Желтоқсан жұлдыздары
Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыр, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.
Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, кітап көрмесі.
І Ұйымдастыру бөлімі:
- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
- 21 жыл толып отыр.
- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?
- 27 жыл.
- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
- Біздің президентіміз кім ?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?
- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың
ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.
Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман ойме барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
Гульназ: Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың.
Айжол: «Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.
Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз тентекгенсіз» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты Ақ самайлы анасын аяды.
Күтпеген жерден: «Бәріне кінәлі мен, жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар! Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін» ,- деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре жөнелді.
Сол бойымен намысшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді. Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай, оқуынан қудырмай, жала жапқызбай сақтап қалды.
Аянна: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!
Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді.Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың алаңда болғаны анықталады.
Еркін: Қаймықпады ызғарынан, бұлтынан
Қалтыратты империя іргесін.
Халықтардың бостандыққа ұмтылған,
Бастап берді бір көшін.
Көрініс қойылады.
Түн.Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп, жүргендердің бірі Қайрат Рысқұлбеков еді.
Айжол: - Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!
- Савицкиді өлтірген сен бе?
Еркін: Жоқ, мен емес.
Айжол: - Сен өлтірген. Мойныңа ал!
Еркін: - Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық
Атам десең, атыңдар!»
КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының шешімі мен 1988 жылғы 28 сәуірдегі указымен Қайратқа кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айыруымен ауыстырылды.
Алайда, бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ.
Қайраттың хаты үнтаспадан жіберіледі.
«Міне, өздерің естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине, біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ. Өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде қайғы-қасіреттен әбден жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым келмейді.»
1988 жылы 21 мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өзін-өзі өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.
Аянна: Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!
Гульназ: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.
Аянна: Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.
Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
Ендеше , сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық
Арада төрт жыл өткен соң 1990 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.
Еркін: Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын,
Туды күнім әділетті арлы шың.
Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып
Келдің бе сен, Азаттығым, армысың!
Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл, міне, 15 жыл толып отыр.
Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ, бақыт.
Гульназ: Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас ар дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз егеменді Қазақстан!
Жауқазын ерте көктемде қар астынан шығатын нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, тез қурап кетеді. Желтоқсан құрбандарының да өмірлері осы жауқазынның өміріндей қысқы болды.
Айжол: Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн!
Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Гульназ: Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.
Айжол: Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні - бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні - бұл.
Еркін: Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл - күні!
Тәрбие сағаты әнұранмен аяқталады.
Тәуелсіздік – тұғырым
Тақырыбы: «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» ашық тәрбие сағаты
Мақсаты: Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері туралы оқушылардың білгендерін ортаға салу. Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Туған жер туралы қанатты сөздер. Отан туралы оқушылар салған суреттер.
Барысы:
Әнұран орындалады Оқушылар әуенмен сыныпқа кіреді.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Құрметті оқушылар. «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» деп аталатын ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
Біз бұдан бұрын Отан, туған жер туралы тәрбие сағаттарын өткенбіз. Кәне ,еске түсірейікші.
-Біз қай мемлекеттің азаматымыз ?
-Ұлтымыз кім ?
-Тіліміз қандай ?
-Республикамыз басқа елдерден несімен ерекшеленеді ?
-Тәуелсіздік деген не ?
-Тәуелсіздікті қай жылы алдық ?
-Қазақстан Республикасының жері туралы не білеміз ?
Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың териториясына жеті мемілекет сияды. Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9- шы орында, ал ТМД елдері бойынша 2- ші орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады.Қазақстан 14 облыс, 85 іроі қалалар бар. Ел ордасы-Астана қаласы.
Қазақстан туған елім,
Алтын бесік-Ақ ордам.
Даңқың сенің арта берсін,
Елім менің жаңарған.
Мұғалім: Біздің еліміздің байлығы туралы не білеміз ?
Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет. Бізде алтын, темір, мырыш ,күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, бидай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 150 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Қазақстанда 6000-нан астам пайдалы қазбалар бар.
Ей,қазақтың ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Жер-суын қорғау бабаның,
Емес пе еді басты ұраны!
Мұғалім: Оқушылар әр нәрсені, әр затты, тіпті керемет нәрселерді адамдар қолынан жасап шығарады.Мен сендерден сұрағым келіп тұр, рәміздеріміздің авторларын білесіңдер ме ?
Әнұранның авторы кім?
Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Ә. Назарбаев.
Тудың авторы кім?
Ш.Ниазбеков.
Елтаңбаның авторы кім?
Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республикадеп жарияланды.
Далада думан, қалада думан жыр бүгін,
Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан,
Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым.
1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға бір жыл толды. Осы жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.БҰҰ мүше болып кірді.
1993 жылы 15 қарашада «Ұлттық валюта күні» деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
1994 жылы қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев «СоюзТМ-6» ғарыш кемесімен көкке самғады.
1995 жылы 30тамызда ҚР –ның «Ата заңы» қабылданды.
Сұрақ. Заң дегеніміз не? Ата заңымызда неше бап бар?
1996 жылы 20 қаңтарда ҚР- ның Парламентінің 1- сессиясы болып өтті.
1997 жылы « Қуғын-сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.
Оқушы Абай туған, Сәкен туған,
Құрметте достым, қазақтың жерін.
Қамбаға жылда мол астық құйған,
Қазақстан Республикам менің.
1998 жылы 6- мамыр Астана күні. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. ҚР ның Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.
Сұрақ Түркістан қаласы қай облыста ? Неге шежірелі қала дейміз?
2001 жыл XXI ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында Тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.
2002 жыл «Денсаулық жылы» деп аталды.
2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды .Осы жылдары біршама іс-шаралар жасалды .
2004 жылы « Қазақстан-Ресей» жылы болып , көптеген шаралар өткізілді .
2005 жылы Ресейде Абай жылы аталып өтті.
2006 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин жылы Қазақстанда өтті.
Өмірімізді , өзімізді көріп,
Әнімізді, жырымызды тыңдап,
Ерлігімізге, тірлігімізге қарап.
Өзімізді, сөзімізді тыңдап.
Бұл «қазақ» дейді.
Біз- қазақпыз,
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен
Жетер енді, желпінейік, қарайық,
Мына өмірге иегердің көзімен.
Конституция – ұлттың ең маңызды құжаты
Мақсаты: Ата Заңның бағасын білу, оқушыларды еліміздің басты құжатын құрметтеуге үйрету.
Барысы.
Жүргізуші: Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы-Конституция.
Еліміз 1995 жылы өзінің талғам –талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.
Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік.Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды.
Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі межеге биыл 16 жыл толып отыр.
«Ата Заңым» қуатым, сенім, мақсат, мұратым!
«Ата Заңымыз –айдынымыз,
Әскеріміз-айбынымыз»
Конституция күніне орай көптеген шаралар ұйымдастырылды. Соның ішіндегі басты оқиға Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда өткен Конституцияның 16- жылдығына арналған әскери шеру болды. Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Елбасы қазақ тарихында Ата Заңның алатын орны, оның қазіргі мемлекетіміздің дамуына қосып келе жатқан үлесі, Конституцияның тарихи мән-маңызы туралы айта келіп, елімізде Тәуелсіздігімізді жариялаған кезден бері атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттерге кеңінен тоқталып өтті. Осы ретте Конституцияның 16 жылдығы аталып жатқан күннің мемлекетіміз үшін мерейлі меже, айрықша маңызды күн болып саналатыны, Ата Заңымыздың еліміздің арайлы азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары екені, ол еліміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары болып саналатыны атап көрсетілді.
«Конститутция-біздің асқақ абыройымыз»
Конститутция –кемел келешектің кепілі.
Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды. Конститутция –біздің асқақ абыройымыз, Қарулы күштер –ашық аспанымызды қорғайтын айбынды абыройымыз!
Біздің Негізгі заң –бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас.Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа тарихы қалыптасуда.
Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі –бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату»идеясына қойылған ескерткіш-белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң –еліміздің басты алаңы. Конститутция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз –негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу.
Әрбір қазақстандықтың Конститутциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап орындауы маңызды. Конститутция біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы-осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу.
Сұрақ беріледі.
1.Тәуелсіз алғаннан кейін Қазақстанның тұңғыш Конститутциясы қай жылы қабылданды?
( 28-қаңтар 1993 жыл ﴿
2.Қазан төңкерісінен кейін Кеңестер құрамындағы алғашқы Конститутция қай жылы қабылданды?
( 1924 жылы ﴿
3.Уақыт үдерісіне сәйкес Ата заңымызға қай жылы түзетулер еңгізілді?
(1998 және 2007 жылдары ﴿
4.Конститутцияға 2010 жылы қандай толықтырулар еңгізілді ?
( Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан елдің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа заң жүзінде «Елбасы» деген атақ бекітілді.﴿
5.Қазақстан Республикасы Конститутциялық Кеңестің төрағасы кім? ( Игорь Рог ﴿
6.1996 жылы «Фемида» заңгерлер одағы құрылды. Осы одаққа қанша мемлекеттің заңгерлері кіреді?
( 12 мемлекет ﴿
7. «Фемида» сыйлығы биылғы жылы кімге берілді?
(Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ﴿
8. Елімізде қанша этнос пен діни қауымдастық бар?
( 140 этнос пен 46 діни қауымдастық бар﴿
Қорытынды
Мұғалім: Биыл Конститутцияға 16 жыл. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салихалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылықпен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Саясат, экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан әлемнің кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып үлгерді. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конститутциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі –ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз.
Ата заңың-мерейің,
Мәртебең мен беделің.
Ата заңмен өркендеп,
Өсіп, өрлей берейін!
Оқушының мектептегі ішкі тәртіп ережесі
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету,заң алдындағы жауапкершілікті арттыру,ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу,саяси сауаттылыққа баулу;
Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;
Құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге,құрметтей білуге үйрету,адамгершілікке, елжандылыққа,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;оқушылардың ойлау,тыңдау,өз ойларынеркін жеткізе алу мәдениетіндамыту,шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,Қазақстан Конституциясыкітапшасы,Бала құқықтары туралы Конвенция,Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама.
Кіріспе.
Мұғалім:Құрметті мұғалімдер, оқушылар!
«Сен және сенің құқығың» атты онкүндік аясында «Оқушының мектептегі ішкі тәртіп ережесі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізілгелі отырмыз.
Ата заңның1 бабының1-тармағында»Қазақстан өзінің ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады деген.
Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье,И.Кант,Т.Джефферсон сияқты
Ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би және Абай адам құқықтары мен
Бостандықтарын қорғаған.Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын,тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардыңқұқығын қорғайтын Заң бар ма?
1989 жылдың 20-қарашасында Бала құқықтары туралы ковенция қабылданып,1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев»Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе төңірегінде өздерің құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді.
Ібөлім «Бала құқығы- асыл қазына».ІІ бөлім «Құқық -әділет пен парасат жолы». ІІІ бөлім «Құқықтық сауаттылық – заман талабы».
ІҮ бөлім «Сандар сөйлейді.
ІБөлім. Баланың негізгі құқықтыры мен міндеттері.
8-бап.Әрбір баланың денсаулығын сақтауға құқығы бар.
9-бап.Әрбір бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқылы.
10-бап.Әрбір баланың өмір сүруге,жеке басының бостандығына,қадір-қасиетіне жәнеөміріне қол сұғылмауға құқығы бар.
11-бап Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы бар.
15-бап.Әрбір баланың білім алуға құқығы бар.
ІІ бөлім «Құқық -әділет пен парасат жолы».
1- оқушы.Конституция-ерікті елдің құқы
Конституция ерікті елдің құқы,
Адам құқы,алдымен ердің құқы.
Мемлекетім жан-жақты дәйектелген,
Конституция-алтын заң,елдің құты.
Ол бойынша бекіген бостандығым,
Ол бойынша сақталған сөз сандығым.
Ол бойынша тілім де мемлекеттік,
Қуаттайдымұны бар достар бүгін.
Ол бойынша сайлаймын,сайланам да,
Ол бойынша біртұтас бай далам да.
Сансыз ұлттың өкілі бірордада,
Тең құқылы барлығы айналамда.
Қалауымша оқимын,білім алам,
Еңбек етем,қартайсам тыным алам.
Емделемін ауырсам заңды түрде,
Өз елімде қастерлі, құрметтімін,
Қорламайды ешкім де тілдеп қырын.
Тәртіп бұзсам немесе қылмыс қылсам,
Заң алдында жауапқа міндеттімін.
Баға жетпес құным бары,
Еркін шыққан ерекше үнім бары,
Елтаңбалы жығылмас туым бары-
Алтын заңда айтылған мұның бәрі.
2-оқушы.Ғұрпымыз бар ел сенген,
Дәстүрлері ең ізгі.
Әділдікпен өлшенген,
Заңымыз бар негізгі
Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле-жаладан
Ата заң бұл ардақты!
2.Құқық әлемінен көрініс.
3.Ұлылардан қалған асыл сөз.
1-оқушы: Жер бетіндегі адамдар арасындағы тәртіп орнату үшін заңды қолдану шөлге жауған жаңбырдай қайырымды.
385-Хадис(Мұхаммед Пайғамбар)
2-оқушы:Заң-жер бетіндегі құдай жасаған нәрселердің ішіндегі ең қасиеттісі. И.Кант.
3-оқушы:Қазақ халқы-ең бейбіт халықтардың бірі. Шоқан Уәлиханов.
4-оқушы:Әр заманның өз рәсімі,өз салты бар. Біздің замандағы салт әркім құқына таласу болады. Жылау салты артта қалды.
Әлихан Бөкейхан.
5-оқушы:Ата Заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз. Нұрсұлтан Назарбаев.
6-оқушы:Заң-мемлекеттің тоғыз қабат тор көзді сауыты.
Шерхан Мұртаза.
7-оқушы:Әділ заң-аспан тірегі.
Жүсіп Баласағұн.
Жағдаяттарға байланысты сұрақтар.
14 жасарБолат үйінде сыныптастарымен туған күнін атап отырғанда масаң күйінде әкесі келіп жолдастарының көзінше балағаттап,ұрып-соға бастайды.Осы кезде Болат не істерін білмей әкесін итеріп жібереді. Әкесі тәлтіректеп барып басынпешке ұрып құлап түсіп қайтыс болады.( Жағдай сарапқа салынады.)
Мақал-мәтелдер: «Тәрбиелі-тәртіптің құлы,
Тәртіп елдің-құлы»(Бауыржан Момышұлы)
ІІІ бөлім «Құқықтық сауаттылық – заман талабы».
1. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
2. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?
(БҰҰ).
3.БҰҰ-ның мақсаты не?(Әлемде бейбітшілікті сақтау,адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау).
4.Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
(1995 ж.Нью-Иорк қаласында156-мемлекет болып қол қойды).
5.Қазақстан Республикациясының азаматтары қандай білім алуға міндетті?(орта).
6.Қазақстанның әрбір азаматының ең басты құқығын ата.(әркімнің өмір сүруге құқығы бар).
7.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
(2002 жылы 8-тамызда).
8.Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған адам).
9.Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды?(1989 жылы 20- қарашада).
10.Әлемде ең алғаш конституция қай елде жазылған? (АҚШ-та).
11.Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не?(Бостандық).
12.Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы(16 жас,ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады).
13.Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды?(1948 жылы 10-желтоқсанда).
14.Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар?(14 жастан).
15.Қазақстандағы ең қымбат қазына (адам).
16.»Жеті жарғы» заң жинағының авторы (Тәуке хан).
17.Қазақстан БҰҰ-ға қашан мүше болды?(1992 жылы).
18.Ө¬з тағдырыңды өзің шешудің тарихи мүмкіндігі(тәуелсіздік).
19.Отанға деген сүйіспеншілік (патриотизм).
20.Баланың құқығы туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады?(10 тарау,53 баптан).
ІҮ бөлім «Сандар сөйлейді.
1-маусым-Балаларды қорғаудыңхалықаралықкүні.
20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні.
10-желтоқсан-Адам құқығы күні.
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жыл Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу декларациясын жариялаудан бастады.
1979 жылы-Балалардың халықаралық жылы өтті.
20-қараша 1989жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.
28-қаңтар 1993жылы Қазақстанның Конституциясы қабылданды.
8-маусым 1994 жылы Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.
30-тамыз 1995 жылы Қазақстанның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда екінші рет қабылданды.
Қорытынды: Құметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызда өзіміздің құқығымыз бен міндетіміз және құқық туралы білетін білімімізді ортаға салдық. Біздер өз ойымызды еркін айтуға, өзгелерден білгіміз келгенін сұрау құқығын жүзеге асырдық.. Қазақ ұлты қайырымдылықты,ымырашылдықты қолдайды. Еліміздің бірлігі мен білімділігі келешек ұрпақ үшін үлкен міндет жүктейді.
Сынып дарабозы
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Мақсаты:Оқушылардың білімділігін арттыру, өз ойын айта білуге үйрету
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, шарлар
Жүргізуші:
Біз бүгін сыныбымызда «Сынып дарабозы» атты тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Тәрбие сағатында біз сыныбыздан дара шыққан 4 оқушыдан ұстаздарымыздың берген білімін бағалау мақсатында өткелі отырмыз. Сайысымызда барлық пәндерден бірнеше сұрақтар қойылады.
Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.
І. Таныстыру
ІІ. “Кім көп біледі?
ІІІ. “Тіл –өнер”
ІV. Жеті жұмбақ
V. Көркемсөз
Олай болса сайыскерлерімізді таныстырып өтейін.
Азамат Ақерке
Ғалым Әділ
Әлімхан Назерке
Орынбасар Мағжан
Олай болса сайыскерлер сіздерге сәттілік тілеймін!
“Кім көп біледі?
Киіз үйдің жабдықтарын ата?
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
Қазір қандай жыл?
Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім?
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні?
ҚР Әнұранының сөзін жазған кімдер?
Бірінші маусым қандай мереке?
Абайдың шын аты
Күй атасы кім?
Ел басқару саласында ең жоғары лауазым?
Қазақстан Республикасының ұлтаралық тілі?
Көкжиектің неше тұсы бар?
Атақты күрес шебері?
Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды?
Қазақстан даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы кім?
Атақшы суретші?
Сидней олимпиадасында жеңіске жеткен атақты боксшы?
Ұлттық салт – дәстүрлерді ата ?
Ең үлкен үш таңбалы сан
100 жыл -
ТІЛ - ӨНЕР
Жаны жақсы ағаның,
Етегін баспа, жолын қу
Болайын деген ----
Бетін қақпа, белін бу
(бала, - мальчик, bay)
2. Жақсының аты өлмейді
Ғалымның ---------- өлмейді
(хат – письмо – letter)
3. Жаман аттан аяғым артық
Жаман -------- таяғым артық
(дос – друг – sviend)
4. Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас
(жұлдыз – звезда – star)
5. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі
(көктем – весна – spring)
6. Футболшының алаңдағы ойын заты
(доп – мяч – ball)
7. Шағын мемлекет
( отбасы – семья – family)
8. Жеті қазынаның бірі
(Ит – собака - Clog)
20 ұпай – Тарих пәнінен. Қазақ билерін ата
30 ұпай – Жаратылыстану пәнінен.
Жер шарында неше материк бар Атап бер
20 ұпай
Арнайы сұрақ
Атасы: Немересіне бос бөшкені көрсетіп:
- Мына бөшкенің ішінде не бар? – деп сұрады.
Немересі үңіліп қарап:
- Ешнәрсе жоқ қой, -деді
- Жоқ балам мұнда бәрімізге керекті зат бар.
Атасы нені жұмбақтап тұр.
ЖЕТІ ЖҰМБАҚ
30 ұпай – Орыс тілінен. Сколько падежей в русском языке?
20 ұпай – Қазақ тілі пәнінен. Фонетика нені зерттейді
40 ұпай – Ағылшын тілінен. Present Continuous Tense қалай жасалады. Мысал келтір.
40 ұпай – Биология пәнінен. Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы.
30 ұпай – Әдебиет пәнінен. Балалар, аманбысың шырақтарым – өлеңінің авторы
40 ұпай – Арнайы сұрақ. Қандай бөшкеге су құюға болмайды.
Келесі шартымыз көркемсөз оқу.
Осымен сайысымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |