Ламарк іліміндегі эволюцияның басты себептері
Алғашқы эволюциялық теория XIX ғасырдың басында жарық
көрді. Оның негізін қалаушы фраңцуз ғалымы Ж. Б. Ламарк өзінің
1809 жылы басылып шыққан «Зоология философиясы» атты еңбегінде түрлердің тұрақтылығы жайлы пікірге қарсы болып, түрлердің
өзгеретіндігін, бірақ бұл әрекет өте баяу жүретіндіктен оны байқау
қиын екенін түсіндірді. Оның ілімі тірі табиғатта қарапайымнан
күрделіге қарай тарихи даму болып табылатын эволюцияның (латынша “эволюция” - төңкеру, қопару) бар екенін тұжырымдады.
Бірінші болып ғылымға “биология” деген терминді енгізіп, жануарлар дүниесін омыртқалылар, омыртқасыздар деп екі топқа бөлді.
Ламарктың жүйесінде жануарлар реті бір жасушалы қарапайым
жәндік кірпікшелі кебісшеден басталып, сүтқоректілермен аяқталған.
Мұнда барлық жануарлар 6 сатыға, 14 класқа жіктелу арқылы
орналастырған. Ламарктың бұл жүйесінен баспалдақ сипатында
жануарлар құрылысының біртіндеп күрделенуін, яғни жоғарылауын
(градация) көруге болады. Ламарктың пікірі бойынша органикалық
формалардың қарапайым құрылыстан күрделі құрылысқа қарай
біртіңдеп жоғарылауы тарихи дамудың нәтижесі. Соңда, бұл даму
қалай жүзеге асады? Оның эволюциялық қозғаушы күші не? Ламарк
эволюция жүйесі туралы ой-пікірін қорыта келе мынадай болжам
ұсынды: орта жағдайларының өзгерісі өсімдіктерге немесе жануарларға тікелей әсер етіп, оларды өзгертеді. Өзгеріске ұшыраған кейбір
мүшелер жақсы жұмыс істеп, жаттыға келе дамып жетіледі, ал
басқалары көп қолданылмағаңдықтан, керісінше жаттықпайды да,
біртіндеп жойылады (Ламарктың бірінші заңы). Тіршілік барысында
пайда болып, қажетті бағытқа толық сәйкестелген белгілер міндетті
түрде тұқым қуалайды. (Ламарктың екінші заңы). Бұған бірнеше
мысалдар келтірейік. Ламарктың пікірі бойынша тіссіз (киттердің,
құмырысқа жегіштің) сүтқоректілердің тістерінің жойылып кетуі,
олардың ата тектерінің қоректік заттарды шайнамай жұтуының
салдарынан болса, жер астында тіршілік ететіннің айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |