Жер туралы ғылымдар • геология • жер қҰрылымы 1 1-бөлім: Жер қойнауы



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата11.12.2021
өлшемі0,97 Mb.
#99107
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
kktwig-zher-rylymy
Суммативное оценивание за 1 четверть по русскому языку и литерат
Жер ядросытемір мен никельден

тұратын тығыз шар


ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР • ГЕОЛОГИЯ • ЖЕР ҚҰРЫЛЫМЫ

3

Қосымша сұрақтар

С3. Шөгінді жыныстар дегеніміз не?

Шөгінді жыныстар өзен, теңіз және мұхит түбіне минералды және органикалық заттар жиналғанда түзіледі. 

Шөгінділер магмалық және метаморфты тау жыныстарының үгітілуі мен эрозиясынан және өсімдіктер мен 

жануарлардың қалдықтарынан пайда болады. Уақыт өте келе шөгінді қабаттар көбейеді және қысым төменгі 

қабаттарды тығыздайды да, құмтас, әктас және бор секілді тау жыныстары түзіледі.

С4. Граниттік жыныстар дегеніміз не?

Граниттік жыныстар – құрлықтық жер қыртысында ең көп кездесетін тау жыныстары. Граниттер – интрузивті 

магмалық жыныстар, яғни оларды құрайтын магма Жер қойнауында кристалданады. Граниттер, әдетте ірі 

түйіршікті болады және көп мөлшерде кварцтан тұрады.

С5. Базальттық жыныстар дегеніміз не?

Базальттық жыныстар, әдетте орта-мұхит жоталарында магмалық жыныстардың атқылауынан пайда болады. 

Базальт – экструзивті магмалық жыныс, әдетте майда түйіршікті және қара сұр немесе қара түсті болады. 

Анықтамасы бойынша, базальттық жыныстар аз мөлшерде кварцтан тұрады.

• Жер қыртысы неден тұрады?

Жер қыртысы – Жердің ең сыртқы және ең жұқа қабаты, оның қалыңдығы орналасуына байланысты 5-70 км 

аралығында болады. Жер қыртысы құрлықтар пен мұхиттарда әртүрлі болады. Құрлықтық жер қыртысының 

тығыздығы азырақ, әдетте қалыңырақ және жасы үлкен (көне) болады, сонымен қатар құрлықтық дрейфтің әсерінен 

кейбір жерлерде бұрмаланады. Ал мұхиттық жер қыртысы темірге бай, сондықтан тығыз болады. Сонымен қатар, 

ол едәуір жұқа, көбінесе деформацияға ұшырамаған және құрлықтық жер қыртысына қарағанда жас болады. 

Жер қыртысының ең жас бөлігі тақталар бір-бірінен алшақтайтын орта-мұхит жоталарында орналасқан. Кейбір 

құрлықтар мұхит астына еніп жатады, ол құрлықтық қайраң деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет