Желтоқсан жұлдыздары


Экологиялық білім мен тәрбие берудің өзектілігі



бет5/9
Дата20.06.2018
өлшемі238,73 Kb.
#43674
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Экологиялық білім мен тәрбие берудің өзектілігі

Экологиялық тәрбие және ағарту (Экологическое воспитание и просвещение) — адамды қоршаған табиғи ортаны ұғынып қабылдауға, табиғатқа ұқыпты қараудың қажеттілігіне сендіруге, оның байлықтарын жоғары саналылықпен пайдалануға дағдыландыру.[1]

Экологиялық ағарту. БҰҰ Қазақстанды экологиялық жағдайы өте нашар елдердің қатарына жатқызады. Қазіргі таңда табиғи байлықтарды пайдалану тонаушылықпен жүргізілуде. Қоршаған ортаны қорғау туралы, ерекше қорғалатын аймақтар туралы заңдар, қажетті нормативтіқ-құқылық базалар, экономикалық механизмдер болғанымен іс жүзінде ол заңдар, ережелер өз дәрежесінде жұмыс істемей жатыр. Мұның бір себебі, азаматтардыңэкологиялық мәдениеті деңгейінің төмендігі. Экологиялық мәдениет - бұл азаматтардың экологиялық сауаттылығы, ақпараттармен хабардар болуы, табиғатты тиімді пайдаланудың нормаларын күнделікті орындау белсенділігі мен сенімділігі.

Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес.

Қоғамдық экологиялық сана қоғамның экологиялық проблемаларымен күресуде мықты фактор болып табылады. Мысалы, Жапония - табиғатты қорғау саясатында үлкен жетістіктерге жеткен мемлекет. 60-шы жылдардың соңындағы үлкен экологиялық қарсылықтар мемлекеттік табиғат қорғау жүйесін құруға алып келді. Ол кездегі жүргізілген саясат тек экономикалық өсуді ғана алға мақсат етіп қойып, қоршаған ортаның жайы еш ескерілмеді. 70-ші жылдардың бас кезінде қоғамдық пікірлердің қысымымен Ұлттық экологиялық стратегия іске аса бастады. Қазір Жапония экологиялық саясаты жағынан дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі. 60-70-ші жылдардағы АҚШ-тағы осындай жағдай да үкіметті экологиялық проблемаларды шешуге мәжбүр етті.

Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді.

Экологиялық тәрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек. Жеке тұлғаның түзілуі негізінен отбасында жүреді. Сондықтан ата-ана баланың қоғамдағы негізгі мінез-құлық нормаларымен қатар, экологиялық мәдениеттің де негіздерін үйрете бастауы керек. Қазіргі кездегі ситуациялардан кейбір парадокстарды байқауға болады. Көбіне, балалардың экологиялық білімділігі ата-аналарының деңгейінен әлдеқайда жоғары. Ата-аналары мен балалары өздерінің зерттеулерінің нәтижелері бойынша, қоршаған ортаға ешқандай жамандық жасамай-ақ тіршілік ортасына белгілі бір дәрежеде зиян тигізіп жатқанымызды байқауға болады: қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды оңды-солды шашудамыз, суды, ауаны ластаудамыз, көптеген тұрмыстық қоқыстарды шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады - бұл суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, озон бұзатын заттары жоқ аэрозольдарды қолдану және т.б. Сөйтіп экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіле бастайды.

Одан кейінгі экологиялық тәрбиенің қалыптасуы қоғамның қатысуымен болуы керек. Бұл көбіне елдің басшыларына, олардың экологиялық мәдениетінің деңгейіне, қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсаттарына қаншалықты көңіл бөлініп жатқанына байланысты.

Экологиялық тәрбие беруді әртүрлі жолдармен жүргізуге болады. Бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының (БАҚ) және Қоғамдық экологиялық ұйымдардың ролі зор. БАҚ бірінші болып экологиялық қолайсыз жағдайлар туралы дабыл қағып халықты құлағдар етіп отыруы керек. Осының арқасында халықтың экологиялық сана-сезімі өсіп, көтеріледі.

Экологиялық тәрбие экологиялық білім берумен толықтырылады.

Экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.

Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.

Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.

Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек. Экологиялық пәндерді оқыту жоғары оқу орындарының барлығында жүргізілуі керек. Алайда, жоғарыда айтылғандай, экологиялық ағарту жұмысы тек оқытумен ғана шектелмеу керек, бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының, қоғамдық экологиялық ұйымдардың да ролі зор.

Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік принципі бойынша, әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі.



Үздіксіз принципі, азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.

Сонымен, экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Экология міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.

Экологиялық ақпараттар алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуы бойынша Қазақстан қол қойған Орхус Конвенциясы халықтың экологиялық саясатқа қатысуына үлкен жол ашады.

Қазіргі таңда экологиялық дайындықтан өткен тәрбиешілердің жеткіліксіз болуына және оқу құралдары мен бағдарламалардың болмауына байланысты 323 000 бала экологиялық тәрбие беру жүйесінен шет қалып отыр. 3 млн-нан аса оқушылар оқитын республика мекетептерінде экология сабақтары жүйелі түрде өткізілмейді. Оқу процесінде пайдаланатын экология пәні бойынша оқулықтар мен оқу құралдары ескірген, қазіргі таңдағы Қазақстандағы экологиялық проблемалардың ерекшеліктерін көрсете алмайды. Осы күнге дейін елімізде экологиялық білім берудің біртұтас бағдарламасы және экологиялық арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер жоқ деп айтуга болады.

Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру біршама кәсіби деңгейде жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында экологиялық пәндері бар факультеттер бар. Айта кетерлігі, халықаралық талаптар бойынша эколог-мамандарды даярлауда тек жетекші университеттер ғана есепке алынады.[2]

Жол ережесін білу-бәріне міндет



Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке,ақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Кіріспе сөз.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Балалар ,бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге дайынбыз ба?

Ой қозғау.

-Ендеше ,балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?

-Көшеде жүру тәртібі

-Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?

жаяу жүргінші тротуар

 

машиналар бағдаршам инспектор қиылыстар жол белгілер



-Жол ережелер қаласының тапсырмаларын 3-топқа бөлініп ,сайысқа түсеміз.

1-оқушы: (бағдаршам болып киінген оқушы)

 

Бағдаршам аты



Көп көзі бар батыр

Тоқ болғанмен заты

Өзінде көп ақыл

Тұрады ол дәйім

Бұрышында жолдың

Қиып өткен сайын

Қарайтұғын балғын

-Сонымен балалар, біздер бағдаршамды «көп көзі бар батыр» екен дедік. Кім айтады бағдаршамның неше көзі бар?

-Ендеше біздің топтарымыз осы бағдаршамның көздеріне байланысты атауларын алып отыр. Қай топтың мүшелері тапсырмаларын дұрыс орындаса, «Үздік жүргіншілер» атағына ие болады.

Арманға алда күткен асығармыз,

Біз талай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.-деп сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1.Өз орынды тап!

2.Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы

3. Қала әліппесі (топ басшыларымен жарыс)

4. МАИ емтиханы

5. Сен білесің бе?

6. Шығармашылық жұмыс. (өлең құрастыру)

Таңдап алған бағдаршамның көздерінің белгілеріне лайықты ма екенін білейік



1-кезең бойынша «Өрнын тап» ойынын ойнаймыз. Әр топтан өздерінің шартты белгілерімен бағдаршамдағы орнын табады және топтарын қорғайды.

Қызыл топ

Сары топ

Жасыл топ

Мұғалім: -Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады? Реттеуші инспектор қызметкері ала таяғымен тұрады.

Келесі сайысымыздың бөлімі «Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы» . Өздерін қалап алған ұпай бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер.

1. Мына белгі нені білдіреді? (Абайла,балалар!) 5 ұпай 2. Мына белгі нені білдіреді? (қозғалысқа тиым салынады) 5 ұпай

3.Сымға асылып,жүр асығып. ( троллейбус) 10 ұпай

4.Мына көліктер қалай аталады,көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады? ( Өрт сөндіру-01,жедел жәрдем-03 МАИ-02 ) 10 ұпай

5.Автобусқа қай есіктен мініп,қай есіктен түседі?( алдан түсіп,арттан мінеді) 15 ұпай

6. Жол белгілерін атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? (7 топқа) 15ұпай

-Балалар, жол ережелер қаласында да қала әлііппесі бар. «Жол белгілерді» қала әліппесі дейміз.

-Ендеше «Жол белгілер» бөлімізде топ басшылары сайысқа түседі. «Жол ережелері» қаласындағы жол белгілер бойынша білімдерін сыналады. Өздерін таңдап алған белгілер бойынша белгілерді тауып жинақтап МАИ бастығына тапсырасыздар.

Жол белгілерін тапқандарын тексеріп жіберейік:



Ескерту белгісі: Қып-қызыл үшбұрыш

Ескерту белгісі мен болам

Қауіптен сақ бол деп

Сәт сапар жолдаған.



Тыйым салу белгісі

Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар бағдарла,көз салып жан-жақта.

Нұсқау белгісі :Баратын жерінің бағыты тұрағын

Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

-Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? Жүргізуші куәлігі. Ендеше келесі 4-кезеңіміз МАИ емтиханы. МАИ етиханын сәтті тапсырсаңдар МАИ бастығы жүргізуші куәлігін табыс етеді.

4-кезең МАИ емтиханы. Сауалнама

1.Жүргіншілер деген кім?

А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар

С) белгілер

2. Мына белгі нені білдіреді?

А) кіруге тиым салынады В) басты жол С) жол беріңіз!

3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?

А) болады В) болмайды С) білмеймін

4.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?

А) аялдамалардан В) кез-келген жерден С) дүкен алдарынан

5. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс
А) кез-келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен

6. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?

А) 10 В) 12 С) 14

7. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?

А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері

8. Мына жол неше қозғалысты? А) 4 В) 2 С)1

9. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?

А) сары В) жасыл С) қызыл



5-кезең «Сен білесің бе?». Бұл кезеңде берілген тапсырмаларды сандар,белгілер арқылы жауаптарын көрсетесіздер. Әр дұрыс жауапқа 5 балдық жүйемен бағаланады.

Велосипед жолы деген белгісін көрсет

 

«Р» деген белгі нені білдіреді ? Тиісті белгісін қой

Қызмет көрсететін белгілерді санмен көрсет.

 

Келесі соңғы 6- кезең «Шығармашылық жұмыс.» Жол ережесіне байланысты тірек сөздермен өлең құрастыру



Өлең құрастыру

———— балалар

————- тротуар

————– ұмытпа

————– сақта!

Жол тәртібі кімге керек-бірге ойланып көрелік,

Әрқайсысың қылығына әділ баға берелік.

Ережені жақсы білген ортаға шық жас ұлан,

Әділқазы алқаларда келесі сөз кезегі деп сөзді әділқазыларға береміз.

«Үздік жүргіншілерді» анықтау.



Қорытынды Қай көше,қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі Заңды тәртіп,

Ол ортақ! Үлкен-кіші баршамызға.



Қарттарым – асыл қазынам

Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: Көп жасаған қария-

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

 Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай «» атты кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Жанасбаев Жиренбай ағайға береміз.

Жүргізуші:

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген  қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.

Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме.

Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.

Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.

Бұл моральдік  құқыны құрметтей білу керек.

Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,  ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық  жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

 Ән: «Әке туралы жыр»   орындайтын: Майлыбай Айнұр

1-оқушы:  Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жас баладай жаутаңдаған жанары,

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

Ниеті ақ, көңілі кең даладай,

Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.

2-оқушы: Ақиқатты айқындап жариялар

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын

Бара жатыр сарқылып дариялар.

Неменеңе жетістің, бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп әнеки жағада тұр.

Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,

Сонда орнайды жетімдік басымызға.

Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,

Бір күлшесін бөліскен ашымызға.

Неменеңе жетістің, бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр…



3-оқушы: «Реніш»  (Мұқағали Мақатаев)

Әй, балам – ай,

Шамалы – ау түсінігің,

Қандай болар, білмеймін кісілігің…

Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені

Жауар күндей қабағын түсіруін!

Әй, балам – ай, шамалы – ау түсінігің…!

… Жоқ, балақай!

Мен сендей боп өспедім!

Мына мінез – мінезім емес менің.

Адамдардан қарым алу үшін

Не көрмедім, өмірде не кешпедім.

Аяры жоқ адуын жауыздықтан

Алып шықтым арымды тамыздықтап.

Амалым не жастықтың кер тұлпарын

Тасқа қамап тастадым ауыздықтап.

Қиып түсер қыршын ем алмасы көп,

Қидым бәрін сен өксіп қалмасын деп.

Мінезің – ай, балам – ай, мінезің – ай,

Кетпегей – ді мерт етіп, жарға сүйреп.



Жүргізуші: Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен – билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім – тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.

Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі – тәрбие. В. А Сухамлинский: «Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл »,- деп айтқан.



Би: Аққу биі                 

Көрініс:

Оқушы: Бүгін біздің сүйікті атамыз Мақалбай бізде қонақта. Ол бізге бар мейірін, бар ақылын төгіп келіп отыр. Мақалбай ата, ендігі сөз өзіңізде.

Мақалбай ата: Ата – анаңды құрметтесең,

Сенде жақсылық игілік көресің

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер

Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ

Әке – асқар тау,

Ана – бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ.

Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең,

Қартайғанда сені де етер ізет.

Маған мынаны айтып беріңдерші, балаларым.

Дүниеде не қымбат?

Не қатты?

Не тәтті?

Жеті тойымсыз бен жеті жұрты атап беріңдерші?

Балалар жауабы тыңдалады.



Мақалбай ата: Бәрекелді, өздерің шеттеріңнен шешен екенсіңдер ғой!

Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал – мәтел білесіңдер?

Оқушылар жауабы тыңдалады.

1-оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.

2-оқушы: Үлкенге қарсы шықпа

3-оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.

4-оқушы: Атаға бөлінгендер адыра қалады.

Көпті қорлаған көмусіз қалады.



5-оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.

6-оқушы: Ауылыңда қария болса,

Жазып қойған хатпен тең.



7-оқушы: Кәрі келсе асқа,

Жас келсе іске.



8-оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.

9-оқушы: Ақылды қария – ағып жатқан дария.

10-оқушы: Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.

11-оқушы: В. А Сухомлинский: «Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер»

12 – оқушы: Махмуд Қашғари: «жақсы үленді қадірлесе – құт болар.»

13- оқушы: Махмуд Қашғари: «кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі»

14- оқушы Фарид – ад – дин Аттар: «қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезінде қауқары қайтып, сақал – шашы ағарған кісіге ізет қыл.»

15- оқушы: Өткен менен кеткенді,

Көп жасаған қарт білер.        Шал ақын.



16- оқушы: А. Поп: «Кішіпейілдіктің кетімсіздігі – ақылдың жетімсіздігі.»

17- оқушы: Г. Плеханов: «Кішіпейілділік талаптылыққа тура пропорционал»

Мақалбай ата: Ал, балаларым, жарайсыңдар! Енді өздеріңе ақ батамды берейін.

Сабағыңды оқы беске,

Жақсылығың жетсін көпке

Балалар үйінің қуанышы бол,

Бауырыңның жұбанышы бол.

Сенімін ақта үлкендердің,

Түлесін көктеп мекенің!

Жүргізуші:

Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.

Ұлықпан  Хакім мың   жасаған   дейді,  ешкім   мың  жасамайды, тек өсіп-өнген,

тәрбиелі   ұрпағымен   мың   жасайды. Ия, ұрпағының  өсіп,  жетіліп, айналасына

үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?

Қазақтың  басқа  халықтардан  айырмашылығы – “Ұрпағым”  деп  шыр-пыр

болатыны. Ол   үшін   көзсіз   көбелектей   отқа   түсетіні. Бұл- біздің ең   ұлы

ұлттық қасиеттеріміздің    бірі. Ал   ұрпақтың  ата-ана   алдындағы  борышын

өтеу үшін жасап жатқан  ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып,

зейнеткерлерге жағдай  жасау.  Президентіміздің  жыл   сайынғы  халыққа

жолдауында   арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел эканомикасының өсімімен

қатар өсіп келеді.



Ән: «Қариялар азайып бара жатыр» орындайтын:Аятбек Айдана

4-оқушы: 

Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем

Атам менің әманда,

Кішіпейіл бол деген

Ата сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

Қалдыратын ұлтқа

Жалған сөзге төзбеймін.

Жеткізеді мұратқа,

Тек шындықты көздеймін.

5-оқушы:

Атам менің әманда

Әділетті бол деген,

Ата сөзі санамда

Жүрмін тура жолменен

Ей, тәкаппар дүние

Маған да бір қарашы

Танимысың сен мені?

Мен қазақтың баласы

Атаң болса анаңмен

Алтыннан соққан қорғанмын

Санаң болса ақылды,

Ешкімнен кем болмадың

Інің болса мақалшы

Семсер қылыш білегің

Ақылды қыз, ақылды ұл-

Өкпе, бауыр, жүрегің.

6-оқушы:

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!

Ән: «Ана»   орындайтын:Пернебай Сәния

Жүргізуші:

Жас ұлғайып, кәрілік кезеңге аяқ аттау – қазақ қауымын қай уақытта да

ойлантып, толғандырған. Өзі де  дәулетті  әулеттен, не  ішем, не  кием  деп бас

қатырмай ән қанатына тербелген Біржан сал:

«Әудем жер баса алмаймын аяғымнан,

Ұстаймын екі қолдап таяғымнан.

Кәрілік келіп қалдың қай жағынан?»-деп жырласа, Абай атамыз да: «Қартайдық,

қайғы ойладық, ұлғайды арман», -  деп күңіренген.

Ащы айқайымен Сыр бойын ұйқыдан оятқан ер Нартай да:

«Қартайдым, елім, қартайдым,

Келе де береді жантайғым»,- демеп пе еді.

Ия, кәрілік дегенің, бажайлап көрсең, қуанышы аз кезең сыңайлы. Дегенмен өлі

арыстаннан тірі  тышқан  артық дегендей, бір- бірімізге  ұзақ  ғұмыр  тілеп,

«жүз  жаса», «жағың түскенше, жаманшылық  көрме», «шөбереңнің  алақанынан

су  іш»  деп  жатамыз.

7-оқушы:

Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.


Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.
Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

8-оқушы:

Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.

Әке-шешесі:
-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы. «Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды»,- деген бар емес пе? Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған.
Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», – демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата-анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес.
9-оқушы:

Бүгінде кейбір жастар ата-анаға ақша жағынан қарасуды өздерінің перзенттік борышын өтегендік деп біледі. Мұны әке-шешесін аңыратып, ат ізін салмай кеткендер мен жалғыз басты қарттарын кәрілер үйіне тапсыруға дәті барған жүзіқараларға қарағанда адамшылыққа баласақ та, оның да оңып тұрмаған қате түсінік екені айқын.


Ата-анаға қажетті – баласынан күтері жалғыз материалдық жәрдем бе екен? Қайта, ата-анасы баласымен бірге тұруға болмаған күнде, жиі-жиі көрісіп, жүзбе-жүз отырып әңгімелесіп, мейірін қандыруды, баласын, келіні мен немерелерін көріп, көңілдері көншуін, олардың сый-құрметін көріп, тәңірге шүкіршілік етуді аңсамай ма?! Дүниеге бала әкеліп, оны азаптанып өсіріп, енді соның қызығын, қызметін көре алмай, тірідей суынып, қайырылмай кеткен баласын аңсай-аңсай, дүниеден өткен кәрі әке-шеше қайғысынан артық қайғы бар ма?!
Абайдың: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», – дейтіні содан шығар.
Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой. Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді.

Жүргізуші:

«Бабаларым, рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

Әке-шаңырақтың негізгі тірегі

Мақсаты: Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым – қатынасты

нығайту, ұлттық салт дәстүрімізге байланысты әке орынының

ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту.

Әдісі:Тренинг,пікіралмасу.

Шараның жүру барысы

І-бөлім

1)Ұйымдастыру

Қатысушы ата- аналарды топқа бөлу

2) Баяндама “Бүгінгі таңдағы жанұядағы әкенің рөлі”Баяндамашы 11 «б»

сынып жетекшісі Жолдығулова.Т.

ІІ-бөлім

1.Ой-толғаныс кезеңі «Менің ойымша»

Қазіргі жастардың тәртібі, білімі ойландыратын мәселе, сіздің жастардың жарқын болашағы үшін қосатын үлесіңіз?(Ата-аналардың пікірлерін тыңдау)

І-ші кезең бойынша қорытындылау үшін сөзді мектеп директоры Марат

Гилаұлына береміз.

2.Мағынаны ажырату кезеңі

Тәрбие отбасынан басталады ”



І-топ

Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды. Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ” дейтін ата – аналарға деген көзқарасыңыз қалай?



ІІ-топ

Үй шаруасына байланысты баласын сабақтан жиі қалдыратын ата- аналарға пікіріңіз қандай?

ІІІ-топ

Балаңыз алғашқа рет темекіге әуестігін байқатты сіз оған қандай кеңес бересіз?

ІҮ-топ

Жанұядағы баланы дұрыс жан-жақты тәрбиелеуге не нәрселер кедергі болуы мүмкін?

Осы бөлімді қорытындылау үшін сөз кезегі мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Бисенова Нұрсұлуға жолданады.

3.Кезең Психологиялық жағдаяттар

І-топ

Ура” әке мен “бес” алдым.Балаңыз өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы қойнына сыймай ата-анасына айтып жатыр. Жылдар өте берді, сіз мұндай қуанышты сөздерді барған сайын сирек естисіз. Сыныптан сыныпқа көшкен сайын үлгерімінің кеми беретіні неліктен деп ойлайсыз?



ІІ-топ

Балаңыз жақсы оқиды.Тәртіпті сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты оны басқа мектепке ауыстырдыңыз.Сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты. Бұрынғыдай емес,ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады.Енді не істейсіз?

ІІІ-топ

Қызыңыз мектептен келіп анасына “сізге маңызды бір нәрсе айтқым

келеді” десе, анасы “сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма” депті.

Сіз не деп жауап берер едіңіз?

ІҮ-топ

Балаңыз жақсы оқиды.Тәртібі де жақсы.Бірде сынып жетекшісі уйге телефон соқты.“Бүгін ұлыңыз сабаққа келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалған” деді. Сіздің оны мектепке жібермеген күніңіз болған жоқ.

Енді не істейсіз?

ІІІ кезең бойынша пікір айту үшін сөз мектеп психологы Умбетова Гүлмираға беріледі.

4.Кезең Топтастыру

(сынып оқушыларының пікірлерін тыңдау)

«Жастар біздің болашағымыз»дегенді қалай түсінесіңдер

5.Қорытындылау.

Абайдың жетінші, сегізінші, оныншы қара сөздерінде бала туралы, ақыл үйрену мен насихат тыңдау мәселелері сөз болды. “Жас бала анадан туғанда, екі түрлі мінезбен туады; біреу-ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары….Біреу білсем…көзі көрген ,құлағы естігеннің бәрін сұрап,тыныштық көрмейді. Мұның бәрі-жан құмары,білсем екен,көрсем екен,үйренсем екен деген.Бұл қара сөзде қаралған бала тәрбиесіне негізгі көмекші бірден-бір ата-ана екендігі айдан анық.Бала болашағына негіз салушы ата-ана.

Каталог: uploads -> doc -> 0e02
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e02 -> Cабақтың тақырыбы: Cуреттермен жұмыс істеу. Сабақтың мақсаты: Білімділік
0e02 -> 28 Ш. Уалиханов атындағы орта мектебі кмм 2016-2017 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған жұмысының жылдық есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет