                   Сабақтың барысы:



I.Ұйымдастыру .

 Әнұранды орындау (слайд 1)

- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар достарына  арнап  бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.

II. Оқушыларға тақырыпты ашу сұрақтары: (слайд 2)

1)"Дос деген кім?" сауалына сызба арқылы жауап беру.

2)Досың бар ма? Ол қандай?

3)Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

4)Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?

5)Достық жасқа байланысты ма?

6)Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

7)Досыңды неге теңер едің?

8)Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

9)Сіз үшін ең маңызды мәселе?

10)Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек?

ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі, достық туралы әңгіме. (слайд 3)

    Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

      Достық – адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

  Екі дос ертегісін тыңдау (слайд 4)

     Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде  қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

     Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім.  Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.

     Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

-          Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.

-          Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

-          Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.

-          Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.

     Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

     Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

     Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

   Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.

   Достықтың негізі – достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.

Дос қандай болу керек? (слайд 5)

                                жомарт

                                адамгершілігі мол

                                қарапайым

                                мейірімді

                                кешірімді

                                адал

ДОС                        төзімді

                                ақылды

                                сабырлы

                                салмақты

                                кек сақтамайтын



IV. Мақал-мәтелдер (слайд 6)

           1) Білімдімен дос болсаң,

            Сасқанда ақылын айтар.

            Білімсізбен дос болсаң,

            Топ ішінде бетін қайтар.

            2) Дұшпан біреу болса да аздық етер,

            Досың мың болса да аздық етер.

            Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең.

            Заттың жаңасы жақсы,

            Достың ескісі жақсы.

1-оқушы: Дос адам артық сұрамайды.

                                           Махмұт Қашқари.

2-оқушы: Дос достың кемшілігін кешіре береді.

                                          Жүсіп Баласағұн.

3-оқушы: Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.     Абай.

4-оқушы: Екі ердің достығы асулардан асырар,

                Екі елдің достығы ғасырлардан асырар.

                                         Мұзафар Әлімбаев.

5-оқушы: Қоссыз қазақ болса да,

                Доссыз қазақ болмаған.

6-оқушы: Дос табу оңай – сақтауы қиын,

                Жау табу оңай – тоқтауы қиын.

                                         Жүсіп Баласағұн.

  V. Жағдаяттан шығу: (слайд7)

Екі дос арасындағы түсініспеушілікті бейнелейтін көріністі көрсету.

А) Ортадағы орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.

Ә) «Менің досым» тақырыбы бойынша әр оқушы өзінің досы жайлы айтады.

VI.«Жалғастырып көр» ойыны (слайд 8)

а)Әрбір адамға дос керек. Өйткені...

ә)Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...

б)Сыйластық бар жерде...



VII. Сауалға жауап іздеу. (слайд 9)

1.Біздің сынып қандай?

2.Сынып оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба?

3.Хаттарға жауап:

А)Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.

Ә)Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?

Б)Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?

В)Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

Г)Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр.  Түскі тамаққа нан келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?

 

VIII. ҚОРЫТЫНДЫ : 

 

 Ризамыз бүгінге біз,



Ризамыз бүгінге біз.

Ризамыз бүгінге біз,

Ризамыз қазірге.

Ризамыз3 бүгінге біз,

Ризамыз қазірге.

Әдептілік – адам көркі

Мақсаты:әдептілік,имандылық туралы ұғымдарын  кеңейту,әдептілік сақтауға,үлкендерге құрмет,кішіге ізет көрсетуге,өзара сыйластыққа,жақсыдан үйренуге,балаларды жаманнан жиренуге тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар:үлестірмелер,ойындар,плакттар.

әдісі:талдау,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

Кіріспе:Жирен жаман әдеттен,үйрен жақсы әдеттен-дейді халық.әдепті болу үшін иманды,кішіпейіл,кпшіл болу қажет.Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен,көзінен,өзінен байқалады.Иман жүзді,әдепті адам күндей күлімдеп,жарық дүниедей жадырап сөйлейді.халық әдебі «Сіз»-деген сөзден басталады...»

«Сіз»-деген әдеп,

«Біз»-деген көмек.

«Әдептілік әліпесі»-авторы Е.Өтетілеуов.

      Қарсы ал ерте күн көзін,

      Төсегінді жина өзің.

      Асықпай іш тамағыңды,

      Жалама аяқ-табағыңды.

      Пышақты ұста оң қолымен.

      Шанышқыны сол қолымен.

      Нанды үгітпе,қадірле,

      Қабығымен бәрін же.

      Саусағыңды сормағын,

             Салдыр-салақ болмағын.

             Салма ауызыңа инені,

             Үзбе жұлқып түймені.

            Ашуланбай,долданып,

             Жауап бергін ойланып.

             Құр бекерге қыстама,

             Болмашыға бұртима.

             Іштарлыққа жол берме,

             Қыдырып,құр қаңғыма.

             Сыйлап үлкен кісіні,

             Қамқорлыққа ал кішіні.

             Сақта көше тәртібін,

             Бағдаршамның ал тілін!

              Әдет қыл бұл ісіңді,

             Тазалап жүр тісіңді.

Балалар,адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білдіндер?

Мен қандай боламын?-(әр бала өз бойындағы қасиеттерді айтып,өзіне мінездеме беру)



Ойын:Қандай әдепті,әдемі сөздерді білеміз?

Ойын:Жалғасын тап (әдептілік туралы мақалдардың жалғасын тапқызу)

     1.Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

        Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

        2.Әдепті бала –арлы бала,

           Әдепсіз бала-сорлы бала.

       3.Әдептілік адам көркі.

Біз қандай да бір көңілімізге ұнаған жақсы нәрсені әдемі дейміз.Әдептілік туралы айтқан сөздердің барлығы жақсы қасиеттер.Ендеше әдептілік те әдемілік екен.Егер сен бала кезеңнен тәртіпті,әдепті бала болып өссең есейе келе ата-анаңнын,отаныңның мақтанышы боласың.Сенің табыстарың ата-анаң үшін шексіз бақыт.Ата-ана алдында шыншыл болып,өзіңнен үлкеннің ақыл-кеңесін тындау керек.Ұлы Абай атамыз:

         Әсемпаз болма әрнеге,

         Өнерпаз болсан арқалан.

         Сенде бір кірпіш дүниеге,

         Кетігін тап та бар қалан-дегендей,сендерді ғажайып болашаққа шақырған.

Ал,енді қандай нәрсені «жаман»-деп түсінесіңдер?

                                  Диограмма

«Әдепті бала»

Өнерлі

Ұқыпты


Іскер

Ақылды


Адамгершілігі жоғары

Әдепті


Ақкөңіл

Үлгілі


 

«Әдепсіз бала»

Ұқыпсыз

Дөрекі


Әдепіз

Лас


Өтірікші

Жауапсыз


Бұзық

Мейрімсіз

 

-Апаң сенің базардан,



Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін жақсысын,

Саған тандап әперді

Не деп барып жеу керек?(рахмет)

-Байқаусызда біреуді қағып кетсең,

Не ағат сөз айтсан не деу керек?(кешіріңіз).

  Сонымен балалар жақсы қасиеттер туралы тағы да ойларымызды тұжырымдайық.Балалар мен сендерге әзіл-қызықты өлең оқып берейік сабағымызды қорыта келе:

        Күйші болуға болады,

        Биші болуға болады.

         Ерке болуға болады

         Серке болуға болады.

         Пысық болуға болады,

         Кішік болуға болады.

         Әкім болуға болады,   

         Ақын болуға болады.

         Маман болуға болады,

         Жаман болуға болады,

         Айтпақшы,

         Жаман болуға болмайды!

        Ондай адам оңбайды!           



СПИД – қатерлі індет

Сабақтың мақсаты:
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын-алу,оның жұғу жолдарын одан сақтана,қорғана білу туралы түсіндіру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,
инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: газет-журнал деректері, пікірталас, мақал-мәтелдер.
Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.
2. Түгелдеу.

Кіріспе сөз: 
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ.Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді.Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері,одан сақтану жолдары,аурудың алдын-алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн. 
Сондықтан осы ауру туралы 9 сынып оқушылары сіздерге мәлімдеп береді.

СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы.
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л.Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р.Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады. 
Гүлмаржан: СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді? 
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды.Осының әсерінен клетка жарылып өледі.Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып,өткен процестерді қайталайдыЛимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің-күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады.Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін.Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді.Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата береді.
Гүлдана: СПИД құрбаны (монолог).
- Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі!Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай,арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!
Өзімнен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Шарабым да тұр ішпеген.
Ұйықтайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
(Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.)
-Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім.Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ.Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім.ір сөзбен айтқанда,өте ерке болып өстім. әке-шешем бар дегенімді жасады.анда-санда әкем мен тентек болған кезде,айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай,жалғыз балада нең бар?»-деп ара түсетін.
(Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалды.)
Әлпештеп алды анам алдымнан шығы,
Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып.
Ата-ана перуана боп перзенті үшін,
Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық.
Ардақтап ата-анаңды сол секілді,
Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық.
Түседі еске кей кез бала кезім,
Бала кезім... кетуші ем дала кезіп.
Ақ қайынға шайқалған қараушы едім,
Қараушы еді мөлдіреген қара көзім.
- Иә, ата-анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті.Жетінші сыныпқа жеткенше екі-үш мектепке ауысып үлгердім.Неге дейсіз ғой.Тәртіпсіздігім үшін.Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді.Олардың да мен секілді ұлы бар екен.Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей,екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды.Оның менен айырмашылығы наша «дегшен» пәленің дәмін ерте татқан екен.Енді мен де шеге бастадым.Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?!
Тамырын умен суарып,
Денсаулық деген егістің,
Шірітіп апсың біразын,
Ғаламат қымбат жемістің.
Инемен таза денеңді,
Тесуге неге келісті?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат,
Ауру аеңдеп құлайсың.
Дәрігерлерді мазалап,
Не үшін енді жылайсың?
(Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып,сөйлеп кетті.)
- Содан арада екі-үш жыл өтті.Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім.Өзім секілді достарым да көбейді.Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды.Не құдіреті барын,сол инені көрсем аузымнан суым шығып,есім кететінБұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды.Жалғыз анамның жиған-тергені есірткінің айырбасына кетті.Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім.Бірде қатты салқын тиіп ауруғанаға түстім.Дәрігерлер менің СПИД-пен ауыратынымды анықтапты.Төрт-бес жыл білмей жүріппін.
Таусылмақ дәм.Бітпек өмір-өзенім.
Менің-дағы жетті кетер кезеңім.
Оны көптен тарқамаған қайғы мен
Жүрегімнің мұң көзінен сеземін.
«Өлермін» - деп күңірінем,күйзелем,
Мені есірткі найзасымен түйреген.
Өз әлімше арман-көлде жүзе алмай,
Қанатымнан жараланған күйде мен.
-Соңғы кезде өмір-тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым.О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой.Бір-ақ өмір! Осы бір-ақ рет берілген өмірінде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па, әлде еркелік пе? Қазір ғой ішім жидіп күйіп кетеді,өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады.Бәрі кеш енді.
О, Жаратқан!
Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан! Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды? Айтыңдаршы,құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты.
(Мұңлы ащы әуен ойналады.)
Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,
Құрбанымын СПИД деген кеселдің.
Ақтамай-ақ кетіп барам арманың,
«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі,аялаған анам ба?
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Тек қана өзім кінәлімін сол үшін
Улы дерттің құрбаны мен болам да.
Жас жеткіншек!
Өздеріңе өлер кезде айтып кету борыщым,
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ,онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!
Азалы да ащы әуен қайта ойнады.Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп,жерге құлайды.Бұл оның ақтық сөзі еді.
Гүлмаржан: СПИД-наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. СПИД-тен сақтану үшін не істеу керек?Мысалы: ішімдікке әуестік,токсикомандық, шылым щегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп,өмір жасыңды қысқартады.Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ.Байлық та, бақыт та сол емес пе?
Төлеген: ВИЧ, қазақша АИТВ-адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД –пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде.Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда.
Айдана: Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД-тен қайтыс болған ата-аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл-қыздарының саны 9 млн-ға жеткен.
Мейрамгүл: Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900-ге жетті.Оның ішінде СПИД-пен ауыратындар саны-25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны-38.
Талғат: СПИД ауруын тудыратын вирус-ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы,емізгенде жұғады.
Дархан: Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін.
Гүлдана: Ғасыр дерті – СПИД өршіп тұр.Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның СПИД-ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр.

Денсаулығыңды ойласаң (лото)
Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте заманнан бері айтылып,ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу-маржандай асыл да,даналы сөздері бар.Осынау ғибратты сөздер адамзат баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан-жақты қамтыған.Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ.Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай,амалсыз көніп, медет, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді.
Иә, мақал-мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де.
Карточкалар үлестіріледі. (мақал-мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған).
Бірінші бөлігін жүргізуші оқиды,екінші бөлігін тауып оқу керек.

1. Ішпеген,шылым шекпеген
Жасайды жылдар көптеген
2.Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.
3. Темекінің кермегі-
Еріккеннің ермегі.
4. Шарап-арақ ішіңе көшеді,
Ақыл шөлмек ішіне түседі.
5. Жабылады шарабыңды ішерде,
Бәле төнсе,жоқ араша түсерге.
6. Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.
7. Адам арақты ішеді.
Ақыл арақты ішеді.
8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
Одан кейін өзгелерді сақтаңдыр.

Қорытынды: ТЕСТ
1. СПИД жұқпалы ма?
а) Иә
ә) Жоқ
2. СПИД вирусын не дейміз?
а) Кох талшығы
ә) Айде
б) А вирусы
3. Қай жылы СПИД вирусы ашылды?
а) 1983
ә) 1985
б) 1956
в) 1988
4. Ауру белгілері бірден біліне ме?
а) иә
б) жоқ
5. СПИД қандай жолдармен таратылады?
а) жыныстық жолдар арқылы 
ә) қан арқылы
б) тағам арқылы
в) насекомдар арқылы
г) кір қол арқылы.
6. Қай континетте адамдар СПИД-пен ауырғанын білмеген?
а) Африка
ә) Азия
б) Америка
г) Австралия
7.Қазақстанда СПИД-пен ауыратын адамдар кімдер?
а) жастар
ә) балалар
в) үлкен адамдар
8.СПИД-ті қандай жағдайда дұқтыруы мүмкін.
а) норкомания 
ә) әңгіме кезінде
в) темекі шегу
г) жезөкшелік
9.Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні?
а) 1 қазан
ә) 1 желтоқсан
б) 1 қаңтар
10 Қай ел СПИД-пен ауырған адамдарды басқа аралға апарып тастайды,оларға жағдай жасайды?
а) Жапония
ә) Канада
б) Қытай
в) Куба

Қорытынды: 

СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана емес,әлеуметтік проблема.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет