Қазақстан Республикасының жер Кодексінде жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері айқын көрсетілген. Осы Кодекстің 139 бабына сәйкес жерді қорғаудың мақсаттары келесідей:
1) өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру, орман мелиорациясы мен мелиорация жұмыстарын және басқа іс-шараларды жүргізу арқылы жердің азып-тозуы мен бүлінуін, шаруашылық қызметтің басқа да қолайсыз зардаптарын болғызбау;
2) азып-тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
3) жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық номативтерін тәжірибеге енгізу.
Жер Кодекснің 140- бабында жер учаскелері мен жер пайдаланушыларға жерді қорғау үшін келесідей міндеттер жүктелетіні көрсетілген:
жерді су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, қайталап сортанданудан, құрғап кетуден, тапталуынан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, өзге де бүлуну процесстерінен қорғау шараларын іске асыруға;
ауыл шаруашылық жерін карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруаларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден жердің жай-күйі нашарлауының өзгеде түрлерінен қорғауға;
бүлінген жердің жаңартылуына, оның құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;
жердің бүлінуіне әкеліп соқтыратын жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған шараларды жүргізуге міндетті.