ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР • АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕР • АТМОСФЕРАНЫҢ ӨЗГЕРУІ
2
• Озон қабатындағы тесіктер неден пайда болған?
Озон
қабаты полярлық аймақтарда, әсіресе Антарктикада өте жұқа болып
келеді және бұл “тесік” қыста үлкейеді. Хлорфторкөміртек
секілді жасанды
газдар озон молекулаларын бұзу арқылы озон қабатын зақымдайды. Бұл
озон тесіктерінің ұлғаюына алып келеді. ХФК 20 ғасырда көп мөлшерде
өндірілген және олар өте пайдалы. Олар
аэрозоль спрейлерін жасауда,
тоңазытқыштар мен кондиционерлерді іске қосуда,
пенопласт өндірісінде
және кейбір еріткіш тазалаушы сұйықтықтарда қолданылады. Антарктика
үстіндегі озон тесігін 1985 жылы ағылшын
ғалымдары Джозеф Фарман,
Брайан Гардинер және Джонатан Шанклин анықтаған. Аустралия секілді
елдерде халықты УК сәулелерден қорғау шаралары жүргізілген.
Достарыңызбен бөлісу: