5.3. Жер асты суларын аудандау Жер асты суларының қалыптасуы мен режимі негізінен аумақтың физика-географиялық жағдайына байланысты болуы себепті, олардың, сипаттамалары (орналасу тереңдігі, шығымы (дебиті), химиялық құрамы және т. б.) жалпы аумақтық таралу заңдылығына бағынады.
В.С. Ильин бірінші болып жер асты суларының орналасу тереңдігі мен сапасының құбылмалылығының ендік бағытта белгілі заңдылықпен кезектесіп ауысып отыратынын анықтады және соның негізінде ТМД-ң Еуропалық бөлігінің жер асты суларының таралу картасын жасады.
1. Қиыр Солтүстікте орналасқан тундра белдемінің жер асты сулары, жер бетіне өте жақын орналасатындығымен, құрамында органикалық заттар басым, ал минерал тұздардың өте аз мөлшерде болуымен сипатталады және өзендерді қоректендіруге айтарлықтай ат салысады. Бұл сулар шамамен солтүстік ендіктің 62°-на дейін тарайды.
2. Солтүстіктің биік сулар белдемінде жер асты сулары тереңірек орналасып (2-6 м, кейде 10 м), минералдылығы бірінші белдемге қарағанда көбірек, ал органикалық заттардың мөлшері кемиді. ТМД-ның Еуропалық бөлігінде ендік бағытта жолақ болып алып жатқан бұл жер асты сулар белдемі батыста Жоғарғы Днепр мен Батыс Даугава, Висла өзендерінің алаптарында оңтүстікке сұғына кіреді.
3. Таяз жыралардың жер асты сулар белдемі су тартылу кезеңінде өзендер аралығында үлкен тереңдікте орналасады (20-25м-ге дейін); олардың тұздылығы
(минералдығы) (0,5 г/л және одан да жоғары), ал органикалық заттар қоспасы тек сулар жер бетіне жақын орналасқан жағдайда ғана көрініс береді.
Екінші, үшінші белдем сулары өзендерді қоректендіруде едәуір қызмет атқарады. Жыра, аңғар және өзен арналарында кейде едәуір мол сулы бұлақтар кездеседі.
Терең жыралардың жер асты сулары өзен аралықтарында 25-30м тереңдікте орналасады; минералдылығы 0,75 г/л және одан да жоғары дәрежеге жетеді. Бұл сулар өзендерді қоректендіруге қатысады, бірақ алдыңғы белдемге қарағанда азырақ мөлшерде.
Сай - салалардың жер асты сулары 50-60 м тереңдікте, сонымен бірге түпкі тау жыныстарында да орналасады; олардың минералдылығы 1 г/л-ге және одан да жоғары мөлшерге жетеді. Жер асты суларының қайнар, бастау түрінде жер бетіне шығуы тек терең сайларда ғана байқалады. Сайлар мен жер бедерінің ойыстарында, жер асты сулары жер бетіне шықпағанымен, басқа жерлерге қарағанда жер бетіне жақынырақ орналасады.
6. Қара теңіз маңы сайларының белдемі. Жер асты сулары өте терең орналасады, суайрықтарында кейде тіпті 100 м-ден де асады; әдетте тұздылығы өте күшті,. минералдылығы кейде 5 г/л-ге жетеді. Олар терең сайлардың табандарында ғана жер бетіне жақынырақ орналасса, ал суайрықтары жер асты суларының қорына аса бай емес.
7. Каспий маңы сайларының белдемі. Жер асты сулары кей жерлерде жер бетіне өте жақын орналасады, бірақ тұздылығы күшті; минералдылығы кейбір жағдайларда 10-20 г/л-ден де асады.
Көрсетілген белдемдермен қатар жер асты суларының таралуы мен минералдылығында бұл заңдылықтан ауытқулар да кездеседі. Оларды бейбелдемді жер асты сулары дейді. Бейбелдемді сулардың қалыптасуына негізінен жергілікті жағдайлардың әсері күшті. Мысалы, режимі мен минералдылығы өзгеше карст құбылысының дамуы кезінде, батпақ немесе тереңдіктен жарықтар арқылы тегеурінді сулардың жер бетіне шығуы жағдайлары.
Кейінірек О. Қ. Ланге бүкіл ТМД аумағы үшін жер асты суларын аудандауды бітірді. В.С. Ильиннің нобайына қосымша ол келесі үш белдемді бөліп көрсетті: .
Мәңгі тоң жер асты сулары белдемі.
Ағынды мен буланудың тепе-теңдік жолағының белдемі.
Тау етегі ойпаттарының белдемі.