- 1.Жерүсті экожүйесінің топырақтың орны
- 2.Жер табиғи қор ретінде
- 3.Жердің бұзылуы және ластануы
- 4.ҚР жер қоры
- Топырақ – адамды қоршап тұрған табиғи ортаның бір бөлігі.
- Ол атмосфераның, гидросфераның, литосфераның, өсімдік және жануарлар
- әлемінің күрделі өзара байланысы нәтижесінде пайда болған..
- Жерлер мынадай болып бөлінеді:
- 1) ауыл шаруашылығына арналған;
- 2) тұрғындар тұратын;
- 3) өндірістік, көліктік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған;
- 4) табиғат қорғауға арналған;
- 5) орман қорындағы;
- 6) су қорындағы;
- 7) қорлық жерлер.
- Біздің ғаламшардың бетінің көлемі 510 млн. км2, оның ішінде құрғақтың
- үлесіне 149 млн. км2 тиеді. Жер категориясы бойынша жер қорының бөлінуі
- төмендегі диаграммада көрсетілген.
- Ғылыми-техникалық даму (ҒТД), қала тұрғындарының көбеюі, жағдайсыз табиғи
- факторлар, жаңа жерлерді игеру, аграрлық жерлердің құрылымдарының өзгеруі
- және т.б. үрдістер ауыл шаруашылық жерлердің динамикасына әсерін тигізеді.
БҰҰ Даму бағдарламасының мәліметі бойынша Отанымыздың территориясының көлемі 2,7 млн шаршы шақырымды құрап, жер көлемі бойынша Қазақстан 9-шы орын алады. - БҰҰ Даму бағдарламасының мәліметі бойынша Отанымыздың территориясының көлемі 2,7 млн шаршы шақырымды құрап, жер көлемі бойынша Қазақстан 9-шы орын алады.
- Қазақстан жері – орографиялық жағынан күрделі аймақ, кең жазықтарда шоқылар, аласа төбелер мен таулар кезектесіп орналасқан. Жердің геоморфологиялық дамуымен анықталған жер бедерін үш ландшафты аймаққа бөлуге болады: жазықтар, шоқылар және таулар
- Шөлдер және шөлейтті жерлер ел аумағының 2/3 астам шамасын құрайды (тасты, тұзды және құмды тақырлар). Ең ірі шөл Қызылқұмның құмды құнарсыз жерлері мен батпақ жайлаған Бетпақдала жерлерін қамтиды.
- Шоқылар
- 30%
- Жазықтықтар 60%
| | | - Барлық топырақ жамылғысынан үлесі, %
| | | | | | | | | | | | | | | | | - Сілтісізденген қара топырақ
| | | | - Күлгенденген қара топырақ
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | - Тақыр және тақыр тәрізді топырақтар
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | - Шалғындық қара-қоңыр топырақ
| | | | | | | | | | | | | | | | - Жайылманың және орманның шалғынды топырақтары.
| | | | - Шалғынды –батпақты, батпақты
| | | | | | | | - Қазақстанның негізі топырақтарының ауданы
- (37, ықшамдалған түрде)
- Топырақ қабаты ластаушыларының орасан көзі – түсті металлургия. Бұларға тақау жатқан жерлердегі ауыр металдар деңгейлері қауіптіліктің I класына жататындығы тіркелген. Бұл, әсіресе, кенді ашық әдіспен өндіретін өнеркәсіп маңайларындағы жағдай. Қара металлургия комбинаттарының зиянды әсерлерін олардан 60 шақырым қашықтықтан байқауға болатынын қар жамылғысын аэрокосмостық суретке түсіру әдісі көрсеткен. Адам ағзасына топырақтағы химиялық заттар баратын тізбекті жол: топырақ – өсімдік – адам.
- Радиоактивтік ластану, пестицидтермен, тыңайтқыштармен, мұнай және мұнайөнімдерімен ластану топырақ арқылы адам ағзасына зиянды әсерін тигізеді.
- Сорлану. Шөлейт аймақтарда жерді мөлшерден тыс суару топырақтың сорлануына әкеліп соғады да, жер ауыл шаруашылық айналымынан шығып қалады.
- Батпақтану. Ылғалды жерлерде топырақтың батпақтануы байқалады. Батпақтану топырақтың органикалық қасиетін нашарлатып, ормандардың өнімділігін төмендетеді.
- Шөлдену. Топырақ пен өсімдіктің қалпына келмес өзгеру үрдісі. Бұл жағдай биологиялық өнімділікті төмендету арқылы биосфералық потенциалдың толық бұзылуына әкеліп соғады да, территорияны шөлге айналдырып жібереді.
- Эрозия. Ол екі түрге бөлінеді: су және жел эрозиясы (дефляция). Жел эрозиясы барысында жер бетіндегі топырақтың өте ұсақ құрауыштарын қоректік заттарымен қоса ұшырылып әкетеді. Су эрозиясында қоректік заттар суда еріп, шайылып кетеді. Эрозия топырақтың құрғап қалуының бір себебі, ондайды “эрозиялық құрғақшылық” деп атайды.
- Топырақ бұзылуының факторлары
- Топырақты ластайтын заттардың бірі пестицидтер. Бүгінгі күнде әлемде 1 гектар жерге 300 кг. химиялық заттар енгізіледі. Өте көп мөлшерде пестицидтерді (гербицид, инсектицид, акарицид, фунгицид, дефолианттар) қолдану топырақтардың негізгі қасиеттеріне теріс әсер етеді. Сондықтан оларды химиялық, биологиялық жолдармен залалсыздандыру маңызды шаралар болып табылады.
- Қазіргі үлкен проблемалардың бірі жауын-шашындармен топырақтар қышқылдығының артуы.
- Қышқылды жауындар жалғыз судың ғана емес топырақтардың үстінгі қабаттарының қышқылдылығында асырады. Азот, көміртегі, күкірт тотықтары атмосфераға көтеріліп үлкен қашықтарға жылжуы мүмкін. Олар ауадағы сумен қосылып ерітінділерге айналады. Соның нәтижесінде «қышқыл жаңбыр» пайда болады. Жерге түскенде, ол өсімдіктер, топырақ, сумен әрекеттестікке түседі. Топырақтың құнарлылығы төмендейді. Топырақты ластайтын заттардың қомақты бөлігі түсті-қара металлургия, жылуэнергетика, мұнайгаз өндірістерге байланысты.
- Топырақ қарашіріндісінің азғантай төмендеуі оның толық экологиялық функциясын атқаруға кедергі болады. Оның қасиеттері өзгеріп бұзылады (деградация). Әсіресе агроэкожүйелердегі топырақтар бұзылуға бейімді. Бұндай жағдайды агроэкожүйедегі фитоценоздың қарапайымдылығымен түсіндіру мүмкін. Ол ыңғайлы, өзін-өзі басқару, тұрақты құрылымы және өнімділікті экологиялық міндеттерін атқара алмайды.
- Адамның топыраққа әсер ететін негізгі түрлері эрозия (су және жел), ластану, қайта сорлану және батпақтану, шөлдену, құрылысқа жер бөлу болып табылады. .
- Топырақ эрозиясы (лат erosio- жемірілу)- топырақтың құнарлы үстінгі қабаттарының сумен шайылуы (су эрозиясы) немесе желдің әсерінен көшуі (жел эрозиясы).
- Жер бетінде ең көп таралған бұл су (31%) және жел (34%) эрозиясы. АҚШ-да ауыл шаруашылығындағы жерлердің 40% эрозияға ұшыраған. Әлемнің құрғақ жерлерінде эрозияға ұшыраған топырақ 60%-ды құрайды, соның 20% күшті дәрежеде ұшырағандарға жатады.
- Эрозияға ұшыраған топырақтарда өсімдіктердің биологиялық өнімділігі азаяды, дақылдардың өнімі және сапасы нашарлайды, топырақтың құнарлылығы төмендейді.
- Жел эрозиясы немесе дефляция. Жел эрозиясының қарқындылығы желдің жылдамдығының, топырақтың тұрақтылығына, өсімдік жамылғысына, бедерге және тағы басқаларға байланысты.
- Өсімдіктерді жою, малдарды ойламастан жаю, агротехникалық шараларды дұрыс қолданбау эрозиялық үрдістердің белсенділігін асырады.
- Дефляция жергілікті эрозияға және шаң борандарға бөлінеді.
Жерді қарқынды өңдеу бастапқы құнарлы топырақтарға елеулі әсерін тигізді де, топырақтың азуы ауыл шаруашылық өндірісі үшін күрделі кедергіге айналды. ΧΧ ғасырдың 50-ші жылдарында топырақ баптау қолға алынғаннан бері топырақтың органикалық затының 50 пайыздан астамы жойылып, соның салдарынан, топырақ тығызданып, құнарын жоғалтты, жел және су эрозиясына ұшырады. - Жерді қарқынды өңдеу бастапқы құнарлы топырақтарға елеулі әсерін тигізді де, топырақтың азуы ауыл шаруашылық өндірісі үшін күрделі кедергіге айналды. ΧΧ ғасырдың 50-ші жылдарында топырақ баптау қолға алынғаннан бері топырақтың органикалық затының 50 пайыздан астамы жойылып, соның салдарынан, топырақ тығызданып, құнарын жоғалтты, жел және су эрозиясына ұшырады.
- Қазақстан жерінің көбі құрғақшылық аумақта орналасқан. Мұндай жерде егістікпен айналысу қауіпті, тіпті мүмкін де емес.
- Тың жерлерді игергенде топырақ көп мөлшерде азоттан және ¼ бөлігінен 1/3 бөлігіне дейін органикалық затынан айрылады.
- Ең қорқыныштысы бүлінген жерлерді қалпына келтірудің ешбір тиімді әдістерінің болмауында. Өнімділігі аз жерлер шабындық және жайылымға айналуы керек. Кейінгі жылдары шабындық жер азайып барады. Тың көтерген кезеңде Қазақстанда ~ 25 млн га жыртылып, 337 совхоз құрылды
Достарыңызбен бөлісу: |