Атмосфераның
өзгеруі
ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР • АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕР • АТМОСФЕРАНЫҢ ӨЗГЕРУІ
1
1-бөлім: Озон қабаты
• Озон қабаты дегеніміз не?
ДИАГРАММА 01:
Озон – элементтің өзара байланысқан үш атомынан
тұратын оттегінің ерекше формасы.
Егер біз онымен
тікелей дем алсақ, ол біз үшін улы, ал
егер ол Жер
бетіне жақын орналасса, ластаушы болып табылады.
Озон қабаты – атмосфераның озонға (табиғи газ) бай
бөлігі. Оның қалыңдығы 20 км
және стратосферада
орналасқан. Стратосфера Жер бетінен 10-50 км
биіктікте орналасқан. Озон қабаты УК-B ретінде
танымал зиянды, әрі жоғары жиіліктегі ультракүлгін
сәулелердің 97-99% жұтады.
Озон атмосферадағы
газдың аз мөлшерін құрағанымен,
адамдарды және
басқа да тіршілікті УК-B сәулелерден қорғап,
өмірлік
маңызы бар рөл атқарады. УК-B сәулелердің әсері
адамдарда
тері ісігі ауруын туғызады, ал ауыл
шаруашылығында
дақылдарды зақымдайды және
мұхит экожүйесінде фитопланктондар санын азайтады.