• Ұсынылатын фильм
- Жердің ядросы қаншалықты ыстық?
• Ұсынылатын фильм
- Тақталар тектоникасы
• Ұсынылатын жаттығу
- Оқушылардан сұраңыз: Жердің қазір сіз тұрған жағына қарама-қарсы жағында не орналасқан? Жерге тік туннель
орнатылса не болатыны жайлы сізге зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін бірнеше сайттар бар.
Қосымша сұрақтар
С1. Метеорит дегеніміз не?
Метеориттер – Жерге ғарыштан құлап түскен және Жер бетімен әсерлескенде аман қалған тау жынысының
немесе металдың сынықтары. Метеориттер астероид немесе ғаламшар секілді үлкен аспан денелерінен
түседі және Күн жүйесі туралы бағалы ақпарат беруі мүмкін. Сондай-ақ, Жер қойнауы жайлы да аздаған
мәлімет беруі мүмкін. Метеориттердің көбісі орнын оңай анықтауға болатын полярлық аймақтардан табылады.
С2. Магмалық жыныстар қалай пайда болады?
Магмалық жыныстар Жердің терең қойнауындағы бұрынғы тау жыныстары балқығанда пайда болады.
Балқыған магмалық жыныстар Жер бетіне қарай қозғалады немесе жанартаудан лава күйінде атқылап
шығады. Магмалық жыныстар жанартаудың белсенділігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |