Женисханова Аружан Рахаткызы 122 группа
1 – тапсырма
а) сыбайлас жемқорлықты анықтауға сүйене отырып, оның келесі белгілерінің мазмұнын ашыңыз:
1) әлеуметтік негативтілік- әрине, сыбайлас жемқорлық бар жерде әлеуметтік негативтілік болуы мүмкін, қоғамда бұл жағдай жиі кедеседі. Әлеуметтік негативтілік арқылы, біз сыбайлас жемқорлықты жеңе аламыз, себебі адамдар осы нәрсенің бар екенің жиі айтып, күресіп, қарсылығын білдіріп, талап етсе жойылар еді ғой. Күресу үшін әрбіріміз өзімізден бастап, атсалысуымыз керек.
2) сыбайлас жемқорлық мәмілесінің екі тарабының болуы – адамдар бұл тақырыпқа келгенде 2 тарапқа бөлінетіні сөзсіз, Оның бірі – өз лауазымын заңға қарсы пайдаланатын мемлекеттік немесе жеке қызметте жұмыс жасайтын тұлға болса, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз жеке басының пайдасы, яғни, материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таютағы үшін пайдаланатын тұлға. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу не беру болып табылады.
3) ерекше субъектілік құрам (лауазымды адамдар) - Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді, сонымен қатар арнайы полиция типіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік қауіпсіздік жүйесі керек. Осы тармақтың ережелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көріну жалған ақпартты хабарлаған адамдарға қолданылмайды, олар заңға сәйкес жауапты болады.
4) жария биліктің беделін бұзу – сыбайлас жемқорлық жария болғаннан кейін, беделді лауазымдағы немесе билік пен халық арасында түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Бірақ қандай атақ не бедел болсада, адам қандай әрентке барайын деп жатқаның түсіну керек. Менің ойымша, заң әрбір жанға бірдей болуы шарт. Сол үшін бедел емес, адамгершілік 1-ші қатарда болғаны жөн.
б) Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-экономикалық себептерін қалыптастырыңыз.
Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік құбылыс. Оның себебін, мағынасын толық түсіну мүмкін емес. Жемқорлық – қоғамның дамуын тежегіш фактор. Сыбайлас жемқорлықтың өсуіне ықпал ететін ерекше себептердің арасында: "экономикадағы нарықтық қатынастардың жетілмегендігі,азаматтардың адамгершілік ұстанымын қалыптастырудағы проблемалар, мемлекеттік аппараттағы парақорлық, құқық қорғау органдары қызметінің тиімсіздігі, соттардың істерді қарауының ұзаққа созылуы және т.б.". Жемқорлық азаматтар арасында мораль мен мінез-құлықтың "Қос стандартын" қалыптастырады. Мұндай жағдайда ақша қоғамдағы барлық нәрсенің өлшеміне айналады, адамның маңыздылығы оны алу тәсілдеріне қарамастан оның жеке жағдайының мөлшерімен анықталады, девальвация жүреді және адамдардың мінез-құлқының өркениетті әлеуметтік реттеушілері: мораль, құқық, дін, қоғамдық пікір және т. б.Бұл ауысым, бір жағынан, сыбайлас жемқорлықтың таралуының маңызды себебі, екінші жағынан, қоғамның моральдық тозуы сыбайлас жемқорлықтың маңызды теріс салдары болып табылады. Басқаша айтқанда, сыбайлас жемқорлық – бұл қоғамның құлдырауының себептерінің бірі.
2. Кейс-тапсырма.
Алматы облысы бойынша білім департаменті басшысының ҰБТ деректерін заңсыз жариялаудан көрінетін өз қызметтік жағдайын жеке мақсатта пайдалану нәтижесінде мемлекеттік гранттарды алуға үміткер талапкер тобының құқықтары бұзылды. Жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың әлеуметтік салдары қандай? Мемлекеттік қызметші әрекетінің қоғамдық қауіптілігі неде?
Менің ойымша, бұл әлі күнге дейін өзекті тақырыптардың бірі. Әлеуметтік салдары бұл жерде әділетсіздік мәселесі, ҰБТ бұл сенің 11 жылғы біліміңді дәлелтейтін тесттердің бірі, бұл тестілеуге талапкерлер қаншама ай, жыл дайындалады, ал кейбіреулер атақ үшін немесе тегін оқуға түсіп кету үшін амалын тауып, пара беріп жатады, мен тіпті куәгері болдым. Әрине, кейбір түлектердің көз майын ағызып, ата-аналарының үмітін ақтай алмай кеткендерге жанын ашиды. Олар болашақтан күдерін үзіп, ары қарай тек осындай жол арқылы күн көретінін түсінгендей болады, тек аға-көкелері бар адамдар ғана жоғары лауазымға ие болатынына сенеді. Бұл өте өкінішті, бірақ шындық. Осы уақытқа дейін жыл сайын Ұлттық бірыңғай тестілеу кездерінде нұсқалардың жауаптары жазылған парақшалар сатылымға шықты. Немесе бұл салада өзінің орнына басқа, білімді адамды кіргізіп жүргендер де табылған. Қазіргі кезде Жемқорлыққа қатысты хабарлаған адамдардың құпиялығы сақталатын болады. Әлеуметтік желілерде Дидар Смағұловтың парақшалары ашылған, телефон нөмірлері де көрсетілген. Жемқорлық фактілері туралы ақпаратқа сыйақы төлеуге Ұлттық тестілеу орталығының басшысы дайын екенін айтқан болатын. Енді ары қарай шаралар ұйымдастырып, қатал түрде тексеріс болу қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |