Ағзаға дейінгі деңгейлер; атом, молекула, органойдтар, жасуша, ұлпа-мүше
“Атом” грекше “бөлінбейтін” деген сөз.
Атом - заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең
ұсақ бөлшегі.
Молекула – жай немесе күрделі заттардың құрамы
мен химиялық қасиеттерін сақтайтын ең ұсақ
бөлшегі.
“Барлық денелер өте ұсақ
көзге көрінбейтін әрі
бөлінбейтін, мәнгі
қозғалыста болатын
бөлшектер – атомдардан
тұрады”- деген болжам
айтты( 25000 жыл бұрын)
Грек философы Демокрит.
Органоидтар (органоиды); (грек, organon — құрал, еіdos — түр) — адам мен жануарлар организмдері жасушалары цитоплазмасындагы белгілі қызмет атқаратын тұрақты құрылымдар
Жасуша — тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.
«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.
Ұлпа - (грек. hіstos; лат. textum) — өсімдіктердің шыққан тегі, құрылымы және организмдегі атқаратын қызметі бір-бірімен байланысты жасушалар жүйесі.
Ұлпаны атқаратын қызметіне, шыққан тегіне, морфологиясына, т.б. қасиеттеріне байланысты бірнеше топқа бөледі. Егер ұлпа біркелкі жасушалардан құралған болса, оны жай (колленхима), ал бірнеше жасушалардан тұрса — күрделі (эпидерма) деп жіктейді. Негізгі ұлпалар атқаратын қызметіне байланысты ассимиляция, сіңіргіш, қорлық заттар жинаушы, ауа ұстағыш болып ажыратылады.
Мүше дегеніміз - белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |