Желтоқсан жұлдыздары


Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде



бет3/9
Дата20.06.2018
өлшемі238,73 Kb.
#43674
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

Сабақтың тақырыбы:  «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»
Сабақтың мақсаты:  білімділік:    Шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың зиянды әсерлерін ашу, оның салдарынан туатын аурулар туралы оқушылар білімін арттыру;   дамытушылық:   оқушылардың өмірге, әсіресе  адамзат ұрпағына деген аяушылық  сезімін, аурудың алдын алуды үйрету. Жаман әдеттен бойларын аулақ салуын, оқушының санитарлық –гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту.  тәрбиелілік:  Болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамның денсаулығына байланысты екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтынын, сондықтан «Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде » мақалын негізге ала отырып, оқушы бойында азаматтық жауапкершілік қалыптастыру, адамгершілікке , инабаттылыққа, ел жандылыққа баули отырып Отансүйгіш қоғамымыздың нағыз азаматын тәрбиелеу.
Көрнекілігі:   Нақыл сөздер жазылған плакаттар, суреттер, сызбалар, буклет, реферат.
Сабақтың түрі:  Баспасөз-конференция сабағы.

Дайындық барысы:     

            Оқушыларға тақырыпқа сай  материалдарды оқып жинастыру және  «Темекінің зияны» , «Ішімдіктің зияны» , «Нашақорлықтың адам өміріне зияны» , «СПИД ғасыр дерті» атты реферат пен буклеттер жасау, қабырға газеттерін шығару, сурет салу, залды безендіру жұмыстарын тапсыру.

 

Сабақтың барысы:



1.Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөз. (мұғалім)

Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ , мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы. Денсаулық   адамның ең қасиетті де құнды , қайталанбас , жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі –адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық экологиялық жағдай және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады. Осы жағдалар ішіндегі адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер деп отырғанымыз , бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық және тағы басқа.

Жас жеткіншек  талшыбық секілді иілгіш , жел қайда соқса  сол жаққа  қарай бейімделеді. Қай ата-ана баласының тәрбиесіз , бұзақы  болуын қалайды? Әйтсе де , жаман әдетке үйрену оңай. Енді осы зиянды әдеттер туралы әңгіме  жүргізейік.

Бүгінгі тәрбие сағатында біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз. Бүгінгі сабағымыздың жүргізушісі Жұбанова Ақдана. Сынып оқушылар 3 топқа бөлінеді.Ендігі сөз кезегін жүргізушіге береміз.

Жүргізуші.

            «Денсаулық –зор байлық», «Дені саудың –жаны сау»  деп халқымыз бекер айтпаса керек. Өкінішке орай, адамзатпен ХХІ ғасырға  аузын арандай ашқан  аждаһадай сұм ажалдың төресі «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» бірге аяқ басты. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады. Сондықтан да, елімізде салауатты өмір сүруге дабыл қағып, әртүрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Осындай шараның бірін бүгін 10 «ә» сынып оқушылары «Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде» атты  тақырыбында өткізгелі отыр. Сонымен тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Ендігі сөз кезегін «Шылымқорлыққа қарсы» тобына береміз.

 

Ұраны:        «Темекіден түтін сорсаң улайсың, өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың»



Стол үстінде мақалдар. «Темекі тегін келмейді, теңгеге келеді», «Темекі шеккенің , темір табытқа шеге қаққаның», «Дүниеде , тіпті дені сау адамның өзіне де  темекімен  түтіндеген ауада  болудың зиянды екенін білмейтін ешкім жоқ» . (В.В.Вересаев)

Көрініс: Бір оқушы орындықта отырады. Екіншісі

Бұл отырған  шылымқор , сорады кеп шылымды ол,

Қанша айтсаң да алмайды , «тартпа» деген тіліңді ол.

Қой десең де қоймайды , көк түтінге тоймайды,

Сора-сора уыты өн бойыңды жайлайды .

Кірпік әсте қақпайды , жөтел қысып жатпайды ,

Бірақ шылым сорғанда , аузы тыным таппайды.

Шылымсыз тек жүрмейді , жоқ боп қалса тілдейді,

Бірақ оның зиянын , білсе дағы білмейді.

Оқушы:

Европада  темекі тарту  Колумбтың ІІ экспедициясына  қатысушылар (1499 жыл) Америкадан оралғаннан кейін 15- ғасырдың аяғында басталды. Үндістер  «Кохобаң» деп атайтын өсімдік тұқымын испан монахы Рома Паноға әкелген. Алғашқы кезде темекі өсімдік  ретінде Испанияда өсірілген деген болжам бар. Өкінішке орай , адам ағзасына  өте зиянды өсімдіктің әлемге  қалай тез таралғанын  ешкім көз алдына елестете алмайды. Темекі түтінінің құрамында ағзаға зиянды 1200-дей зат бар. Оның ең зияндысы –никотин. Темекі тартатындардың  темекі  тартпайтындарға қарағанда  өмірі 7-15 жасқа қысқа келеді. Әрбір 100 грамм  темекі  түтінінен 5-7 грамм  қара күйе шығады. Демек , күніне бір қорап  темекі  тартқан адам жылына 700-800 грамм қара күйе  жұтады. Ғылыми зерттеулер улы түтін  адамның  ми, сезім , тыныс жолдарын, ас қорыту, жүрек, қан тамырлары  және  жыныс мүшесінің қызметін бұзатындығын  дәлелдеген.



Жүргізуші:

            Енді  біз әйелдер арасындағы  темекі шегушілік туралы әңгіме қозғайық.



Оқушы:

Әйелдер ағзасына  темекі ерлерге қарағанда  көп зиян әкеледі. Егер әйелдер жүкті кезде  шылым шексе, ол жатырдағы  балаға  әсер  етеді, бала өлі болып  та тууы мүмкін. Шылымқор әйелдердің  42% -ы бала  сүю бақытынан  айырылады.Олардың балалары аурушаң, әлсіз болады. Мынандай жағдай белгілі болған. Темекі кептірілген  бөлмеге  жас нәресте жатып қалып, ол бала бірнеше сағаттан кейін қайтыс болған. Шылымқор әйелдердің 30%-ы инфаркт миокарда ауруымен ауырады. Олардың терілері  сұрланып, тістері мен саусақтары сарғайып кетеді.



Оқушы:

Кей балалар  темекі тартуды есею деп санайды. Бірақ, олар  өз денсаулығына өздері қылмыс жасаушылар.Темекіні тастау үшін баланың қайраты мен қажырлығы керек. Бос уақытын қызықты  өткізіп, спортпен шұғылданса, темекіні тастау оп-оңай. Сонда ғана өзіңді-өзің орға итермейсің.

Ойлап қарасаң «шегу» деген сөзді 2-ақ сөзбен тіркестіріп  айтуға болады: Азап шегу. Шылым шегу. Темекі құрамындағы  никотиннің зиянды әсерінен ауыздың дәм сезуі нашарлайды, тіс уақытынан ерте бүліне бастайды. Темекінің салдарынан  сілекей бездері де өзгереді. Бұған қоса ауызда сасық пайда болады. Сондай-ақ тілге, ерінге ,таңдайға жазылмайтын жара шығып , ол кейін ракқа айналуы мүмкін. Қысқасы , темекінің адам өміріне зияны көп. Ендеше, шылым шегу деген-азап шегу емес деп айта аламыз ба?

Оқушы:

Темекіні қоюдың әр түрлі әдістері бар.Темекіні бірден қойып кетуге  немесе бірте-бірте күнделікті  тартатын  сигарет санын  азайта отырып қоюға болады. Темекі тастағысы келгендерге арнап қазір құра-мында аздаған  ғана никотині бар арнайы сағыздар шығарылуда. Сол сияқты темекіні өте қажет етіп тұр-ғанда қажеттілікті жоятын дәрілер , темекі тартқанда өзін жайсыз сезінетін, құстыратын дәрілер шығары-луда. Сол сияқты дәрігерлер психотерапия , ине қою , гипноз арқылы да темекіні қойғыза алады. Бұл әдеттен арылудың негізгі жолы шылымқордың ниетіне, тек өзінің ниетіне байланысты.

 

Қолдарына «Бронхит» , «Қатерлі ісік» , «Туберкулез» деген тақтайша ұстаған оқушылар шығады.



Оқушы:          («Бронхит»)              Біз темекі тартатындарды жақсы көреміз.

Оқушы:          («Қатерлі ісік»)         Біз темекі тартатындар қатарын көбейткіміз келеді.

Оқушы:          («Туберкулез»)          Сендердің сандарынның көбейгені біз сияқты ауруларға өте жақсы.

 

Күрк-күрк  көк жөтел,



Күркілдеген не жөтел?

Жасыңнан шексең темекі,

Түбіңе сенің сол жетер.

Түтінмен ыстап  өкпені,

Никотин уын төккені.

Жүректің ұстап талмасы,

Мишықтың құрғап кеткені.

Салауатты өмір сүреміз.

Шекпеңіз енді темекі!

Схема бойынша ағзаға тигізетін әсерін баяндау , тапсыру.

Біз «Шылымқорлыққа қарсы» топ өзіміздің жинақтаған  материалдарымыз осы.

Жүргізуші:  ІІ топқа сөз береміз. «Ішімдікке қарсы»

Ұраны:           «Болар бала кісілікке үйір, тозар бала  ішімдікке үйір»

Стол үстінде нақыл сөздер:

1. «Маскүнем арын сатып  ішеді»

2. «Мас болу өз бетімен жындану деген сөз» (Аристотель)

3. «Бұзықтың көбі мастықтан болады»(Л.Н.Толстой)

4. «Ішпесең –момын торысың,

Ішсең –елдің зорысың,

Отбасының сорысың»

5. Тазда бас бар, шаш жоқ,

Маскүнемде ауыз бар, бас жоқ.

Оқушы:

Маскүнемдік –алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Маскүнемдік тұқым қуалайды. Арақ барлық ішкі құрылысқа әсер етеді, оларды уландырады. Арақ ішу –адамның  өз қолымен өз өмірін  15-20 жылға  қысқарту болып табылады. Балалардың  миының дамуының  40-60 пайыз артта қалу себебі – ата-аналарының маскүнемдігі. Арақ адамның  қорғаныш күшін  төмендетеді. Оны тоқтатпай жұқпалы аурулардан, оның ішінде туберкулез ауруынан  құтылу мүмкін емес. Арақ ішетін  адамның  бес баласы болса , оның төртеуі ауру болып  туылады. Ал төрт баладан  есейгесін  дені сау бала туатынына  кім кепіл? Ішімдікке салынған  адам отбасына ойран салады, алған жалақысын  ішімдікке жұмсайды, үйдегі нәрсені бір шөлмек араққа сатады, әке-шешесінің зейнетақысына жармасады, жұмыс  істемейді, еңбектен гөрі ойында арақ тұрып , тепсе темір үзетін азамат сенделіп көшеде жүреді.



Оқушы:

Ішімдіктің болашақ нәрестеге , бейкүнә сәбиге зиян екендігі  сөзсіз. Арақ-шарап  түгілі сыраның  өзі іштегі нәрестенің  кіндік тамырынан бір-ақ шығады. Баланың іштегі  өлі немесе кемтар болып туылуы көбінесе осы жағдайларға байланысты. Соңғы зерттеу нәтижесіне зер салсақ , ішкен адамда алкоголь зардабы 21 күнге  дейін жалғасатын көрінеді.



Оқушы:

Маскүнем адам ақылынан  айырылып, қасындағы адамдарға  зиянын тигізеді, оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады.

Көп қылмыстарды  шарап ішкен  адамдар жасайды. Жол апаттары  да көбінесе  ішкен адамның кінәсынан болады. Себебі  мұндай жағдайда адам өте ызақор , кекшіл, ашуланшақ болады.

Оқушы: (екі оқушы)

-          Кімде-кім  өзіне өмір беріп , әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе , соларға адал боламын десе,

-          Арақ ішпесін!

-          Кімде –кім сұлу қызға жар боламын десе ,

-          Арақ ішпесін!

-          Кімде –кім өз ұлына өнегелі әке боламын десе,

-          Арақ ішпесін!

-          Кімде-кім өз ортасына  қадірлі адам  боламын десе,

-          Арақ ішпесін!

-          Кімде-кім өз қоғамына пайдалы азамат боламын десе ,

-          Арақ ішпесін!

Оқушы:

Спиртті ішімдікке болма әуес,

Күресу керек саған осы жолда.

«Денсаулық –зор байлық» деп бекер айтпас,

Өмірің ей, достарым,өз қолыңда.

Схема  бойынша баяндау, тапсыру.

 

 

Жүргізуші:



Арақтың басқа да зиянды жақтары да жеткілікті. Ата-бабаларымыз ешқашанда ащы суды серік етпеген, ол кездегі адамдарға салауаттылық жайлы әңгіме өткізудің қажеті болмаған. Ойын-тойдың сәнін ашып, көркін келтіретін спорттық ойындар  мен ән-жырдың шашылған шашуы небір дүбірлі бас қосулардың әрін келтіріп,  адамдардың көңіл-күйін тасытқан.

 

Сонымен келесі топ  «Нашақорлыққа қарсы»



Ұраны:           «Есірткіге жолама, жетелейді молаға»

Оқушы:

Есірткі- бұл адамның көңіл-күйін , сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге  түседі.



Оқушы:

Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана, гашиш және тағы басқалар жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп , зақымдайды. Мұны «мидың қатерлі рагы» дейді. Егер ол асқынып кетсе, адам деградацияға, яғни дағдарысқа ұшырайды.Онда «мен» деген нәрсе болмайды, «балам бар-ау», «әке-шешем мен үшін  жүгіріп жүр -ау» , «ел-жұртқа не деймін?» деген сұрақтарға есеп бермейді.



Оқушы:

Жасөспірімдерді құрыққа түсіру үшін таратушылар түрлі айла –шараға барады. «Бір рет иіскеп көр, одан ештеңе  болмайды» , «Нашақор дегендер тамырға енгізеді, сен өйтпейсің , бұл жәй нәрсе, ұнаса көресің, ұнамаса тастайсың» деп әбден бастарын айналдырады. Адамды ә дегенде тәуелді етіп қояды. Бәрінің де әсер салдары бірдей. Бәрібір қанға түседі, бәрібір сана уланады. Көп шеккен адамның миы құрғап кетеді. Нашақорлар «иіскеген ештеңе емес , мұрынға тұрып қалады» деп қателеседі, тамырға салмасаң болды, зиянсыз деп ойлайды. Шын мәнісінде айырмашылық жоқ. Иіскеген кезде ләззат үшін 0,5 грамм қажет болса, тамырға салғанда 0,1 грамнан-ақ ләззат алады. Бірінші рет көргенде ләззат алады, сосын ағза тәуелді болып  іздеумен өтеді. Қолданбаса ұйқысы бұзылады, буын-буыны сырқырайды. Сөйтіп, бара-бара тек ауырмау үшін іздейді.



Оқушы:

Есірткіні  алғаш  қолданар алдында, ең алдымен, ойлан. Ол ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа. Егер сен қызық ретінде  есірткі сатып алған болсаң, одан тез құтылуға асық. Танысың қанша жерден үгіт жүргізсе де қарсылық таныт.



Жүргізуші:

Кім мұндайды естіпті,

Есірткі жұртты есіртті.

Иіскеген жастардың

Жан –тәнін  түгел кесіпті.

Сақ болайық , ағайын,

Қатерлі жау –есірткі!

Осындай жат әдеттер жаман ауруларға әкеліп соқтырады. Соның ішінде ғасыр дерті болып отырған СПИД ауруына тоқталайық.



Оқушы:

СПИД – әр  әрпі бір ұғымды білдіретін күрделі сөйлем. Осының шығу төркінімен танысып көрейік.

Бұл орыс тілінде мынадай сөздерден қысқартылып алынған:

синдром – С,  против – П,  иммуно – И,  дефицит – Д,  ал қазақша баламасын қарастырсақ, онда «синдром» – қауіпті, қатерлі (өлім),  «против» – тосқауыл немесе иммунитетке тосқауыл жасайтын, «иммуно» – иммунитет немесе қорғаныш қасиеті және «дефицит» – зәру, жоқ, табу, қиын деген, яғни орысша ұғымынан қысқарған  «СПИД»  сөзі  «иммунитетке тосқауылды зарарлар синдромы»  деген мағынаны береді.

СПИД ауруының қоздырушысы өте кішкене денелер – вирустар. Олар қарапайым клеткалардан да кішкене болады. СПИД кеселінің қауіптісі сол – ол адамның «жанды жеріне» үймелейді. Қазақ халқы адамның  «жанды жері» деп жыныс мүшелерін, омырауын және жүрек, бауыр, бүйрек сияқты мүшелерді атаған. Міне, осы айтылған жеке мүшелерде СПИД вирустары тез өрбіп, бұларда кеселді ісік – рак ауруын тудырады.

Адам  СПИД кеселінен өзі  ғана зардап шегіп қоймай, басқа адамдарға да қауіп туғызады. СПИД вирусы үйелеген «жанды» мүшелерді емдеуге көп уақыт кетеді, себебі бірден ол айқын біліне қоймай, басқа ауруларды өзіне серіктес етіп, алғашқы дәрігерлік тексерулерде байқалмай басталатын апат ауруы.

СПИД ауруы адамға қалай жұғады және қалай сақтануға болады?

Қазіргі медицина ғылымының зерттеуі бойынша СПИД ауруымен ауырған адамнан екінші біреуге қан және жыныс жолдары арқылы беріледі. Ендеше СПИД вирусы еркектен жұғып, ал ұрпаққа, басқа адамға әйел арқылы таралады.

Сонымен қатар, бұл қауіпті аурумен сәбилер де, жасөспірімдер де ауруы мүмкін. Бұлардың  мұндай науқасқа ұшырауына емханаларда ине салып, қан алғанда немесе дәрі еккенде шала қайнаған инені пайдалану себеп болады. Қазір мемлекет тарапынан, медицина ғылымының талабы бойынша халықты емдеуде тек бір рет пайдаланылатын дербес инелер (шприц) қолданылуы көзделіп отыр.

СПИД-пен ауырмау үшін алдын ала шаралар жасалынып, адамдар саналы түрде тәртіп сақтауы қажет.

Тазалық сақтау гигиенасын мұқият орындау – әр адамның өзіндік қасиетіне байланысты. Әрбір адам төсек-орнын, тіс жуғышын, сабынын, сүлгісін, ішкі киімдерін, тырнақ, шаш, сақал-мұрт алатын құралдарын жеке, дербес ұстауы керек.

Жол үстінде, туристік лагерлерде кез келген адамдармен қарым-қатынаста жеке бас гигиенасына ерекше назар аудару керек. Осы айтылған кеңестерді көңіліне түйген жас адам, мұндай аурудан аулақ болады.

 

Жүргізуші:

Осының нақты дәлелі ретінде бүгін біздің  конференциямызға СПИД ауруына шалдығып, өмірден күдер үзіп келіп отырған «Жұмбақ кейіпкер» бар.  Енді біз  «Жұмбақ кейіпкердің » әңгімесіне құлақ  түрейік .

«…Мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге  жеттім. Өзім секілді  достарым да  көбейді. Олар арқылы  сарғыш сұйық құйылған  инеге аңсарым  ауды. Не құдіреті бар екенін білмеймін сол бір инені  көрсем  аузымнан  суым ағып , есім кететін. Мен сол құлдырағаннан  құлдырай бердім. Бірде қатты суық тиіп , ауруханаға түстім. Дәрігерлер  менің СПИД –пен ауыратынымды анықтады.

4-5 жыл  оны білмей жүріппін .

Таусылмақ  дәм. Бітпек өмір өзенім.

«Өлермін» деп күңіренем, күйзелем,

Мені есірткі найзасымен түйреген.

Өз әлімше  арман- көлде жүзе алмай,

Қанатымнан қырқылатын күйдемін.»



Жүргізуші.

Естіп отырсыздар оқушылар , «Жұмбақ кейіпкер»  басына  төніп тұрған  қайғы мен  өмірдің ащысын көріп , өмірден түңілген күй кешіп  отыр. Осындай өмірге кейінгі кезде шыдай алмайтын  сияқты. Сіздер қандай ойдасыздар? «Жұмбақ кейіпкерге» сұрақтарыңыз бар ма?



Сұрақ:

Сізді осындай жағдайға  итермелеген қандай  себеп болды және кімді кінәлай аласыз?



Жұмбақ кейіпкер.

Мен жағдайы  әжептәуір  отбасында дүниеге келдім, әп деп өсе бастағаннан  ештеңеден таршылық көргенім жоқ. Басқа балалар  ішпегенді іштім, кимегенді кидім. Бір сөзбен айтқанда өте ерке болып өстім. Әке –шешем  барлық дегенімді жасады. Анда-санда әкем мен тентек болған кезде айғайлап ұрса бастаса анам «ойбай ,  жалғыз балада нең бар?»  деп ара түсетін. Менің бұлай  өмір сүруіме тек өзімнің  еркелігім мен тентектігім және баршылық, мол ақша, қасымдағы өзім секілді достарым деп ойлаймын. Кейде осыған жол берген ата-анамның екі түрлі тәрбиесі себеп болды ма деп те ойлаймын.

Соңғы  кезде өмір туралы , табиғат,жаратылыс туралы көп ойланатын болдым. Маған енді адамнан да , басқадан да көмек жоқ екенін сездім! Сондықтан сендерге айтарым , мен ішкен уды ішпеңдер, денелеріңді тесіп ,  өзіңді азаптама , мен жүрген ізбен  жүрме демекпін!

Жас жеткіншек! Өздеріңе  өлер кезде  айтып кету борышым

Ауырсаңдар  бұл кеселмен , дәрігер де бере алмайды  қол ұшын.

Құтқаратын  күш жоқ , онда әлсіз , тірі өліксіз,

Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін.

Жүргізуші: Міне «Жұмбақ кейіпкер» әңгімесін тыңдап болдық. Енді әр топтан 1 оқушы шығып мына компьютердегі сұрақтарға , тапсырмаларға  жауап беріңіздер. Салауатты өмір салты деген не? Сұрағына жауап беру.

Жүргізуші:

Міне, оқушылар  әр адамның  мәнді де, сәнді , өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз екен. Сондықтан  да өмірлеріміздегі ең жарқын  жастық шақтарымызда дендеріміздің саулығына  бүгіннен бастап қамқор  болайық. Жастық шақтарымыздың тамырына  анаша, арақ, темекі балта болып шабылмасын! –деп өз сөзімді тәмамдағым келеді.



Барлығы:                                          

Есірткі құрысын ,

Ішімдік жойылсын.

Дені сау қазақтың

Ұрпағы көбейсін.

Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейіп,

Қазақтың сымбатты

Ұл-қызы көбейсін!

Темекінің адам өміріне зияны

 Сабақтың мақсаты:

1.  Оқытып үйрету: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.

2 Тәрбиелік мақсаты: маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.

3. Дамыта оқыту: темекінің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілер мен түрлі түсті диафильмдер арқылы көз жеткізу.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Жасөспірімдерге арналған ереже.

2.    Темекіден болатын аурулар.

3.    "Темекінің адам ағзасына зияны" тақырыпта түсірілген диапозитивтер.

4.    Темекі тартуға қарсы ұйымдастырылған сурет көрмесі.

5.    Ұлы адамдар сөзінен цитаттар.

6.    Тақырыптарға байланысты суреттер.

7.    1974 жылы Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі тартумен күрестің тұтас жүйесін жасаған, соның шарттары.



Сабақтың түрі: пресс-конференция.

Сабақтың барысы:

I.   Ұйымдастыру. Кіріспе.

II.    Пресс - конференцияға қатысушылармен таныстыру.

III.     Темекінің шығу тарихы

ҮІ. Жас өспірімдердің, адамдардың темекі тартуының себептері.

Ү. Көрініс. Әке мен бала.

ҮІ. Темекіден болатын аурулар.

ҮІІ. Диапозитив.

ҮІІІ. Темекімен күрес.

IX.    Темекіні тастауға бола ма? (дискуссия)

X.   Темекі тартудың спортқа қандай әсері бар? (спорт маманы).

XI.     Қорытынды.

XII. Ү-ҮІІ сынып окушыларының міндеттеме қабылдауы.

      Пресс-конференцияға қатысушы мамандар:

1.   Медицина ғылымынын докторы, академик.

2.   Жас өспірімдер ісімен айналысатын милиция инспекторы.

3.   Гимнастика мен аэробика маманы, еліміздің жастарьш эстетикалық, этикалық түрғыдан тәрбиелеуде көп жылдан бері қажымай-талмай еңбек етіп келе жаткан спорт маманы.

І-жүргізуші. Кіріспе.

- Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр.



П-жүргізуші. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан -2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

1   - бағыт. "Темекі шегуді тоқтату";

2   - бағыт. "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";

3   -бағыт. "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес".


Бағдарламада былай делінген:

"Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді". Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек".

Тілшілер:

1.    "Дидар" газетінің қызметкері:

2.    "Ақ Ертіс" журналының тілшісі.

3.    Спорт маманы.

Пресс - конференция негізінен маман иелері мен тілшілер арасында сұрақ-жауап ретінде өтеді.

Сұрақтар:

1.    Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?

2.    Темекі тарту туралы кітап   көп дегенмен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз?

3.    Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде?

4.    Көрініске байланысты сұрақтар.

5.    Дәрігер никотин деген сөз туралы айтты, никотин деген сөз қайдан шыққан?

6.    Темекіден болатын ауруларды атап көрсетіңіздер!

Зиянды әдеттерге, алкаголь ішімдіктеріне үйір болу, нашақорлық, темекі тарту жатады.

Әділін айтсақ, бұлардың қайсысы болса да қайғылы жағдайға соқтыратын құмарлық кесел. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келеді. Ішімдік, нашақорлық, темекі адам организміне өте қауіпті. Бірақ біз бүгінгі шағын уақытымызда бүл мәселелерді бірден қамти алмаймыз. Сондықтан бүгінгі күніміздің тақырыбын "Темекінің адам ағзасына зияны" деген тақырыпқа арнасақ.

Құрметті балалар, темекіге байланысты сұрауларыңызды әр түрлі маман иелеріне ауызша, жазбаша тапсыруларыңызға болады. Оған дейін мен темекінің шығу тарихына тоқталайын.

Сұрақ. Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?

Жауап. Темекі тарту ХҮ ғасырда 1496 жылы басталды. Алғаш темекі дәрі ретінде Испанияда бастады.

Сұрақ. Темекі тарту туралы кітап көп дегенімен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз.

-Темекі тарту әдеті жайлы ең алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьеда жазды. Ол Америка тұрғындарының адамгершілігі мен әдет ғұрыптары деп аталады. Онда қысқаша былай делінген. "Расанолла" аралында тұратын халықтың тым зиянды әдет-ғұрыптары, олар қасиеті жағынан меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танаулары арқылы ішіне тартып мас болады. Онысы "тобоко" деп аталады.

Жүргізуші.  Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде.

-Адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға байланысты:

а)  топқа еліктеу, яғни, темекі тартпайтын жас қыз немесе бала топқа қосылу үшін солардың ыңғайына көніп, жаман өдетін бойына сіңіргісі келеді;

б)  жеке ұнатқан адамына еліктеу бұл жерде темекі тартпайтын жас қыз немесе бала ұнатқан адамының жаман қасиеттерін бағаламауынан темекі тартуды өзі де бастауы мүмкін;

в)   ересек болуға тырысу;

г)   өмірдегінін бәрін байқап көруге тырысу;

д)  ата-аналардың дұрыс тәрбие бермеуі мектеп жасындағы жасөспірімдердің көпшілігі темекінің зиянын білмегендігінен тартады.

Көрініс (Бала столда сабақ оқып отырады, әкесі келеді).

Әкесі: Ә-ә-ә, балам қалай сабақ оқып отырсың ба?

Дұр-ы-ы-ы-с Қалай сабағың жақсы ма?



Бала: Жақсы ғой папа, бірақ сені мұгалім мектепке келсін деді.

Әкесі: Немене? Тағы бір нәрсе бүлдірдің бе? Кәне әкелші күнделігіңді (күнделікті алып оқиды) балаңыздың тәртібі нашар, мектепке келіп кетіңіз. Сынып жетекшісі

- Әй, сенде бір жағымсыз иіс бар ғой, темекінің иісі шығады ғой.

Бала: Жо-қ папа, өзіңнен шығып тұрған шығар. Өзің тартқан шығарсың.

Әкесі: Көп сөзді қой, кәне тұр былай, (қалтасын ақтарып темекі, сіріңке шығарады).

Міне кере-е-е-мет. Сен енді темекі тарта бастағансың ба?



Бала: Жо-о-оқ папа, мамам салып қойған шығар.

Әкесі: Мен саған салғанды, тартқанды көрсетейін (белбеумен ұра бастайды).

Бала: Ұрмашы папа, ұрмашы ой-ой!

Мамасы: жүгіріп келеді. Әй-әй не болып қалды (баласын арашалап қорғап қушақтай бастайды).

Әкесі: Андағы ақмақтан сұра, не істеп жүргенін, енді темекі тартуды бастаған.

Шешесі: Балам-ау не дейді. Қашан тарттың, кім үйретіп жүр?

Бала: Көршінің баласы тартып жүр ғой, сол жақсы деген соң, сендер жұмысқа кеткенде тартып көргем.

Шешесі: Ә-ә-ә күнім сол, тартып көрген екен ғой (басынан сипайды).

Бала: Мама, алғаш аузым мен танауымды ашытты, түтінін будақтата шығардым.

Шешесі: Күнім сол, будақтата шығарады.

Бала: сөйтіп тағы сордым, сол кезде басым айналып кетті, түрімді көрейін деп айнаға қарай бергенімде, аяғым тәлтіректей бөлме іші шыр көбелек айналып кетті.

Шешесі: Әбден қиналған екен ғой шырағым.

Бала: Аяғымды әбден басып айнаға қарасам өзімді өзім танымай қалдым. Мама, көзім қасқырдың көзіндей алайып кетіпті.

Әкесі (балаға тағы ұмтылып): Сонда неге өле қалмаган екенсің.

Шешесі: Қой, қой деймін (Баласын қорғайды).

   Бала: Мама, сосын әрең дегенде диванға отырдым. Жүрегім айнып, құсқым келеді, тұла бойым әлсіреп, демім бітіп, тұншығып кеттім.

   Әкесі: Енді неғып тартып жүрсің.

Бала: Мама сосын диванға құлап ұйықтап қалыппын.

Әкесі: көрдің бе, мұның  істеп жүргенін (тағы да ұра бастайды, енді неғып тартасың).

Бала (шешесіне қарап): Мама папам да тартады, тартса не болады. Қазір менің бұрынғыдай құсқым келмейді, басым айналмайды, көршінің баласы екеуміз күнде тартып жүрміз. Қазір мен одан да жақсы тартамын.

Әкесі: Ойбай-ой мектебіне, сыныбына, жетекішсіне не дейміз.

Шешесі: Тартпайды дей сал.

Жүргізуші: өздеріңіз көріп отырған сахналық көрінісінен темекі тартудың басты себептері, еліктеу, ересек болуға тырысу, өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу, әке-шешенің дұрыс тәрбие бермеуі, ең бастысы жаңағы Ерболдың темекінің зиянын білмеуінен екеніне көзіміз жетті. Ендеше, осыған байланысты мынандай сұрақ түсті.

Ербол темекіні алғаш тартқанда өте ауыр жағдайда болды, бұл ненің өсері? Бұл сұрақ дәрігерге арналыпты.



Дәрігер. - Ерболдың алғашқы күйі темекі тартудың бірінші фазасы деп аталады. Ербол алғаш тартқанда темекінің улы заты никотинімен уланады. Никотиннің темекіде болатын түсі сары сұйық зат. Суға және майға тез ериді, теріге тез сіңеді. Оны ауыл шаруашылығында зиянды жәндіктерді өлтіруге пайдаланады. Никотин нерв жүйесінің жансызданып қалуына әсер етеді. Никотин адамға өте қауіпті. Онымен уланғанда көз қарауытып, тамыр қысымы күшейеді, құсады, бұл кезең темекі тартудың бірінші фазасы.

Сұрақ . Әкесі келген кезде Ербол сіз айтқандай емес, ешнәрсе болмағандай айтады, ал соның алдында ғана темекі тартқан, тіпті қазір менің бұрынғыдай басым ауырмайды, құсқым келмейді деді ғой, осының себебі туралы не айтар едіңіз.



Дәрігер. Ол кезең темекі тартудың екінші фазасы. Ерболдың организмі никотинге біршама дағдыланды, біртіндеп оған деген құштарлықты арттырады, тартқысы келіп тұратыны содан.

Жүргізуші. Сізге көп рахмет, сұрауларыңыз бар ма?

Сұрақ Дәрігер никотин деген сөз туралы айтты, никотин деген сөз қайдан шыққан?

Тарихшы, ғалым. - Бұл сұрақка мен жауап берейін. Португалияның Париждегі елшісі Жак Никаның есіміне байланысты. 1560 жылы әйел патша Екатерина Медичидің басының сақинасы ұстағанда Жак Ника дәрі ретінде әкеліп берген. Міне, темекі осы кезден бастап алғаш емдік шөп ретінде пайдаланылған.

Жүргізуші: -Сізге рахмет, біз темекі тартудың себептерін, шығу тарихы жөнінде біраз мәліметгер алдық, енді біздің пресс-конференцияға қатысушыларымыз жасөспірімдердің көбі темекінің адам ағзасына зияны жөнінде көп біле бермеңді. Сондықтан құрметгі маман иелері енді темекінің зияны неде, осыған токталайық

Дәрігер. Бұл сұракқа темекі тартудьщ 3-ші кезеңі жатады, бұл кезенде темекі тартушы адам рахаттанғандай болады. Бірақ, темекі тартушы адам оньщ зардаптарын ұғына бастайды. Бұл кезеңде темекіге құныққан адам, темекі тартып алмаса ешнәрсе шеше алмайды, бөлме көк түгінге тольш, отырған жері темекі қалдықтары мен күлге үйіліп калады, жиі-жиі жөтеледі, кеудесі сырылдайды, аузы ойылады.

N1 диафильм. - Мына көріп отырғандарыңыз темекі тартпайтын, никотинмен уланбаған адамның таза өкпесі, ал мынау темекінің никотинімен уланған адамның өкпесі. Мұнда адамның өкпесі темекі ысынан әбден уланған. Осылай біртіңдеп рак ауруына шалдығуы мүмкін.

N2 диафильм. - Ал мына көріп отырғандарыңыз, темекі тартпайтын адамның тыныс жолы мен темекі шегетін адамның тыныс жолы. Темекі шегетін әбден үйренген адамның жөтелуі, кеудесінің сырылдап тұруы осыған байланысты.

N3 диафилъм. - Ал мынада темекі тартушыларда көп кездесетін ракка айланьш, әбден ісіген өкпе көрсетілген.

Сұрақ.  Темекіден болатын ауруларды атап көрсетіңіздер.

Жүргізуші. Бұл сұраққа болашақ дәрігерлер жауап береді. Сіздер темекі тартудан болатын ауруларды түсіндірсеңіз.

- Стенокардия - темекі тартудың көп тараған қасіреттерінің бірі. Темекі тартудан болатын стенокардия ауруына шалдыкқандардың кеудесі қысылып әлсірейді. Бұл ауруға шалдыққандардың өмір қысқарады. Мұндай ауруға шалдықкан адамның өмірі қысқа болады.

- Эндартерит - темекі тартудан болатын ауру. Төменгі қан тамырларының біресе кеңейіп, біресе тартылуы осыған байланысты. Бұл ауру кезінде адамның жаны қатты қиналып, адам жүріп келе жатып еріксіз тоқтап, отыруға мәжбүр болады. Сәл тоқтап отырса ауруы басылады. 50-70 м жүрген соң қайта ауырады. Мүндай ауруға шалдықкан адамдардың қан тамырларынын кеңею қабілеті жетіспейді.

- Құрғак гонгрена - темекі тартудан болатын аурудың жалғасы. Бүл ауру кезінде жүрек бір калыпты қан айналымын қамтамасыз ете алмайды. Аяқтың башпайлары суланып, көгере бастайды, осыдан аяқ жансызданады, оны кесуге тура келеді.

-  Ісік   аурулары   никотин уының тамырларға қатты әсер етуінен болады. Темекі түтінінің шамадан тыс әсер етуінен асқазан, ащы ішек ісік ауруына әсер етеді. Темекі тартушылар арасында өкпе рагы, көмей рагы өте жиі кездеседі. Мына көріп отырғандарыңыз таза асқазан, ал мынау көбінесе темекі никотинінен болатын жара түскен асқазан, осы жара біртіндеп үлғаяды. Бұл ауру темекі тартатын адамдарда көп кездеседі.

Ал мына көріп отырғандарыңыз темекі тартушыларда көп кездесетін, ракқа айналып, әбден ісетін өкпе көрсетілген. Мынау темекі ысы мен никотиннен болған ерін рагы. Ал мынау сау адамның көмейі. Мына көріп отырғаныңыз темекіден ракқа айналып шіри бастаған көмей.



Жүргізуші. -Бүгінгі пресс-конференция тақырыбына сай газетте былай деп жазылыпты.

Темекі тартатындардың 25 процентінің көңіл күйі төмен, 30 процентінің тыныс алуы қиындайды, 10 процентінің үйқысы қашады, дәрі-дәрмекке әуес болады.

-    Сұрақ. - Темекі тартумен күрес туралы не айтар едіңіздер?

Тарихшы, ғалым. -Европа ХҮІІ ғасырда темекі тартумен күрес жүргізуді бастады.

Мысалы, Англияда темекі тартқаны үшін айыпталады, тұзақ салып, көшелерде дарға асты. Темекі тартуды тоқтату мақсатында адамдар арасында үрей туғызу үшін, аузында темекісі бар кесіп алған бастарды алаңға, жұртшылықтың көз алдында іліп қойды. 1860 жылы Францияда темекі тартушылармен қызу күрес жүргізілді. XIII Людовик темекіні сатуға тыйым салды, орыс патшасы 1634 жылы темекі тартушыларга өлім жазасын қолданды, түрмеге қамап, алыс жерлерге жер аударды.

Тілші. Бұған қосымша біздің ғасырымызда темекімен қалай күрес жүргізгені жөнінде мынандай факт бар.

1974 жылы Бүкіл дүниежүзін денсаулық сақтау үйымы темекі тартумен күрестің түтас бір жүйесін жасады. Онда мынандай шарттарға келісіпті.

1)    Темекі түтініндей заттарды қораптарға көрсетіп жазу.

2)    Кәмелетке толмағандарға темекі бүйымдарын сатуға тыйым салу.

3)    Қоғамдық жүмыс орындарда темекі шегуге тыйым салу.

4)    Темекі тартудың зияндылығын түсіндіру.

5)    Темекі егілетін аймақтардың көлемін азайту.

Жүргізуші. Темекі тартатын жас пен тарпайтын жас арасында қандай айырмашылық бар?

Жауап. Темекі шегетін жас пен тартпайтын жас арасында айырмашылық өте зор. Темекі тартатың жас адамның кеуде клеткасының көлемі, өкпесінің, жетілуі темекі тартпайтын жас адамнан 25% артта қалған. Олар жиі суыққа ауырады. Өкпесінде сырыл болады. Осы айтылғандардың бәрі темекі тартудың басталғанына 2-ақ жыл болған адамдарда кездеседі.

Сұрақ: Темекіні тастауға бола ма?

Жауап: Болады, ең бастысы, ол адамның жеке басына байланысты. Темекі тартуды тастағандар алғаш қолайсыз жағдайды бастан кешіреді. Ашушаң болып, көңіл күйі төмендеп, темекіге әуестеніп түруы мүмкін. Әйтсе де, біраздан соң олардың жағдайы жақсарады. Темекі тартуды тастағандар оны мүлде үмытуы керек, ойына алмай тартатындардан аулақ болуы керек.

Сұрақ.  Жастар темекі тартпауы үшін не істеу керек?

Жауап. Баланың бойында темекіге деген жиіркенішті ояту керек. Темекі тартатындар ересек, дербес, қажырлы адамдар емес, керісінше олардың ерік жігері мен өзін-өзі ұстауы толық жетілмеген адамдар екенін білу. Олардың көбі темекінің зиянын біледі, бірақ оны қоюға ерік жігері жетіспейді. Темекі тарту адам баласының үлкен кемшілігі.



Жүргізуші. Енді темекі тартудың спортқа қандай әсері бар екен, бұл сүраққа спорт маманы жауап береді.

Спорт маманы. - Темекі тартатын жас спортта үлкен табысқа жете алмайды. Никотин бойдағы қажыр-қайрат пен бұлшық еттің ширақтығын, қозғалыс сәйкестігін, шапшандықты, төзімділікті төмендетеді. Сондықтан темекі тарту жүзумен, бокспен, жүгірушіге, конькимен, шаңғымен шұғылданушыларға зиянын тигізеді.

Каталог: uploads -> doc -> 0e02
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e02 -> Cабақтың тақырыбы: Cуреттермен жұмыс істеу. Сабақтың мақсаты: Білімділік
0e02 -> 28 Ш. Уалиханов атындағы орта мектебі кмм 2016-2017 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған жұмысының жылдық есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет