«Эволюция ілімі » пәніне арналған жазбаша емтихан сұрақтарының тізімі
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы. Органикалық эволюцияның негізгі кезеңдері
XIX ғасырдың соңымен XX ғасырдың басында тіршіліктің пайда болуы туралы түсініктегі механикалық, методикалық көз-қарастар үстем болды. Бұндай көз-қарастың негізін қалаған Луи Пастер болды. Пастер кез-келген микроорганизмдерден тарайтынын көрсетті. Осы көз-қараспен қатар жер бетіндегі тіршілік космос кеңістіктен метеоридпен бірге әкелінді деген сол кездегі кең тараған С. Аррениустың панспермия теориясы болды.
Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы туралы мәселенің жүйелі ізденесінің басталуы 1924 ж. А.И.Опариннің “тіршіліктің пайда болуы” атты еңбегімен ұштастырылады. Бұл еңбегінде ол бірінші болып жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы материяның ұзақ дамуының нәтижесі деген ғылыми теорияны қалыптасыруға әрекет жасады.
Органикалық заттардың абиогендік жолмен де синтезделетіндігін С.Миллер амин қышқылдарын синтездеп алып дәлелдеді.
Сонымен химиялық эволюция үрдісінің белгілі бір кезеңінде гентикалық активті нуклеин қышқылының молекуласы түзіледі. Ал ондағы гендер болса көбейіп және мутацияға түседі. Осы бағытта өліден тіріге өтетін биопоэз немесе биогенез процестері түзіледі.
Бастапқы прокариоттардың фотосинтез және хемосинтезді игеруі, эволюцияның алғашқы кезеңдегі үлкен жетістігі болып, ал бұл аэробты тыныс алуға жол салды. Аэробты тыныс алу кезінде оттегі қажет. Ал бұл оттегі фотосинтез кезінде қосымша зат ретінде түзіледі. Оттегі жоқ бастапқы атмосфераның оттегісі бар атмосфераға айналуы алғашқы фотосинтездеуші ағзалардың активтілігінің артуына байланысты болды. Тыныс алуға мүмкіндік беретін оттекті атмосфераның пайда болуы өте баяу жүрген процесс. Осы себептен тіршіліктің пайда болғанынан кейінгі 2 млрд жылдан кейін ғана эукариоттардың кешігіп пайда болуының басты себебін, осы оттекті атмосфераның өте баяу қалыптасуымен байланыстырылады.
Жынысты көбеюдің екі негізгі компоненті ұрықтану мен мейоз гендердің хромосомада қалыптасып, ал хромосоманың эукариот ядросында орналасуының нәтижесі болды.
Күрделі көпжасушалы ағзалар кезеңі жер тарихының соңғы 700 млн. жылын қамтиды. Бұндай қазба-қалдықтар соңғы докембриде өте сирек кездессе ол кембриде (600 млн) кеңінен таралып және әртүрлі болып кездеседі. Жануарлармен өсімдіктер бүкіл кембрийде суда өмір сүрген; силурмен девонда құрылықта және ауада тіршілік етуге бейімділігі арта түскен. Қазіргі заманның өсмдіктер мен жануарлары кайнозой дәуіріне жатады.