2-бөлім: Озон неден жасалған? • Парниктік әсер дегеніміз не?
ДИАГРАММА 02: Жердегі тіршілік “парниктік әсер” ретінде танымал
табиғи процеске тәуелді. Жер атмосферасындағы
кейбір газдар “парник” немесе “жабын” ретінде жұмыс
істейді, олар болмағанда Жер бетінің темперарурасы
қазіргіден 33°C-қа суығырақ болатын еді,сондықтан
парниктік газдар жылуды ұстап тұрады. Дегенмен
бұл жай құбылыс емес. Күн энергиясы Жермен
жұтылады да, атмосфераға қайта шағылады. Оның
толқын ұзындығы оңай жұтылатындай болып өзгереді
(бастапқыдағысымен салыстырғанда). Парниктік газдар
фильтр секілді жұмыс істейді, энергияны жұтқаннан
кейін оны қайта ғарышқа жібермеуге тырысады.
Қосымша сұрақ С9. Неліктен Күн энергиясы Жерге түскен кезден
гөрі шағылған кезде оңай жұтылады?
Күн өте ыстық (шамамен 5500°C) және одан
келетін энергияның толқын ұзындығы Жердің
жылы бетінен (мысалға 15°C) шағылған
сәулелердің толқын ұзындығына қарағанда
әлдеқайда қысқа. Бұл ұзын толқындар парниктік
газдармен оңай жұтылатын инфрақызыл сәулелер
болып табылады.
• Парниктік газ дегеніміз не?
Азот және оттегі атмосфераның 99%-ын құрайды; бірақ бұлардың парниктік
әсерге еш қатысы жоқ. Парниктік әсер су буы, көмірқышқыл газы және метан
секілді табиғи газдардың әсерінен пайда болады. Озон, азот қышқылы және ХФК
секілді жасанды газдар да парниктік газдарға жатады, бірақ олардың салдары өте
күрделі және толық зерттелмеген. Атмосферадағы көмірқышқыл газының деңгейі
климаттың тарихи өзгерістеріне байланысты (мұз басу дәуірінде көмірқышқыл
газының деңгейі төмен болған, ал жылы мұзаралық дәуірде жоғары болған).