Желтоқсан күні ызғарлы
Отыз жыл деген уақыт емес қас-қағым,
Бодандықтан бұлқынып, жол бастадың.
Мүмкін емес, мүмкін емес ұмыту
Қазағымның жан тапсырған жастарын.
Каншама жас үйіне аман оралмады,
Ата-ана баласын жоқтап, зар жылады.
Соққы көріп, иттерге таланса да,
Ұлт намысын өзгелерге таптатпады.
Аға-апалар сын сағатта берілмеді.
«Бар байлығым – қазағым, елім» деді.
Желтоқсанның сол салқын ызғарына,
Қарсы тұрды қасқайып, егілмеді.
Желтоқсанда қандасымның бар қаны,
Ұлтым деген бейкүнәнің бар жаны.
Үміт күткен баласынан айрылған
Желтоқсанда ата-ананың бар зары.
Мен қазақпын, азатпын деп куанамын,
Өр намысты бабамнан үлгі аламын.
Ұлтым үшін Қайрат пен Сабирадай
Белімді бекем буып тұра аламын.
«Тәуелсіздік» деп еміренген жүрегі,
Орындалды бабалардың тілегі.
Жастарымның қанмен келген ерлігі
Биік болсын егемен ел тірегі!
Қарағанды қаласы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
7-сынып оқушысы
Каленбаева Аяна
Достарыңызбен бөлісу: |