Биосфера — Жер бетіндегі тіршілік кабаты болып саналады. Ол гидросфера қабатын түгелімен, атмосфераның төменгі бөлігін және жер қыртысыньщ жоғарғы бөліктерін қамтиды.
Биосфераны құрайтын тірі дүниенің жалпы массасы 1014—1016 т-ға дейін жетеді. Орга никалық заттардың негізгі массасы көк-жасыл өсімдіктер бойында жиналран. Олар Күн сәулесін жұту арқылы, өз организмінің күрделі мүшелерін құрайды. Бұл процесс (фотосинтез) атмосфераны және жалпы биосфераны от-тегімен қамтамасыз етеді. Химиялық көзқарас бойынша, фотосинтез (қайта құру) тотығу реакциясы (СО2 + Н2О->—э-СН2О + С>2) нәтижесінде жүріп жатады: көмір қышқылы мен су қосылысы кезінде органикалық заттар түзіліп, оттегі жеке бөлініп шығады. Тірі организмнің өлімі кезінде фотосинтезге қарама-карсы процесс орга-никалық заттың тотығуы байқалып, бұзылу немесе ыдырау заттары құралады. Бұл процесс Жер шарында фотосинтезбен тепе-теңдік жағдайда жүріп жатады. Сондықтан Жер бетіндегі биомассаның. жалпы мөлшері тұрақты болып келеді.
Гидросфераның газды кұрамының, атмосфераның және жер қыртысында кездесетін химиялық элементтердің құралып жиналуына әсер ететін орасан зор күш ор ганикалық заттар екендігін дұрыс түсініп, алғаш рет өз-еңбектерінде көрсете білген академик В. И. Вернадский болды. Ол жер қыртысының және биосфераның қалыптасуында органикалық дүниенің атқаратын ролін зерттеуге негізделген геологиялық жаңа ғылым бағытының, яғни биогеохимияның іргетасын (фундаментін) қалады. Тірі организмнің негізгі құрамы — көміртегі, оттегі, сутегі және азот, аз мөлшерде күкірт, калий, фосфор, иод, марганец, мырыш — барлығын қосып есептегенде 70-ке жуық химиялық элементтерден тұрады.
Микроорганизмдер мен өсімдіктер қоршаған ортадан химиялық элементтер мен әр түрлі тұздарды өз бойларына сіңіре отырып темір, күкірт, фосфор секілді пайдалы қазбалардың құралып, бір жерге жиналуына әсер етеді. Өсімдіктер дүниесінің шірінді калдық-тарынан көмір мен торф қабаттары құралады, ал жануарлар мен
жәндіктер дүниесінің калдықтары өсімдіктер қалдықтарына қосылып, бірге кездесетін жағдайларда табиғи газдар мен мұнай қабаттары пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |