• Ұсынылатынфильмдер - Жанартаулар: Кенже дамыған елдердің қарсы әрекеттері - Жанартаулар: Дамыған елдердің қарсы әрекеттері Ньирагонго тауындағы атқылаудың салдарынан
туындаған жағдай жанартау атқылауының әсерлерін
азайтуда коммуникация жүйесінің қаншалықты маңызды
екенін көрсетті. АҚШ, Жапония сияқты дамыған елдерде
халыққа ертерек хабарлау мен дабылдардың қағылуы
арқасында зардап көлемі мен халықтың абыржушылығын
азайтады. 1980 жылы Вашингтон штатындағы ғалымдар
Сент-Хеленс тауындағы жағдайды бақылап, бір апта
бұрын атқылаудың болатындығын анықтаған болатын.
Нәтижесінде 2000 адам қауіпті ауданнан көшірілді.
Штат губернаторы төтенше жағдайларды хабарлау үшін
телевизиялық жүйені қолданды және АҚШ Конгресі
атқылаудың қысқа және ұзақ мерзімдік салдарларымен
күресу үшін миллиард доллардан тұратын көмек қорын
іске қосты.
Қосымша сұрақ С4. Жанартаудың атқылауын болжауға болады ма?
Жанартаудың атқылауын болжауға болады, алайда оның дәл қашан атқылайтынын анықтау қиынға соғады.
Жанартаулардың сейсмикалық белсенділігіне (жер сілкінісі мен дүмпулер), жанартау газдарының шығуы мен
жанартау бетіндегі өзгерістерге байланысты мониторинг жүргізу арқылы болжам жасалынады, мұның барлығы
жанартау атқылауының алдында болады. Бұл дабыл қағушы белгілер магма ошағындағы қысымның жер
бетіне қарай көтерілуі салдарынан туындайды.