Жер қорын қорғау Жерүсті экожүйесінің топырақтың орны


Адам топырақта қалай қолданады? Топырақтың ластануы



бет2/3
Дата04.11.2022
өлшемі1,46 Mb.
#156555
1   2   3
Байланысты:
№8

Адам топырақта қалай қолданады?

Топырақтың ластануы.

  • Топырақтың үстінгі қабаттары ластануға бейімді. Топырақта көп мөлшерде болған түрлі химиялық қоспалар (токсиканттар) топырақта тіршілік ететін ағзаларға теріс әсер етеді.
  • Топырақтарды негізгі ластайтын заттарға – пестицидтер, минералдық тыңайтқыштар, өндіріс бөліп шығаратын заттар, мұнай және мұнай өнімдері жатады.
  • Артық мөлшерде енгізілген минералдық тыңайтқыштар топырақты ластайды. Б.Колемонер (1970) мәліметтері бойынша АҚШ-да қолданылатын азоттық тыңайтқыштардан өсімдіктер жалғыз 80% ың сіңіреді, ал жалпы орташа 50% ын ғана. Бұндай жағдай азот, фосфор және басқа элементтердің биохимиялық айналымын бұзады. Нәтижесінде экологиялық жағдай әсіресе су ортада нашарлайды, эвтрофия құбылысы дамиды.
  • Нитраттардың көп мөлшерде болуы топырақтағы оттегі мөлшерінің азаюына алып келуі анықталған. Өз кезегінде бұл атмосфераға тағы да екі «парнинті» (азот шала тотығы және метан) газдар бөлінуіне алып келеді. Нитраттар адамның денсаулығына қауіпті болып саналады. Егер адам ағзасында нитрат мөлшері 50 мг/л-ден көп болатын болса ол дененің улануына алып келеді.
  • Топырақ ауыр металдарды жинау қабілетіне ие. Сынап шығаратын комбинаттардың маңайындағы топырақтарда сынап мөлшері шектелген мөлшерден жүз есе артық болады.
  • Жолдардың жағасындағы топырақтарда қорғасын мөлшері 30 есе көп болуы мүмкін (ластанбаған жерлерде -20 мкг/г- норма).
  • Топырақтың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы мұнай өткізетін құбырлар апатқа ұшырағанда, мұнай өндіретін технологиялардың нашарлығына, апат және технологиялық үрдістер нәтижесінде пайда болған шығындарға байланысты. Ресейдегі Тюмен және Томск облыстарында топырақтағы мұнай, көмірсулары мөлшері фондық көрсеткіштерден 150-250 есе көп.
  • Ластанған топырақтардағы түрлі ауру қоздырғыштар адам денсаулығына өте қауіпті болып табылады.

Су эрозиясы

Жел эрозиясы

Жел эрозиясы

Топырақтың ластануы

Шөлдену



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет