Жер негізгі 3 геосферадан тұрады


-билет. 1 Жердің климаттық белдеулері



бет8/21
Дата29.07.2022
өлшемі103,87 Kb.
#147859
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
30 билет жауаптары. Жаратылыстану

17-билет.
1 Жердің климаттық белдеулері.
2.Өзендер. Өзен аңғарының көлденең қимасы.Сарқырамалар..
3.Топырақтың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.(Базалық,тірек білім).
1.Климаттық белдеулер ауа массаларының таралуына қарай белгіленеді.Әр жарты шардың негізгі ауа массаларына негізгі климаттық белдеулер сәйкес келеді.Олар экваторлық, солтүстік және оңтүстік,жарты шарлардығы тропиктік, қоңыржай және полярлық климаттық белдеулер.
Экваторлық климат белдеуінде жыл бойы экваторлық ауа басым болады.Жазда да,қыста да температура ұдайы жоғары.Жауын шашын өте мол, әрі жыл бойы біркелкі түседі.
Тропиктік климаттық белдеу солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың таралған.Құрлық пен мұхит үстіндегі атмосфера жағдайлары өзгеше.Құрлық үстінде өте құрғақ , континентті климат қалыптасады.Тропиктік белдеуде жыл бойы тропиктік ауа үстем болады.
Қоңыржай белдеудің климаты негізінен қоңыржай ауа массаларының әсерімен қалыптасады.Бұл белдеудің жазы қоңыржай жылы,қысы суық.Қоңыржай теңіздік және қоңыржай континенттік климат түрлеріне ажыратылады.
Полярлық климат белдеуі 70°с.е-тен солтүстікке 65°о.е оңтүстікке қарай орын алады.Климатқа жыл бойы полярлық ауа массаларының әсері тиеді.Жазы салқын,қысы суық.Жауын шашын аз түседі.
2.Жер бетінде өзен көп. Өзен дегеніміз табиғи арнасы арқылы ағып жатқан су ағыны.Биік таулы жерлерде өзен басын қар мен мұздықтың шетінен,еріген судан алады.Өзеннің ағып шығатын жері оның бастауы деп аталады.Өзеннің құяр жері оның сағасы деп аталады.Өзендердің ағысының жылдамдығы сағасына барғанда азаяды.Өзен бастауынан сағасына дейін кең,әру ұзынша ойыс алқапты бойлап ағады.Бұл өзеннің аңғары деп аталады.Аңғардың табанындағы өзен суы ағып жататын ойыс арна деп аталады.Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі жайылма деп аталады.Өзен арнасының көлденең қимасы деп -ағын судың бағытына перпендикуляр,астынан арнаның түбімен екі бүйірінен-арнаның беткейлерінен,жоғарыдан су бетімен шектелген жазықтық.
Жартас өзен арнасын кесе көлденең алып жатса,су одан төмен қарай құлай ағып сарқырама жасайды.Жер шарындағы ең үлкен сарқырама-Анхель, Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінде орналасқан,оның биіктігі-1054м.Екіншісі Виктория, оның биіктігі 72 м.Солтүстік Америкадағы Ниагара сарқырамасының биіктігі-50м.Сарқыраманың гүрілдеген даусы 25 м ден естіледі.Үндісьер ниагара сарқырамасын гүріллеген су деп атауы содан.Сарқырамада құлап ағатын судың күші сондай зор,ол өте ауыр машиналарды да қозғай алады.Сондықтан сарқырамаларға қуатты электр станциялары салынады.
3.Топырақ дегеніміз-табиғи факторлардың яғни тау жынысы,климат,жер бедері мен тірі ағзалар мен адамдардың тіршілік әрекетінің өзара нәтижесінде пайда болған жердің үстіңгі қабаты.
Топырақ өзінің ерекше қасиеттерінің арқасында жер шарының ағзалар дүниесінде өте үлкен маңыз атқаратынын аңғарамыз. Табиғаттың туындысы және оның бір бөлігі бола отырып, топырақ жер әлемінің табиғатының дамуының негізгі ортасы болып табылады. Сонымен бірге жердің атмосфера, биосфера, гидросфера және литосфера қабаттарымен үздіксіз зат және энергия алмасу процестеріне қатынасып, олардың өзара қарым-қатынасының үйлесімділігіне әсер етіп, жер планетасындағы тіршілікті сан қилы түрлерінің сақталуына жағдай туғызады.
Өндірістің кейбір салалары топырақты пайдалануға негізделген. Соның бірі маңызды азық-түлік өнімдерін жеткізуші ауыл шаруашылдығы. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісін негізгі құралы болып табылады. Топырақтың орман шаруашылығында және құрылыс салғанда – инженерлік құрылғылардың іргетасының негізгі ретінде және жол салуда гидротехникалық құрылыста құрылыс материалы ретінде маңызы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет