Ертедегі шығыс ойшылдарының өзгергіштік және дүниенің жаратылуы туралы ұғымдары
Эволюциялық ілім немесе эволюция теориясы тірі организмдер эволюциясының себептерін, қозғаушы күштерін, механизмдер мен жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Эволюциялық ілім биологияның теориялық теориялық негізі болып саналады. Сонымен қатар арнайы биология ғылым салаларында алынған мағлұматтарды қортындылайды. Тірі табиғаттың дамитын, эволюцияланатын система екендігі туралы көз қарастар біздің дәуірімізге дейінгі антикалық философияда пайда болған. Бірақ бұл идеяның ғылыми негізі өте баяу қалыптасты. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ч.Дарвин ілімінің пайда болуымен ғана, бұл идеяға ғылыми негіз жасалынды. Ч.Дарвин өзінің 1859 жылы жарық көрген «Түрлердің пайда болуы» атты кітабында табиғатта эволюция болатындығын дәлелдеді, түрлердің даму және қалыптасу процессін түсіндірді, эволюция механизмін ашты. Осының арқасында эволюциялық ілім теорияға айналды.
Эволюциялық көз қарастың қалыптасуы барлық заттардың материядан құралып және үнемі қозғалыста болады деген идеямен тікелей байланысты барлық заттардың материядан құралып және үнемі қозғалыста болады деген идеямен тікелей байланысты тірі табиғаттық өзгергіштігі (эволюциясы) туралы түсінік біздің заманымызға дейінгі ІІ ші мыңыншы жылдық соңғы мен І ші мыңыншы жылдық басында шығыс (Мысыр, Үнді, Қытай) ойшылдарында қалыптаса бастаған. Көне философтар бойынша дүниенің пайда болуы «бастама» немесе «алғашқы негіз» сияқты түсінікпен ұштастырылады. Көне Мысыр ойшылдары үшін бұндай «бастама» су болған.
Біздің заманымызға дейінгі VI – VIII ғасырларда көне Грек тарихының «архаистік» кезеңіндегі философтар Шығыс ойшылдарының ізденістерін одан әрі жалғастырып дамытты.
Сонымен көне заман натурфилософтарының эволюциялық ілімінің дамуы үшін төменде келтірілген ой пікірлер құнды болып табылады.
1. Тірі және өлі материяның құрылымы бірдей бастамадан түзіледі.
2. Белгілі бір тіршілік формаларының өзгеріп келесі формаға айналуы және барлық заттың өзгеріп отыратындығы туралы идея
Тіршілік үшін күресте бейімділігі басым формалардың жеңіп шығатындығы туралы түсініктің қалыптасуы
Аристотельдің биология ғылымына қосқан үлесі және оның «тіршілік сатысы»
Зоология ғылымының негізін қалаған.
Құрттар-топырақтан, шыбындар-шіріген еттен пайда болған деп есептеген ғалым